Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет188/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
сияқты жанрларына да тоқталған. 
Негізгі мақсат фольклордың таптық 
сипатын ашу болған. «Бұрынғы ақ 
сүйек, байлар табының ауыз әдебиеті 
бар. Бұқараның ауыз әдебиеті, оның 
ішінде малшы-жалшылардың шы-
ғарған, қара шаруаның шығарған 
ауыз әдебиеті бар. ...осы мұраны Ле-
нинше ұғып, пайдамызға асыру біз-
дің әдебиетіміздің, әдебиетшілеріміз-
дің міндеті», – деп ғылыми-зерттеу-
шілік ой-пікір алдына әдебиеттің 
тап тығы принципіне сай жаңа бағыт 
ұсы нады [53, 200]. Негізінен алғанда, 
ав торлар өткен дәуір әдебиеті неме-
се совет тұсындағы әдебиет өкілде-
рін тексергенде, қазақ әдебиет-
тану ғылымында маркстік-лениндік 
әдіснаманың әдебиеттің таптығы 
принципін басты назарда ұстағанын 
анық байқаймыз. С. Сейфуллин мен 
Ө. Тұрманжановтың бұл оқулық-
хрестоматиясы отызыншы жылдар-
да қазақ әдебиеттану ғылымының 
жетілуіне өзіндік ерекшеліктерімен 
үлес қосқан еңбек болды. Әдебиет 
тарихында елеулі еңбек сіңірген да-
рындардың творчестволық жолын 
дәуір шындығы деңгейінде бар қай-
шылығы, жетістігі, көркемдігі тұр-
ғысынан бағалауда мәнді үлгі көр-
сетті.
Қазақ әдебиетінің хрестома тия сы-
ның, оқулық-хрестоматия сының жә-
не оқулығының әдебиеттану ғылы-
мының туғызудағы рөлін әңгімелеген 
уақытта әр оқу құралының шыққан 
мерзімін ескергендегі басты мақса-
тымыз, әдебиет тарихының зерттелуі 
мен дәуірге бөлу процесінің қандай 
қиындықпен, қандай жолмен жүр-
генін анықтау еді. Отызыншы жыл-
дардың алғашқы жартысында ха-
лық фольклоры мен ХVІІІ-XІX ға-
сырлардағы қазақ әдебиеті тарихы 
кейде даралана, кейде қосарлана 
баяндалып, ал ХХ ғасыр басындағы 
әдебиеттің кескін-келбеті, ағым-ба-
ғыттары, маркстік-лениндік әдіс-
нама принциптері белсене араласқан 
күннің өзінде де әлі толық дұрыс 
ғылыми шешім таба қоймағаны, 
жоғарыда біз сөз еткен оқу құралдары 
мен оқулық хрестоматиядан анық 
байқалады.
1930 жылдардың екінші жар-
тысына қарай оқулықтардан көрі 
хрестоматиялық сипаты басым оқу 
құралдарын шығару тенденциясы 
орын алды. 1936 жылы С. Әлімбаев, 
Ә. Қоңыратбаевтың 3 класс үшін, 
1937-1938 жылдары М. Әуезовтің 
VІ класс үшін, Үсеновтің ІХ класс 
үшін, М. Жанғалин мен С. Ерубаевтың 
Х класс үшін, Ә. Тәжібаевтың V класс
үшін, Д. Әбіловтің VІІ класс үшін, 
С. Мұқанов пен Х. Бек хожиннің VІІІ, 
Х кластар үшін, Е. Ысмайыловтың 
ІХ класс үшін әдебиет хрестоматия-
лары шығып, мектептерді оқу-құ-
рал дарымен қамтамасыз етуді талап 
ет кен дәуір тілегінің қажетіне жара-
ды. Бәрін сөз ету мүмкін болмаған-
дық тан бір-екеуіне қысқаша тоқтала 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


206


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет