Хіх ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы


-тақырып ХІХ ғ. қазақ тарихы және әдебиет



Pdf көрінісі
бет4/18
Дата07.04.2023
өлшемі173,83 Kb.
#80293
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
2-тақырып ХІХ ғ. қазақ тарихы және әдебиет
ХІХ ғасыр – орыс отаршылдығының жаңа, батыл
бетбұрыстар кезеңі. Ішкі Бөкей ордасының құрылуы(1801).
1822,1868 жылдардағы реформалар. Хандық биліктің
жойылуы. Жерге мемлекеттік меншік. Исатай-Махамбет,
кенесары
Қасымұлы
бастаған
ұлт-азаттық
көтерілістер.Қоқан, Хиуа хандығы езгісіне қарсы бас
көтерулер.Жанқожа
батыр.Бекет
батырдың
жер
аударылуы.Қазақстанның Ресей империясы қармағына
тұтастай өтуі. Миссионерлік саясат. ХІХ ғасырдағы тарихи-
әлеуметтік жағдайдың әдебиетке әсері. Ел өмірінің
шындығы түскен әдеби шығармалардың тууы.Қазақ
поэзиясында қазақ қоғамы, ел тұрмысы, оқу-өнер, адамның
мінез-құлық жайларын толғау. Ауызша және жазбаша
әдебиет үлгілерінің қатар дамуы.
ХІХ ғасырдағы әдебиеттің өзіне шейінгі жасап келген
әдеби дәстүрлермен сабақтастығы. ХІХ ғасырдағы жаңа
әдебиет үлгілері.
Жаңа жазба әдебиет үлгілерінің мұсылманша оқыған
сауатты ақындардың діни, ғибраттық өлеңдері арқылы
көрінуі. ХІХ ғасырдағы нәзира дәстүрі. Әдебиеттегі діни-
ағартушылық ағым.Әдебиеттегі жаңару,өзгеріс, даму
тенденциялары.Қазақ өлеңінің жаңа түрлері.Сал-серілер
өнернамасы. Айтыс өзгерістері. Проза нысандары.Көркем
аударма. Тарихи жырлар.Қисса-дастан.Публицистика. Жаңа
жазба әдеби тілдің дамуы.Кітаби тілдің дамуы. Кітаби тілдің
қазақ тілін шұбарлауына алаңдаушылық.
Қазақ тіліндегі баспасөз.Кітап басып шығару.Ұлт
мектептерінің ашылуы.Әдебиет үлгілерін жиыстырып
жариялау.Зерттеу.
3-тақырып ХІХ ғ. дәстүрлі айтыс өнері
ХІХ ғасырдағы айтыстың дәстүрлі сипаты.Қазақ
әдебиеті тарихындағы айтыс өнерінің ауыз әдебиетіндегі
үлгілері мен ХІХ ғасырдағы ақындық айтыс өнерінің өзіндік
ерекшеліктері.


ХІХ ғасырдағы айтыстың дәстүрлі суырыпсалма
ақындық айтыс пен бірге жазба түрде де өрістеуі.Айтыстың
түрлері.Жанрлық ерекшеліктері.Әлеуметтік сипаты.ХІХ
ғасырдағы
әйгілі
айтыс
ақындары
Шөже,
Орынбай,Кемпірбай, Балта, Түбек, Сүйінбай, Нұрым,Қашаған,
т.б. айтыстарының сөз қолданыс, өлең айшығы, көркемдік
алымы.Әлеуметтік мәні.ХІХ ғасырдағы айтыс ақындарының
өзіндік мәнер-машығы, айтыстағы әдіс-тәсілі.Жазба айтыс
дәстүрінің дамуы.
ХІХ ғасыр айтыстарының жиналып зерттелу
жайы.М.Әуезов,А.Байтұрсынов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов,
М.Ғабдуллин,
Ә.Қоңыратбаев,
Р.Бердібаев,
М.Жармұхамедұлы, т.б. ғалымдардың айтысты теориялық
жағынан зерттеуі.
Айтыс өлең- ХІХ ғасыр әдебиетінің елеулі нұсқасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет