ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
кейін шыққан барлық оқулық хре-
стоматияларда орын алды. Солардың
бірі – Сәкен Сейфуллин мен Ө. Тұр-
манжановтың «Көркем әдебиет» ат-
ты оқулық-хрестоматиясы. Үлкен
үш бөлімнен тұратын бұл оқулық-
хрестоматиясының «Кеңес жазушы-
лары» атты тарауында қазақ кеңес
әдебиетінің ақын-жазушыларымен
таныстыру негізгі мақсат болған.
Б. Май лин, С. Сейфуллин, С. Мұ-
қанов, І. Жансүгіров, Ғ. Мүсіре пов-
тердің өмірбаяны мен әдебиетке
келу жолы көбіне ҚазАПП-тың құ-
рылғанына алты жыл толуына байла-
нысты «Жаңа әдебиет» журналында
1931 жылы жарияланған анкета-жа-
уаптан үзінділер келтіре отырып то-
лық баяндалса, Ж. Сыздықов, А. Тоқ -
мағамбетов, Ө. Тұрманжанов, Қ. Әбді -
қадыров, Т. Жароковтар туралы қыс-
қаша ғана мәлімет берілген. Осы ақын-
жазушылардың ең үздік деген көр-
кем туындылары келтіріліп, соңынан
әр автордың жырлаған тақыры бы,
ай татын ойы, көркемдігі мен тілі
жөнінде шағын әдеби-теориялық тал-
дау түріндегі түсіндірмелер жасалған.
Сонымен қатар, оқушыларға ұғым дар
қалыптастыру мақсатында әңгіме,
повесть, поэма, өлең, оның ұйқа сы,
тармағы, буын, ырғақ жайында әде-
би-теориялық түсінік беріп отыр-
ған. Мысалы, Т. Жароковтың «Бес
жылдықтың балғасы» деген өлеңін
талдай келіп: «Өлеңнің, жырдың
ырғақ, жүйе, буын, ұйқас шумағы
неше түрлі болады. Қара сөзден өлең-
нің айырмасы – өлеңде белгілі ұйқас,
ырғақ, шумақ болады. Қара сөзде ол
болмайды, болуы шарт емес», – деп
мектеп шәкірттерінің ұғымына ла-
йық анықтама береді. Сөйтіп, ең-
бектің оқулық-хрестоматиялық си-
патын айқындай түскен. Ғылыми-
зерттеушілік сипаттағы ой-пікір
анық көрінбегенмен, бұл ақын-жа-
зу шылар туралы айтылған алғашқы
тұжырымдардың таныстыру мақса-
тындағы мәні мен қазақ кеңес
әдебиетінің өсу жолын көрсетудегі
жаңашылдығын жоққа шығаруға
бол майды. Авторлар «Кеңес Ода-
ғын дағы көршілес елдердің жа зушы-
ақын дары» атты тарауда М. Горь кий,
И. Крылов, Ә. Лагути, Ғ. Ғұлам,
А. Тоқамбайұлын сөз еткенде де
жо ғарыдағыдай жүйені ұстанған.
Ғылыми-зерттеушілік сипат «ХІХ ға-
сырдың ақырындағы, ХХ ғасырдың
басындағы қазақ ақындары» деп атал-
ған тарауда қарастырылған ақын дар
туралы талдауларда анық көрінеді.
Хрестоматияда осы дәуірдегі әде-
биет өкілдерін таныстырардан бұ рын
«Классик жазушылардың мәні» де ген
атпен қысқаша шолу беріледі. Онда
әдеби мұраны түсінуде маркстік-
лениндік көзқараста қарау қажет-
тілігі түсіндіріле келіп, бұрынғы
әдебиетті қалай оқып, білу керектігі
мен таптық тұрғыда бағалау атап
көрсетіледі. Авторлардың Абай мен
Сұлтанмахмұтқа қоса О. Қарашевты
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У