Хіх ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы



Pdf көрінісі
бет3/18
Дата07.04.2023
өлшемі173,83 Kb.
#80293
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Барлығы:
30
1
5
90
4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны 
1-тақырып Кіріспе
ХІХ ғасырдағы тарихи әлеуметтік-экономикалық
жағдай. Орыс отаршылдығының жаңа, батыл бетбұрыс іс-
қимылы. 1822 жылғы әкімшілік билеу жүйесіне енгізілген
өзгеріс. Хандық биліктің жойылуы.
Исатай-Махамбет (1836-1838) бастаған ұлт- азаттық
көтеріліс. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық
қозғалысы (1836-1847) . Хиуа,Қоқан хандығы езгісіне қарсы
бас көтерулер. Жанқожа батыр көтерілісі(1856-1857). 1868
жылғы «Жаңа низам».Қазақ даласының «Соғыс отарынан»
«жер отарына» айналуы. Қазақстанның рухани-мәдени
тіршілігіндегі жағдайлар. Қазақ даласын, қазақтың тұрмыс-
тіршілік, мінез-құлқын патша үкіметі тарапынан мақсатты
түрде зерттеулерге кірісу. Миссионерлік саясат. Жалпы
ағарту ісінің, орыс оқуының жандануы. Қазақ халқының
әдебиеті, тілі, мәдениеті, тұрмыс тіршілігі, әдет-ғұрып, салт-
дәстүрі Батыс Европа, орыс ғалымдары тарапынан зерттеле
бастағаны. Қазақ тілінде баспасөздің пайда болуы, кітап
басып шығару. ХІХ ғасыр әдебиетінің даму барысындағы
күрделі өзгерістер, жаңа беталыс, бағыттар. Көркемдік
ерекшеліктер. Әдебиеттің мазмұн, түр жағынан сан сапада,
сан жанрда көрінуі.
ХІХ ғасыр әдебиетінің саяси-әлеуметтік, көркемдік
негіздері. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі негізгі сарындар, саяси
бағыттар мен әдеби-көркемдік ағымдар.


ХІХ ғасырдағы әдебиет үлгілерінің сақталуы, басылым
жайы. Қазақ әдебиеті тарихында бұл дәуір әдебиетінің
зерттелуі, бағаланып, ғылыми жүйеге түсуі.
Әдебиет тарихында ХІХ ғасыр шығармашылығын хатқа
түсіріп, жүйелеп, тұжырымдаудағы Ш.Уәлиханов,
Ы.Алтынсарин,Г.Потанин, Ильминский,В.Радлов, Ю. Лютшь,
Ә.Диваев, М. Көпеев, Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов,
С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов,
Қ.Жұмалиев,
Ы.Дүйсенбаев,
Б.Кенжебаев,
Х.
Сүйіншәлиев,С.Қирабаев,
Р.Бердібаев,
Қ,Сәтбаев,
Ә.Дербісалин, М.Мырзахметов,М.Мағауин, С.Дәуітов, т.б.
ғалымдар еңбектері.
ХІХ ғасыр әдебиетін әдебиеттану ғылымында
бағалаудағы көркемдік-теориялық тұжырымдар. ХІХ ғасыр
әдебиеттің түрлі атаулармен айғақтаумен бұл әдебиеттің
әдеби үлгісі, көркемдік негіздерінен гөрі мазмұндық, саяси
мән жағынан берілген жалпы бағаның басым болғаны.
Кертартпа романтикалық, сыншыл реалистік, т.б. атаулар
әдебиет ерекшелігіне қатысты болғанымен, көркемдік-
теориялық негіздерден гөрі сырт саясатқа орай
айғақталғандығы. Әдебиеттану ғылымында шынды емес,
«шын» дегенді айтуға мәжбүр болған кезеңдер. Түрлі саяси
қаулы-қарарлардың көркем әдебиетке, әдеби мұраны
бағалауға тигізген әсер-ықпалы.
ХІХ ғасырдағы әдебиеттің өзіне шейінгі жасап келген
әдебиетпен сабақтастығы, ерекшелік, айырмашылығы.
Алғашқы жазба әдебиет үлгілерінің мұсылманша оқыған
сауатты ақындардың діни, ғибраттық өлеңдері арқылы
көрінуі.
ХІХ ғасырдың соңына қарай шыққан қазақ тіліндегі
баспасөз. «Түркістан уәлаятының газеті», «Дала уәлаятының
газеті» бетінде әдебиет материалдары, оларға қатысты
алғашқы пікір, сыни ойлардың жариялануы. 
ХІХ ғасырдың соңын ала Қазан, Петерборда өлең кітап,
жеке жинақтардың басылып шығуы. Дулаттың
«Өсиетнамасы», Шортанбайдың «Бала зары», түрлі қиссалар.
Әдебиеттің ішкі ісінде , көркемдік шеңберлерінде
байқалған жаңару, өзгеріс, даму тенденциялары. Қазақ
өлеңінің жаңа түрлері. Дулат әкелген өлеңдегі өзгерістің
Абаймен жалғастығы.Жаңа жанрлардың тууы. Европалық
мәндегі жаңа жазба әдебиеттің қалыптасуы. Мысал, сықақ,
сатираның жандануы. Поэманың тууы. Лириканың толысуы.
Сал-серілер өнерінің шарықтауы. Айтыс мәнінің ,
мазмұнының тереңдеуі. Прозаның алғашқы нысандары.


