Соңы.Рефлексия. 5 минут. Кері байланыс. Әр топ өз қалауынша жасайды.
Пайдаланатын дереккөздер: 1. Тасмағамбетова. З.Ж. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы: оқу-әдістемелік құрал/
Қостанай, 2016. - 101 б.
2. Ы.Алтынсарин. Елтұтқа.-Астана: Күлтегін, 2001.-226-228-б.
3. Бекбосынов М.Н. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. - Семей, 2008.- 114 б.
4. Рысбекова Г.Е. XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанда Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметінің дамуы. - Алматы. 2001.
5.Ыбырай Алтынсарин тағылымы: Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер // Құраст. М. Жармұхамедов. – Алматы: Жазушы, 1991. – 384 б.
6. Б. Әбілқасымов. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі. - Алматы : Ғылым, 1982.
7. Оспанұлы С. Алтынсариннің айналасындағы адамдар. Қостанай: «Шапақ», 2006 ж. 8-15 бет.
8. Сарбаева А.М. «Қазақ мәдениетінің ұлы қайраткерлері. IX-XIX ғасырлар. Ғұлама тағылымы»: Оқу – әдістемелік құрал. Көкшетау: «Келешек 2030», 2011ж. 144-161бет.
9. Алтынсарин Ы. Этнографиялық очерктер және ауыз әдебиет үлгілері. - Астана: Алтын кітап, 2007. - 164 б.
10. Ы.Алтынсарин. Қазақ әдебиеті: Алматы: Ғылым, 1979.-110-129 бет.
11.Интернет дереккөздер.
Негізгі сұрақтар және әдістемелік нұсқаулар: 1. Шоқанның қазақ ақындары өнері, Абылайхан және қазақ батырларына арналған тарихи жырлар туралы жазғандарына хронологиялық кесте жасау, танымдық жағына тұжырымдар жасау. «Абылай», «Абылаймен оның батырлары туралы аңыз», «Көкетай ханның өлімі», «Қазақ халық поэзиясының түрлері» зерттеу еңбегі, «18-ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар» еңбегі. (1-топ). 7 минут.
2. Шоқанның қырғыз тарихына және фольклорына байланысты жазғандары, зерттеулеріне талдау. «Едіге мен Тоқтамыс туралы аңыз», «Манас» жыры, «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қырғыздар туралы жазбалар». (2-топ) 7 минут.
3. Ғылыми очерктері мен күнделіктеріндегі жазушылық-публицистік, суреткерлік шеберлік белгілері. Діни наным-сенімдер және салт-дәстүрлер туралы еңбектері, Ш.Уәлиханұлының Қытай жеріндегі зерттеулері. «Жоңғария очерктері», «Даладағы мұсылмандық», «Қазақтағы шаман дінінің қалдықтары». 7 минут. (3-топ).
4. Шоқан Уәлиханұлы және қазақ қоғамы. Шоқан Уәлиханұлының өмірдеректері. Шоқанның хаттары, ондағы демократиялық, ағартушылық көзқарастарына шолу жасау. «Сібір тарихтан хаттар». Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері. Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры. (4-топ), 7 минут.
5.Шоқан – алғашқы қазақ деректанушысы. Шоқан Уәлиханұлының қазақ тарихы мен әдебиетіне, фольклор мен этнографиясына зерттеуші, ағартушы ретінде қосқан үлесін, ағартушылық, демократтық көзқарасын талдау, әдеби сараптама жасау. (Ұйымдастырушы топ) Слайд (заманауи форматта) (5-топ). 10 минут.