Зар заман, айтыс ақындары
76
1. «Әуелі жеңіп орыс елді алды,
Сартау, Астраханның жерін де алды.
Артынша Есілден соң Нарынды алды,
Тоғайдың ағаш, қамыс, талын да алды» -
бұл қай ақынның өлең жолдары?
A) Мұрат.
B) Махамбет.
C) Шәңгерей.
D) Сүйінбай.
E) Дулат.
2. Дулат өлеңдерін жазып алып, қолжазба
күйінде сақтаған ақсақал?
A) Бекқожа.
B) Шәкір.
C) Бәйділдә.
D) Ғаббас.
E) Жанпейіс.
3. Дулат шығармашылығынан елеулі орын
алатын ұзақ толғау, батырлар жыры
үлгісіндегі патриотттық мәні зор шығарма.
A) «Шаштараз».
B) «Кенесары».
C) «Бір патша».
D) «Еспембет».
E) «Ақтанға».
4. Дулат ақынның уәдеге берік, ұстамды
болуға үндейтін мысал стилінде жазылған
шығармасын атаңыз:
A) «Қара қарға жем тілеп».
B) «Шаштараз».
C) «Шымшық пен бөдене».
D) «Бір патша».
E) «Сары шымшық».
5. Дулаттың И.А. Крыловтың «Қарға мен
түлкі» мысалымен идеялас, мазмұндас
мысалын көрсетіңіз:
A) «Бір патша».
B) «Сары шымшық».
C) «Шымшық пен бөдене».
D) «Қара қарға жем тілеп».
E) «Шаштараз».
6. «Өсиетнама» атты өлеңдер жинағын
алғаш жинап бастырушы адам:
A) Есілұлы Мәулекей.
B) Ғаббас Байділдәұлы.
C) Үмітқұл Сейітқазиұлы.
D) Қайрамбай Дулатұлы
E) Ғаббас Мәулекейұлы.
7. «Дулат - ақын, жырау. Ол Бұқардан
кейінгі қазақтан шыққан даңқты
жыраулардың
бірі...».
Бұл
қай
зерттеушінің сөздері?
A) М. Әуезов.
B) Қ. Жұмалиев.
C) Ы. Дүйсенбаев.
D) М. Жармұхамедұлы.
E) Х. Досмұхамедов.
8. «Бір жағынан Баймағамбет сұлтанды
өлтіре сынайды, екінші жағынан, оны
мақтайды.» - Шернияз жөнінде айтқан қай
зерттеушінің сөздері?
A) Е. Ысмаилов.
B) Қ. Жұмалиев.
C) С. Мұқанов.
D) Б. Аманшин.
E) Х. Сүйіншалиев.
9. Шөженің өз өмірі туралы едәуір мәлімет
беретін өлеңі.
A) «Дүржан үйінде».
B) «Қосқұлаққа».
C) «Кім өлсе, соған түсер заман ақыр».
D) «Домбыра шыққан тыңқылдан».
E) «Бәйтік үйінде айтқаны».
10. «Жалғыз соқыр халқына тиышсыз
болса,
Құтылсаңшы мына отырған
Құнанбайдан» - бұл Шөженің қай ақынмен
айтысқанда айтқан сөзі?
A) Қыз ақын.
B) Орынбай.
C) Балта.
D) Кемпірбай.
E) Ұлбике.
11. Шөже ақынның ақындық қызметіне
алғаш талдау, зерттеу жасаған ғалым кім?
A) С. Сейфуллин.
B) Қ. Жұмалиев.
C) С. Мұқанов.
D) Х. Сүйіншалиев.
E) Ш. Уәлиханов.
12. Шөже ақын сүйсіне жырлап келген
эпостық жыр қалай аталады?
A) «Қозы Көрпеш – Баян сұлу».
B) «Қыз Жібек».
C) «Ер тарғын».
77
D) «Алпамыс».
E) «Манас».
13. «Көшіп кетер жерің жоқ, жау айбынар
ерің жоқ, қамалып қазақ сандалды», -
деген жолдардың авторы қай ақын?
A) Махамбет.
B) Шортанбай.
C) Шөже.
D) Дулат.
E) Мұрат.
14. Сүйінбай ақын шығармаларын
зерттеуші Х. Сүйіншалиев қандай
салаларға бөледі?
A) Толғаулар, арнаулар, айтыстар.
B) Термелер, арнаулар, өлеңдер.
C) Өлеңдер, айтыстар, термелер.
D) Дастандар, өлеңдер, айтымстар.
E) Айтыстар, термелер, арнаулар.
15. Сүйнбай Абайдың «Болыс болдым,
мінекей!» сияқты классикалық шығармасы
дәстүріне лайық, пікірлес стильде қандай
сатиралық туынды жасады?
A) «Ханмын деген төреге».
B) «Кәрілік».
C) «Жұмыққа».
D) «Даткаларға».
E) «Жақсы мен жаман адамның
қасиеттері».
16. Сүйінбай «Өмірде құны ескірмес,
бағасы құнды асыл сөз», - деп не жайында
айтқан?
A) ақындық өнер туралы.
B) сауда туралы.
C) ел билеу туралы.
D) әділдік туралы.
E) еркіндік туралы.
17. Сүйінбаймен «саяси сайысқа» түскен
кім?
A) Қаңтарбай.
B) Күнбала.
C) Тезек.
D) Баймағамбет.
E) Қатаған.
18. Сүйінбай өлеңдерін жазып алып сақтап
келген Ойылдың халық ақыны кім?
A) Үмбетәлі.
B) Төкешев Қазтай.
C) Бақтыбай.
D) Қаңтарбай.
E) Уәзипа.
19. Шортанбай Қанайұлы
шығармаларында кімдердің қатты сынға
түскендігін анықтаңыз.
A) орыс патшасы, жандарал, майырлар.
B) аналар.
C) жас балалар
D) әділетті жандар.
E) хандық дәуірді ансаған қариялар.
20. Дулат Бабатайұлының поэмасын
табыңыз.
A) «Сұраншы батыр».
B) «Жетім қыз».
C) «Еспембет».
D) «Өтеген батыр».
E) «Сұлушаш».
21. Күйеуінің кемтарлығы себепті Мұрат
Мөңкеұлынан жеңілген қыз?
A) Айша.
B) Тыныштық.
C) Қарашаш.
D) Айбала.
E) Жантөлі.
22. Мұраттың қоян жұты кезеңіндегі
қайғылы көрінстерді суреттейтін
шығармалары.
A) «Үш қиян», «Қазтуған».
B) «Сарыарқа», «Өттің бір қапы дүние».
C) «Үш қиян», «Қарасай-Қази».
D) «Қазтуған», «Қыз».
E) «Дүниенің төрт бұрышы»,
«Айжарыққа».
23. Шортанбай Қанайұлының өлеңінен
алынған үзіндіде не туралы айтылғанын
анықтаңыз.
Асылық азған заманда,
Алуан-алуан жан шықты,
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты.
A) Қазақ даласына келген сауда.
B) Әйелдердің теңсіздігі.
C) Адамгершілік қасиет.
D) Жастардың бас бостандығы.
78
E) Оқу, білім, өнер.
24. Мұрат: «Би болам деп таласып,
Дүние малын шашады», - деп кімді
сынайды?
A) Есенғали болысты.
B) Айжарықты.
C) Тұрабай болысты.
D) Қарақожа болысты.
E) Дәулетімбетті.
25. «Бұрандап ақ моншақтай керілген қыз,
Оздырдың салтанатты еліңнен қыз.
Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе,
Реңін сары алтындай көрінген қыз...». Қай
ақынның өлеңінен алынған жолдар?
A) Шортанбай.
B) Дулат.
C) Сүінбай.
D) Шернияз..
E) Мұрат.
26. Еркін жатқан қайран ел,
Дәулетің бейне шалқар көл...
Енді келіп қамалдың
Орыс салған қамалға... – деген өлең
шумағының авторын табыңыз.
A) Шортанбай.
B) Дулат.
C) Бұқар жырау.
D) Ақтамберді.
E) Асан қайғы.
27. Мұрат «Жалғаншы пәни жалғанда» -
деп басталатын өлеңінде нені жырлайды?
A) Дүниедегі жарасымдылықтарды.
B) Сұлулықты.
C) Өнер-білімді.
D) Ерлікті.
E) Жомарттықты.
28. Шернияз:
Ар жақта Арынғазы дүмбірлеген,
Байеке елің бар ма бүлдірмеген? – деп
кімге айтқандығын анықтаңыз.
A) Арынғазыға.
B) Жәңгірге.
C) Қарауылқожаға.
D) Жәнібеккке.
E) Баймағамбетке.
29. Мұрат өлеңін жадында сақтап
жеткізген кім?
A) Қазтай Текешев.
B) Үмбетәлі ақын.
C) Бекқожа.
D) Ғылман Шөрекұлы.
E) Ғаббас.
30. «Жер кімдікі?» дегенде
Аға сұлтан, қазылар
Не деп жауап береді?» - деген жолдардағы
Дулаттың ойын анықтаңыз.
A) Ата-қоныс жерін тастап кеткенін айтып
отыр.
B) Жерінің құнарсыздығынан ұялып отыр.
C) Орыс переселендеріне қазақ жерін
беруге қарсылығын көрсеткен.
D) Қазақ жерін ұлғайту керектігін айтқан.
E) Кең қоныстың тарылуына ренжіп отыр.
31. Мұрат Мөңкеұлының өлеңдерін
көрсетіңіз.
A) «Әсемпаз болма әрнеге», «Жаз».
B) «Анама хат», «Қазақ қалпы».
C) «Замана», «Насихат».
D) «Үш қиян», «Өлім».
E) «Сырым», «Елім-ай».
32. Мұраттың шығармаларын кішігірім
жинақ ретінде «Мұрат ақын сөздері» -
деген атпен бастырған зерттеушіні атаңыз:
A) С. Мұқанов.
B) Қ. Жұмалиев.
C) Х. Сүйіншалиев.
D) І. Жансүгіров.
E) Х. Досмұхамедұлы.
33. Тезекке айтқан сөзінде «мақтамен
бауыздау» әдісін қолданған ақын кім?
A) Базар жырау.
B) Майлықожа.
C) Бақтыбай Жолбарысұлы.
D) Мәделі Жүсіпқожаұлы.
E) Орынбай Кертағыұлы.
34. Сағынам, ауызға алсам Исатайды,
Ер тумас ел жағынан ондай жайлы, - деп
жырлаған ақынды атаңыз.
A) Жанұзақ.
B) Шернияз.
C) Махамбет.
D) Шалкиіз.
79
E) Байтоқ.
35. Датыңды айтсаң майырға,
Сібірге кеттің айдалып.
Дулаттың осы өлең жолдарындағы «дат»,
«майыр» деген сөздерге анықтама беріңіз.
A) Әкім және реніш.
B) Майор және өтініш.
C) Чиновник және арыз.
D) Аға сұлтан және хат.
E) Орыс және жағдай.
36. Шортанбай Қанайұлының төмендегі
өлең тармақтарында не айтылғанын
анықтаңыз:
Бай кедейді көрмейді,
Кедей байға ермейді.
Қызметін бір күн қылмаса,
Майлы сорпа бермейді.
A) Әйелдер теңсіздігі.
B) Өнер, оқу, білім.
C) Бостандықтың туғандығы.
D) Қазақ ауылындағы тап жігінің
ашылғандығы.
E) Табиғаттың тамаша көрінісі.
37. Базар «Әр нәрсенің нарқы бар»
өлеңінде нені уағыздайды?
A) Адалдықты.
B) Адамгершілікті.
C) Батырлықты.
D) Көрегендікті.
E) Ептілікті.
38. Сүйінбай сөзіне өзек еткен қазақ
батырларын көрсетіңіз:
A) Өтеген мен Сұраншы.
B) Исатай мен Махамбет.
C) Қабанбай мен Бөгенбай.
D) Еспембет пен Ерқосай.
E) Ақтамберді мен Бөгенбай.
39. «Қазақтар арасында ақындық
творчество аса дамыған, ақын деген
сахараға сыймайды…»- деп қандай орыс
ғалымы тебіренген?
A) В. Даль.
B) Г. Потанин.
C) Т. Шевченко.
D) А. Янушкевич.
E) А. Левшин.
40. Адайдың атақты ақыны домбырашы
Абылға еріп ел аралап, одан ақындық өнер
үйреніп, ақыры Абылдың батасын алып
ажырасқан ақын кім?
A) Шернияз.
B) Сүйінбай.
C) Дулат.
D) Көтеш.
E) Мұрат.
41. «Зар заман ақындары» ағымының
атауын
әдебиет
тарихына
енгізіп,
кітабында арнайы тарау етіп жазған кім?
А) Шоқан Уәлиханов
В) Ахмет Байтұрсынов
С) Халел Досмұхамедұлы
D) Мұхтар Әуезов
Е) Сәбит Мұқанов
42. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қай
жылдары
украин
халқының
қандай
қаламгері Қазақстанда айдауда болды?
А) 1879-1889 ж.ж. М.М.Коцюбинский
В) 1847-1857ж.ж. Т.Г.Шевченко
С) 1827-1837ж.ж. И.П.Котляровский
D) 1866-1876ж.ж. И.Франко
Е) 1890-1900ж.ж. Л.Украинка
43. Ер Қосай есімді атасы, Ақбөрте
аталатын тұлпары бар батыр туралы қай
ақынның қай дастанында жырланды?
А) Базар Оңдасұлының "Айна-тарақ"
дастаны
В) Әсет Найманбайұлының "Салиха-Сәмен
" дастаны
С) Дулат Бабатайұлының "Еспембет "
дастаны
D) Шортанбай Қанайұлының "Ақжолтай
батыр" дастаны
Е) Ақылбай Абайұлының "Дағыстан "
дастаны
44. Сыр сақтай білуді идеялық арқау,
көркемдік түйін еткен қай ақынның қандай
дастаны?
А) Шәңгерей Сейіткерейұлының "Сардар
Сегіз" дастаны
В) Абай Құнанбайұлының "Ескендір"
дастаны
С) Дулат Бабатайұлының "Шаштараз"
дастаны
80
D) Әсет Найманбайұлының "Шеризат "
дастаны
Е) Мағауия Абайұлының "Медғат-Қасым "
дастаны
45. Мына өлең жолдары қай ақындікі?
Мынау азған заманда
Қарасы – антқор, ханы – арам,
Батыры көксер басы аман,
Бәйбішесі – бошалаң...
А) Ақан Қорамсаұлы
В) Шортанбай Қанайұлы
С) Дулат Бабатайұлы
D) Базар Оңдасұлы
Е) Мұрат Мөңкеұлы
46. Кенесары ханның әскері мінетін
тұлпар іздеп, мақсатына жеткен батырдың
басынан кешкен оқиғалар жырланған қай
ақынның қандай дастаны еді?
А) Базар Оңдасұлының "Мақпал-Сегіз"
дастаны
В) Мұрат Мөңкеұлының "Қарасай-Қази"
дастаны
С) Шортанбай Қанайұлының "Ақжолтай
батыр" дастаны
D) Дулат Бабатайұлының "Шаштараз"
дастаны
Е) Әсет Найманбайұлының "Ағаш ат"
дастаны
47. Мына өлең жолдары қай ақындікі?
Бөрі басы - ұраным
Бөрілі менің байрағым
Бөрілі байрақ көтерсе
Қозып кетер қайдағым?
А) Базар Оңдасұлы
В) Шортанбай Қанайұлы
С) Сүйінбай Аронұлы
Д) Мұрат Мөңкеұлы
Е) Махамбет Өтемісұлы
48.
Қазақ
тарихындағы
Қарасай
Алтынайұлы, Өтеген Өтеғұлұлы, Сұраншы
Ақынбекұлы, Саурық Ыстанбекұлы және
т.б. батырлар туралы жырлау дәстүрін
қалыптастырған ақын кім еді?
А) Мұрат Мөңкеұлы
В) Әбубәкір Боранқұлұлы
С) Мәделі Жүсіпқожаұлы
D) Сүйінбай Аронұлы
Е) Нұрым Шыршығұлұлы
49.
Мұрын
жырау
Сеңгірбайұлына
"Қырымның қырық батыры" батырлық
жырларын үйреткен жыршы-ақын кім еді?
А) Махамбет Өтемісұлы
В) Әсет Найманбайұлы
С) Шөже Қаржаубайұлы
D) Мұрат Мөңкеұлы
Е) Сүйінбай Аронұлы
50.
Мұрат ақынның "Үш қиян",
"Қазтуған",
"Сарыарқа"
лирикалық-
эпикалық
толғауларында
жырланған
негізгі мәселе қандай?
А) адамдардың малының, ақшасының
көбейіп баюын аңсау
В) өзі ғашық болған сұлу жарға қосылуды
көксеу
С) адамдардың қасиетті ата-мекендерінен,
дәстүрлі әдет-ғұрыптарынан
айрылғанына күйзелу
D) басқа елдің мекендерін иеленуді ойлау
Е)
адамдардың
кеңпейілділігін,
қонақжайлылығын мадақтау
51. ХІХ ғасырдағы эпикалық мазмұндағы
сүре айтысы жанрын қалыптастырған ақын
кім еді?
А) Мұрат Мөңкеұлы
В) Шөже Қаржаубайұлы
С) Шортанбай Қанайұлы
D) Сүйінбай Аронұлы
Е) Әсет Найманбайұлы
52. Мына өлең жолдары қай ақындікі?
Жанбота, өзің - болыс, әкең-Қарпық,
Ішінде сегіз болыс болыс шенің артық...
А) Махамбет Өтемісұлы
В) Сүйінбай Аронұлы
С) Ақан Қорамсаұлы
D) Біржан Қожағұлұлы
Е) Мәделі Жүсіпқожаұлы
53. Мына үзінді қай ақынның өлең
жолдары?
Аққан бұлақ сай-салаң,
Шытырман тоғай айналаң
Жоның жайлау кең алаң,
Атам қонған кең далам!
А) Абай Құнанбайұлы
В) Базар Оңдасұлы
С) Махамбет Өтемісұлы
81
D) Шернияз Жарылғасұлы
Е) Дулат Бабатайұлы
54. Мына үзінді қай ақынның қандай
дастанынан алынған?
Сөз қоспай дәл айтпасаң,
Естіме, көрме, сөзден без.
Аузыңа ие болмасаң,
Бәле үйір, жала тез.
Аузыңнан шықса, жел есіп,
Жер түбінен жетер тез...
А) Базар Оңдасұлы "Айна-тарақ" дастаны
В) Әсет Найманбайұлының "Салиха-
Сәмен" дастаны
С) Шортанбай Қанайұлының "Ақжолтай
батыр" дастаны
Д) Дулат Бабатайұлының "Шаштараз"
дастаны
Е) Абай Құнанбайұлының "Ескендір"
дастаны
55. Мына өлең жолдары қай ақынның
қандай дастанынан алынған?
... Дос та елден, жау да елден,
Алды-артыңа қарарсың
Күндестік те еліңнен
Міндестік те еліңнен...
Елменен ер ержетіп
Емендей өсіп толады...
А) Абай Құнанбайұлы "Масғұт" дастаны
В) Шортанбай Қанайұлының "Ақжолтай
батыр" дастаны
С) Дулат Бабатайұлының "Еспембет"
дастаны
D) Базар Оңдасұлының "Мақпал-Сегіз"
дастаны
Е) Әсет Найманбайұлының "Салиха-
Сәмен" дастаны
56. Дулат Бабатайұлының әдеби бейнесі
алғаш рет қай жазушының қандай
шығармасында бейнеленді?
А) Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-
эпопеясы
В) Сәбит Мұқановтың "Аққан жұлдыз"
романы
С) Зейтін Ақышевтің "Жаяу Мұса" романы
D) Әнуар Әлімжановтың "Махамбеттің
жебесі" романы
Е) Берқайыр Аманшиннің "Махамбеттің
тағдыры" романы
57. Жазушы Асқар Тоқмағамбетовтың
"Жыр
күмбезі"
романындағы
басты
кейіпкер қай ақын еді?
А) Сүйінбай Аронұлы
В) Базар Оңдасұлы
С) Шортанбай Қанайулы
D) Жамбыл Жабаев
Е) Құлмамбет Құланаян
58. "Қарадөң" батыр ұрпақтары он төрт
батыр туралы жырлардың жыршысы қай
ақын еді?
А) Абай Құнанбайұлы
В) Мұрат Мөңкеұлы
С) Дулат Бабатайұлы
D) Сүйінбай Аронұлы
Е) Мағауия Абайұлы
59. "Зар заман поэзиясы" тақырыбында
жаңа зерттеулер жазған қазіргі заманғы
қазақ зерттеушілері кімдер еді?
А) Б. Омарұлы, Қ.Мәдібаева
В) З.Бисенғали, Б. Әбдіғазиұлы
С) М.Хамзин, Д.Ысқақұлы
D) Қ.Алпысбаев, Т.Есембеков
Е) Қ.Әбдезұлы, Р.Тұрысбек
60. Байғызды менсінбей өзінің сұлулығына
мастанған тауыстың лашынға ғашықтығы,
бірақ лашынның сол тауысты өлтіріп жеп
қойғаны туралы тымсыл өлең (притча) қай
ақынның шығармасы еді
А) Мәделі Жүсіпқожаұлы "Шәкіртке
айтқаны"
В) Абай (Крылов) "Түлкі мен қарға"
С) Базар Оңдасұлы "Айна-тарақ"
D) Майлықожа Сұлтанқожаұлы "Тотықұс"
Е) Дулат Бабатайұлы "Айтпасымды
айтқыздың..."
61.
Шығармашылық
өмірбаянының
алғашқы кезеңі Түркістанда Қожа Ахмет
Иасауи,
Ахмет
Иүгінеки,
Сүлеймен
Бақырғани дәстүрімен қалыптасқан қай
ақын еді?
А) Майлықожа Сұлтанқожаұлы
В) Сүйінбай Аронұлы
С) Дулат Бабатайұлы
D) Мұрат Мөңкеұлы
Е) Шортанбай Қанайұлы
82
62. Қырғыз ақыны Қатағанмен айтысқан
қазақтың қай ақыны еді?
А) Құлмамбет Құланаян
В) Нұралы Нысанбайұлы
С) Бақтыбай Жолбарысұлы
D) Жамбыл Жабаев
Е) Сүйінбай Аронұлы
63. Мұхтар Әуезовтің "Әдебиет тарихы"
(1927) кітабын кеңестік идеология не үшін
айтыптады?
А)
Қазақ
әдебиетіндегі
Ресей
отаршылдығына қарсы шығармаларды
қарастырғаны үшін
В)
Қазақ
әдебиетіндегі
көрнекті
шығармаларды сынағаны үшін
С) орыс әдебиетін мақтағаны үшін
D) фолъклорды жүйелегені үшін
Е) әдебиеттерді салыстырғаны үшін
64. Қайырсыз болған атамекендерден, ата
қоныстардан айрылған қазақ тарихын зар
замандық толғауларында романтикалық
және сыншыл реализм тілімен жырлаған
қай ақын еді?
А) Жанақ Сағындықұлы
В) Түбек Байқошқарұлы
С) Мұрат Мөңкеұлы
Д) Алмажан Азаматқызы
Е) Бұдабай Қабылұлы
65. "Ақындар" (1956) атты ғылыми
монографиялық кітаптың авторы кім еді?
А) Ысқақ Дүйсенбаев
В) Сейіт Қасқабасов
С) Едіге Тұрсынов
D) Мұхтар Әуезов
Е) Есмағамбет Исмайылов
66. Қазақ әдебиетінің төл тарихын XVIII
ғасырдағы
Бұқар
Қалқаманұлы
шығармашылығынан бастауды табанды
түрде жақтаған ғалым кім еді?
А) Бейсенбай Кенжебаев
В) Ханғали Сүйіншәлиев
С) Серік Қирабаев
D) Қажым Жұмалиев
Е) Зәки Ахметов
67. "Мұрат ақын сөздері" (1924, Ташкент)
атты кітапты тұңғыш бастырған қай
ғалым?
А) Сәкен Сейфуллин
В) Мұхтар Әуезов
С) Мәлік Ғабдуллин
D) Халел Досмұхамедұлы
Е) Сәбит Мұқанов
68.
"Бес
ғасыр
жырлайды"
антологиясының
құрастырушылары
кімдер?
А) Бейсенбай Кенжебаев, Әлкей Марғұлан
В) Мұхтар Мағауин, Мардан Байділдаев
С)
Ханғали
Сүйіншәлиев,
Алма
Қыраубаева
D) Мырзатай Жолдасбеков, Қабиболла
Сыдиқов
Е) Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов
69. Шортанбай шығармаларын жинаушы:
A) А.Мақпыров
B) Б.Майлин
C) Ш.Жәңгіров
D) Ә.Марғұлан.
E) М.Қалтаев
70. Шортанбайдың толғауларынан басқа,
араб әрпімен жазылған дастаны:
A) «Бозұғлан»
B) «Ер Қосай»
C) «Хал-ахуал»
D) «Манзумат-қазақия»
E) «Үш қиян»
71. Дулат Бабатайұлы шығармаларында
А.Байтұрсынов классификациясы
бойынша кездесетін толғау түрі:
A) Сайыс толғау
B) Эпиталама
C) Марқайыс толғау
D) Сонет
E) Жай толғау
72. Дулат Бабатайұлының нақыл түріндегі,
шешендік арнау сипатындағы толғауы:
A) «Тілек»
B) «Мұнар күн»
C) «Баласына айтқаны»
D) «Жетім қыз»
E) «Бөгембай өліміне»
73. Мұрат Мөңкеұлының термесі:
A) «Әйел туралы»
83
B) «Жетім қыз»
C) «Мұнар күн»
D) «Жалғаншы фәни жалғанда»
E) «Кәрілік»
74. Х.Досмұхамедұлы жаздырып алған
Мұраттың жыры:
A) «Қарасай-қази»
B) «Шайтанның саудасы»
C) «Хал-ахуал»
D) «Ғибратнама»
E) «Жетім қыз»
75. Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян»
дастанында айтылған жер атауы:
A) Арыс жағасы
B) Жайықтың бойы
C) Қарқаралы
D) Іле бойы
E) Алатау маңы
Шоқан Уәлиханов
1. Шоқан өзі жинаған қазақтың ауыз
әдебиеті нұсқаларын, «Қозы Көрпеш-Баян
сұлу» жырын қай профессорға берді?
A) Радлов.
B) Ильминский.
C) Достоевский.
D) Березин
E) Богородицкий.
2. Шоқанды «қазақтар туралы жазатын
орыс әдебиетшісі», - деп кім атады?
A) Қазақ жұрты.
B) Орыс оқымыстылары
C) С. Дуров.
D) Ф. Достоевский.
E) Г. Потанин.
3. Шоқанның әдебиетші ғалым екендігін
танытатын туындысы қандай?
A) «Майковқа хат».
B) «Достоевскийге хат».
C) «Жоңғария очерктері».
D) «Манас»
E) «Сібір қарамағындағы қазақтардың сот
реформасы».
4. Шоқан туралы «Құйрықты жұлдыздай
жарқ етіп» деген сөздерді айтқан кім?
A) Потанин
B) Мұқанов
C) Березин
D) Әуезов
E) Веселовский
5. Шоқанның «Қырғыздардың ескі
мифтерінен, аңыздарынан, ертегілерінен
жиналып, бір адам төңірегіне топталған
энциклопедия», - деген ой-толғаулары қай
шығармаға байланысты?
A) «Махаббат-наме».
B) «Оғыз нама».
C) «Қыз жібек».
D) «Манас».
E) «Қырғыздар туралы жазбалар».
6. Семейге жер аударылып келіп,
Шоқанның досы болған орыс жазушысын
көрсетіңіз.
A) П.П. Семенов-Тян-Шанский.
B) Н.Г. Чернышевский.
C) Г.Н. Потанин.
D) Ф.М. Достоевский.
E) Е.П. Михаэлис.
7. Ш. Уәлихановтың халық жағдайын
жақсарту үшін ең керекті нәрсе деп нені
есептегенін атаңыз.
A) Экономикалық реформа.
B) Реформа емес, бостандық қажет.
C) Әлеуметтік реформа.
D) Экономикалық және әлеуметтік
реформа.
E) Саяси реформа.
8. «Шоқан жалпы жолдастарына, соның
ішінде маған, «Европаға ашқан терезе»
сықылды болды» - деген сөздің авторы
кім?
A) А.С. Дуров.
B) Ф. Достоевский.
C) Н. Костылецкий.
D) И. Березин.
E) Г. Потанин.
9. Ш. Уәлихановтың пікірін табыңыз.
84
A) Манас – ұрпақтар сабақтастығын
құрайтын жыр.
B) Манас - өте ұзақ жыр.
C) Манас – мифологиялық жыр.
D) Манас – қырғыз халқының батырлық
жыры.
E) Манас – даланың «Иллиадасы» тәрізді.
10. Ш. Уәлихановтың еңбегін табыңыз.
A) «Басқару ережесі».
B) «Сот реформасы» туралы.
C) «Жаңа низам».
D) «Жеті жарғы».
E) «Уақытша ереже».
11. «Сіз мені жақсы көремін дейсіз, ал мен
сізге ғашықпен». Шоқанға бұл сөзді
арнаған кім?
A) Г. Потанин.
B) А. Гасфорд.
C) Е. Ильминский.
D) Ф. Достоевский.
E) С. Дуров.
12. Шоқан жазып алған ертегіні белгілеңіз.
A) «Ертегі».
B) «Өлі мен тірінің достығы».
C) «Айбарша сұлу».
D) «Толағай».
E) «Жүсіп хан».
13. С. Бегалиннің Ш. Уәлихановқа
арналған туындысының атын табыңыз.
A) «Ариадна жібі».
B) «Аққан жұлдыз».
C) «Ш. Уәлиханов».
D) «Бала Шоқан».
E) «Қашқарға саяхат».
14. Шоқан «қырғыздың «Одиссеясы»
атаған эпостық шығарманы атаңыз:
A) «Алпамыс».
B) «Манас».
C) «Семетей».
D) «Ер Тарғын».
E) «Батыр Баян».
15. "Бала Шоқан" повесінің авторы қай
жазушы еді?
А) Бердібек Соқпақпаев
В) Сапарғали Бегалин
С) Сейітжан Омаров
D) Сәуірбек Бақбергенов
Е) Өтебай Қанахин
16. Шоқанға арналған "Ақ боз атты ару"
романының авторы кім?
А) Сапарғали Бегалин
В) Сансызбай Саргасқаев
С) Сәуірбек Бақбергенов
D) Бердібек Соқпақбаев
Е) Сейітжан Омаров
17.
"Шоқан Уәлиханов" пьесасының
авторы кім?
А) Әлжапбар Әбішев
В) Мұхтар Әуезов
С) Ғабит Мүсірепов
D) Сәбит Мұқанов
Е) Ғабиден Мұстафин
18.
"Шоқан
және
Манас"
монографиясының авторы кім еді?
А) Бейсенбай Кенжебаев
В) Ханғали Сүйіншәлиев
С) Қажым Жұмалиев
D) Әлкей Марғұлан
Е) Сәбит Мұқанов
19. Қазақ өлеңінің жанрларын тұңғыш рет
бес түрге (өлең, қара өлең, қайым өлең,
жыр, жоқтау) бөлген кім еді?
А) Абай Құнанбайұлы
В) Шоқан Уәлиханов
С) Ыбырай Алтынсарин
D) Мағжан Жұмабаев
Е) Шәкәрім Құдайбердиев
20. "Қазақтардағы шамандықтың қалдығы"
еңбегінің авторы кім еді?
А) Ыбырай Алтынсарин
В) Шоқан Уәлиханов
С) Абай Құнанбайұлы
D) Шәкәрім Құдайбердиев
Е) Мағжан Жұмабаев
Достарыңызбен бөлісу: |