V БӨЛІМ. Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
(негізін қалаған профессор Б. Кен-
жебаев). Бұл мектеп бойынша басы
Х. Сүйіншәлиев болып, Қ. Сыды-
қов, М. Мағауин, М. Жолдасбеков,
А. Қыраубаева секілді ғалымдар ал-
пысыншы жылдарға дейін Бұқар
жыраудан басталып келген қазақ
әде биетінің тарихын мың жылға
әрі жылжытып, VІІІ ғасырдан бас-
тау алғызды» деп жазады [93, 314].
Б. Кенжебаевтың өз тұсында кері-
тарт па көзқарастағы кейбір тұстас-
тарымен айтыса-тартыса жүріп қа -
лыптастырған осы ғылыми мек тебі
шын мәнінде де ұлттық әде биет та-
нуда іргелі салаға айналып отыр. Ол
егемендік алғаннан кейінде А. Егеу-
баев,Т. Еңсегенов, М. Иманғазиев,
Қ. Сейітжанов және тағы басқалар-
дың зерттеулерімен толықты. Ұлт-
тық әдебиеттің арғы бастауларын
анықтауда және сол кезеңдегі әдеби-
мәдени байланыс тар мәселесінде
жаңашыл толымды бастамалар жаса-
ды. Енді оның жекелеген және ішкі
проблемаларын ғылыми зерделеу мә-
селелері қолға алынып жатыр.
Негізінен әдебиет тарихының
белгілі бір кезеңін санаулы адамдар
ғана жасамайтыны – тарихи шындық.
Үлкенді-кішілі әр дарын қадір-ха-
лінше қызмет етеді. Сол арқылы өз
кезеңіндегі әдеби да му дың көркемдік
процесіне, әр жанр дың өсуі мен ке-
мелденуіне үлес қосады. Ғылыми
зерттеулерде олардың барлығы қам-
тылғанда ғана сол дәуір әдебиетінің
барлық бол мыс-бітімі ашылады. Бұл
тұрғы сынан келгенде, Сәкен, Ілияс,
Бе йім бет мұраларының алды кітап
болып шығып, шығармашылығы
зерт теу нысанасына нақты алына
бас таған 50-жылдардың ортасын-
да ғылыми-зерттеушілік ой-пікір
сол кезең әдебиетін жан-жақты
тек се руге ұмтылыс жасап бақты.
Міне, осы мақсатта, яғни 1920-1930
жылдардағы қазақ әдебиеті тари хын
ғылыми тұрғыда сөз етуге тұрар-
лық барлық өкілдерін қамти оты рып
жүйелі тексеру деген жаңаша ба-
ғытта ой қозғаған Б.Кенжебаевтың
«Өтелмеген парыз» мақаласы (1957,
25 қаңтар) кеңестік идеологияның
саяси айып таққан ауыр соққысы-
ның астында қалды. Оны жарияла-
ған «Қазақ әдебиеті» газеті жазалан-
ды. Шындығында мақалада совет
өкіметінің ірге тасын қозғайтындай
ешқандай саяси немесе ұлтшылдық
пікір жоқ еді. Тіпті 1937 жылғы «ха-
лық жаулары, ұлтшыл-фашист» атан-
ғандардың бірде-бірінің аты-жөні де
аталмаған. Керісінше, осы кезеңдегі
кеңестік идеология талаптарына сай
шығармалар жазып, қудалауға ілік-
пей, өз ажалынан өлген, яки соғыста
оққа ұшқан Ш. Иманбаева, Е. Бекенов,
А. Сегізбаев, С. Ерубаев, Б. Бұлқы шев,
А. Жұмағалиев, Р. Малабаев секіл-
ді ақын-жазушылар шығармашылы-
ғын зерттеу, қалдырған мұрасын жа-
риялау, әдебиет тарихында алатын
орнын белгілеу секілді дәуір талап
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У