ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
әдебиеті» оқулығында қазақ әде биеті
тарихының Бұқар жыраудан ғана бас-
талатынын тұжырымдай айтуына
мүм кіндік туғызды. Әдебиет туған-
мен де, дәуірге бөлу проблемасы ның
осылайша қарама-қайшы көзқарас-
тар деңгейінде шешілуінің кері әсері
болмай қалмады. Қ. Жұмалиевтің
дәуірлеген жүйесі кейін концепцияға
айналып көп жылдар бойы ұлттық
әдебиетіміздің арғы бастауларын
зерттеуге тұсау салғаны белгілі.
1940 жылдарда ең құрығанда баста-
ма дәрежесінде болса да ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің нысанасы-
на айналу мүмкінділігіне ие бола
алмаған ХV-ХVІІІ ғасыр әдебиетін
зерттеу, «тұрпайы социологизм» да-
уылы қайта көтерілген 1950 жылда-
ры тіптен де мүмкін болмай қалды.
Солай бола тұрған күннің өзінде,
1940-1950 жылдар арасында әдебиет
тарихын дәуірлеу мәселесін нақты
сөз ете бастаған ғылыми-зерттеушілік
ой-пікір, оқу құралдарында әр ғасыр
әдебиетіне сай хронологиялық жүйе-
де топтастырылған ақын-жазушылар
мұрасын жан-жақты тексеру міндетін
алға тартты. Әдебиет тарихын зерт-
теу мен дәуірлеу мәселесінде оқулық-
тар жолбасшылық роль атқарды дей
тұрғанымызбен, әр дәуір әдебиетіне
сай қарастырылған ақын-жазушылар
шығармашылығын монографиялық
сипатта зерттеуге сай бағыт-бағдар
ғылыми мақалалар мен зерттеулер-
де жүзеге асты. Мысалы, төңкеріске
дейінгі әдебиеттен Махамбет, Шо-
қан, Ыбырай, Абай, Сұлтанмах мұт
шығармашылықтарын
жан-жақты
тек серуге деген ұмтылыс анық көрі-
ніс тапты. Олардың шығармала рын
жинау, жариялау, кітап етіп басты рып
шығару жұмыстары да қызу қолға
алынды.
Сыншылдық және ғылыми ой-
пікірдің өріс алар өзегі болып келген
Абай мұрасына жаңаша көзқараста
қарау – зерттеу жұмыстарын күр-
делендіре, тереңдете түсті. Ол ұлы
Абайдың туғанына 95 жыл то-
луына байланысты 1940 жылы шы-
ғармаларының екі томдық толық
жинағының шығуы мен баспасөз
бетінде танымдық мәні зор көптеген
ғылыми мақалалардың жарияла-
нуынан басталды да, іле-шала 100
жыл дық мерей тойына дайындық
жұмыстары қызу қолға алынды.
Тіл-әдебиет институты Абай өмірі
мен шығармашылығын зерттеу жө-
нінде 1943 жылы М. Әуезов тің
бас тауымен, 1944 жылы Е. Ыс ма-
йы ловтың жетекшілігімен екі бір-
дей ғылыми экспедиция ұйым дас-
тырылды. Жинақталған жаңа де-
ректер мен материалдар ақынның
ғылыми өмірбаянының толықты-
рылған үшінші нұсқасының жазы-
луына негіз болса, жаңадан та былған
шығармалары 1945 жылғы ака-
демиялық жинақтың толық мәнде
жарық көруіне көп көмегін тигізді.
Ұлы ақын мерейтойының бүкіл
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У