Әдеби сын. Публицистика. Көркем аударма. Тарихи жырдың
тууы.
Зар заман ақындары – қазақ жазба әдебиетінің басы.
Бұл туралы М.Әуезов, Х.Досмұхамедұлы, С.Мұқанов
тұжырымдары.
Қазақ қоғамындағы түрлі саяси күйдің әдебиетке жаңа
сарындар, әлеуметшілік, азаматтық бағыт әкелгендігі.
М.Әуезовтің ХІХ ғасыр әдебиетін тұтастай зар заман
әдебиеті атауы. С.Мұқанов ХІХ ғасыр әдебиеті тарихын:
1) ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы ұлт
бостандығын жырлайтын әдебиет;
2) ХІХ ғасырдың 50-70 жылдарында «Зар заман»
әдебиеті;
3) ХІХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап
просветительдің (мәдениетке үндеуші) әдебиет деп
жүйеленуі.
ХІХ ғасыр әдебиетінің жанрлық, көркемдік негіздер
жөнімен зерттелуі. Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Т. Потанин, т.б.
шығыстанушы зерттеушілер қазақ әдебиеті туралы.
М.Әуезов,А.Байтұрсынов,
Х.Досмұхамедұлы,Ә.Бөкейханов, т.б. қазақ әдебиеті тарихын
жасауды қолға алуы. Әдебиеттің түрі мен тегіне байланысты
жанрлық классификация жасауы. Қазақ әдебиеті тарихының,
қазақ әдебиеті теориясының алғашқы оқулықтары. Олардың
құрылым, ғылыми жүйесі. С.Сейфуллин, С.Мұқанов,
Ә.Қоңыратбаев, т.б. ғалымдардың әдебиеттің тарихы,
әдебиет теориясына қатысты еңбектері.
ХІХ ғасыр әдебиетінің ХІХ ғасырдың І жартысындағы , ІІ
жартысындағы әдебиет болып бөлінуі, түрлі ағым-
бағыттардың, әдеби әдіс-тәсілдердің сол тұстағы айқындалу
жөндері.Әдеби мұраны бағалау жайлы 1957 жылғы қаулы.
Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесіндегі екі түрлі
концепция. Алпысыншы жылдар әдебиеттану ғылымындағы
күрделі зерттеулер.Жаңа тенденциялар. Әдеби мұраның
басылым ісінің жандануы. Жетпісінші, сексенінші,
тоқсаныншы жылдарда әдебиет мәселелерінің кең ауқымды
зерттеулермен толығуы. Арнайы монографиялық
еңбектер.Әдебиеттанудағы ақтаңдақтарды толықтыру
жөндері. Сол орайда ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетін
зерттеуді ілгері дамытудың өзекті мәселелері.
ХІХ ғасыр әдебиетін зерттеу, ғылыми жүйелеудің қазіргі
көкейкесті жайлары. Әдеби жанрлардың саралау, көркемдік-
саяси ағым, бағыттарды қарастыра, айқындай түсу. Әдеби
мұраға көзқарасымызда уақыт әкелген оң өзгерістер.


Кезінде Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов ХІХ ғасыр
әдебиет үлгілеріне қатысты жасаған тұжырымдардың
қазірде тұтастай ғылыми айналымға түсіп, бүгінгі ғылым
жеткен өлшемдермен жалғасуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет