Хіх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата22.12.2016
өлшемі0,86 Mb.
#52
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
Ы. Алтынсарин 
 

 
85 
1.Даңқты І Петр Ы. Алтынсариннің қай 
шығармасының кейіпкері?  
A) «Мейірімді бала». 
B) «Талаптың пайдасы». 
C) «Атымтай Жомарт». 
D) «Бақша ағаштары».  
E) «Әке мен бала». 
 
2. «Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп 
тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын 
көріп, әжем де қиналып жыламасын деп 
жатырмын» - бұл Алтынсариннің қай 
кейіпкерінің сөзі? 
A) Жомарт. 
B) Бала. 
C) Асан. 
D) Сейіт. 
E) Сейітқұл. 
 
3. Ы. Алтынсарин «Бір уыс мақта», 
«Алтын шеттеуік», «Тәккапаршылық», 
«Әдеп» шығармаларының сюжеті мен 
тақырыбын кімнен алған?  
A) Толстойдан. 
B) Ушинскийден. 
C) Крыловтан. 
D) Дулаттан. 
E) Паульсоннан. 
 
4. Ыбырай Алтысариннің қай әңгімесінде 
отырықшы тұрмыс-салты  насихатталады? 
A)    «Малды пайдаға жарату». 
B)   «Білгеннің пайдасы». 
C)   «Дүние қалай етсең табылады». 
D)  «Қыпшақ Сейітқұл». 
  E)   «Зеректік». 
 
5. «Шырағым қызым, әрдайым осындай 
рақымды бол, саған мұның үшін құдай 
рақым етер». Бұл үзінді Ы. Алтынсариннің 
қандай әңгімесінен алынған? 
A)   «Асыл шөп». 
B)   «Әке мен бала». 
C)   «Шеше мен бала». 
D)  «Алтын шеттеуік». 
E)   «Жомарт». 
 
6. «Пышақтың сыртымен қатты ұрып еді, 
от шығып, мақта тұтанды». Бұл эпизод Ы. 
Алтынсариннің қай әңгімесінен алынған? 
A)   «Қыпшақ Сейтқұл». 
B)   «Бай баласы мен жарлы баласы». 
C)   «Әке мен бала». 
D)  «Бір уыс мақта». 
E)   «Мейірімді бала». 
 
7. Ы. Алтынсариннің өмір үшін күресудің 
жолын білмейтін, шыдамсыз, еңбекке 
икемі жоқ жанның қандай болатынын 
көрсеткен әңгімесін белгілеңіз. 
A) «Бай баласы мен жарлы баласы». 
B) «Қыпшақ Сейітқұл». 
C) «Әке мен бала». 
D) «Алтын адам» 
E) «Лұқпан хакім».  
 
8. Ы. Алтынсарин туралы жазылған поэма 
қалай аталады? 
A) «Адасқан өмір». 
B) «Медғат-Қасым». 
C) «Ескендір». 
D) «Дала қоңырауы». 
E) «Кім жазықты?». 
 
9. Атасы Балқожа бидің немересі 
Ыбырайға арнап жазған өлеңі қалай 
аталады? 
A)   Жазған жоқ. 
B)   «Бес нәрседен қашық бол». 
C)    «Арман». 
D)  «Үміт еткен көзімнің нұры балам». 
E)   «Сегіз аяқ». 
 
10. Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ 
әңгімесінің кейіпкерлері» кімдер? 
A) Саудагер, молда, келбетті жігіт. 
B) Ұсташы, сұлу қыз, молда. 
C) Келбетті жігіт, хан, зергер. 
D) Күйші, ақын, саудагер. 
E) Бақташы, молда, ақын. 
 
11. Ескендір туралы өлеңді қазақ 
әдебиетінде алғаш рет шығарған кім? 
A) Ы. Алтынсарин. 
B) А. Құнанбаев. 
C) М. Мөңкеұлы. 
D) Ш. Қаныйұлы. 
E) Ш. Жарлығасұлы. 
 
12. «Александр Македонский туралы 
қырғыз өлеңі» деген атпен жарияланған 
мақаланың авторы кім болды? 
A) Н. Савичев. 
B) А. Дуров. 

 
86 
C) Г. Потанин. 
D) Н. Саркин. 
E) И Березин. 
 
13. Қандай еңбегіне жазған алғы сөзінде 
Ыбырай біраз шығамалардың «Түрлі орыс 
хрестоматияларынан, көбінесе 
Паульсонның хрестоматиясынан» аударып 
алынғанын айтады? 
A) «Қазақ әліпбиі». 
B) «Сөз өнері». 
C) «Әдебиет таңытқыш». 
D) «Қазақ хрестоматиясы».. 
E) «Ақ жол». 
 
14. «Тақсыр, жұмыс істеп, бала-шағаларын 
асырайтын атамның қолын қалдырып, 
мына менің қолымды кесіңіз.» - бұл 
Ыбырайдың қандай әңгімесінен алынған 
үзінді? 
A) «Бақша ағаштары». 
B) «Мейірімді бала». 
C) «Атымтай Жомарт» 
D) «Әке мен бала». 
E) «Талаптң пайдасы». 
 
15. Ыбырай қандай жәндіктерді балаларға 
үлгі етеді? 
A) Жапалақ, қарлығаш, сауысқан. 
B) Құмырсқа, қоңыз. құрт. 
C) Суыр, жарқанат, өрмекші. 
D) Қоңыз. сауысқан, тышқан. 
E) Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш. 
 
16.  "Орынбор  ведомствосы  қазақтарының 
құда  түсу,  қыз  ұзату  және  той  жасау 
дәстүрлерінің очеркі" атты этнографиялық 
мақаланың авторы кім еді? 
А) Ахмет Байтұрсынов 
В) Халел Досмұхамедұлы 
С) Шоқан Уәлиханов 
D) Мұхтар Әуезов 
Е) Ыбырай Алтынсарин 
 
17.  Қазақ  мектептері  үшін  ислам  дінінің 
қағидаларын  түсіндіретін  тұңғыш  оқу 
құралының аты және оның авторы кім еді? 
А)  Ахмет  Байтұрсыновтың  "Әдебиет 
танытқыш"  оқу  құралы  "Діндар  дәуір" 
тарауы 
В)  Мағжан  Жұмабаевтың  "Педагогика" 
кітабы 
С) Жүсіпбек Аймауытовтың "Психология" 
кітабы 
D) 
Ыбырай 
Алтынсаринның 
"Мұсылманшылықтың  тұтқасы"  (Шариат-
ул-ислам) оқу құралы 
Е)  Ыбырай  Алтынсаринның  "Орынбор 
ведомствосы  қазақтарының  өлген  адамды 
жерлеу  және  оған  ас  беру  дәстүрінің 
очеркі" еңбегі 
 
18.  1879  жылы  Орынборда  "Киргизская 
хрестоматия", 
1896 
жылы 
Қазанда 
"Мәктубат", 
2003 
жылы 
"Қазақ 
хрестоматиясы" атауларымен жарияланған 
оқу құралының авторы кім? 
А) Ыбырай (Ибраћим) Алтынсарин 
В) Абай (Ибраћим) Құнанбайұлы 
С) Спандияр Көбеев 
D) Шәкәрім Құдайбердиев 
Е) Мағжан Жұмабаев 
 
19. “Еңбекпен тапқан нан тәттi” деген қай 
шығарманың кейiпкерiнiң сөзi? 
А) “Асан мен Үсен” 
В) Қыпшақ Сейiтқұл” 
С) Ыбырай “Атымтай Жомарт” 
D) “Бақ ағаштары” 
E) “Кедей” 
 
 
 
20. Айнадай сәуле берiп жарқыраған-
қайсы өлеңнен алынған? 
А) “Өнер бiлiм бар жұрттар” 
В) “Кел балалар, оқылық” 
С) “Өзен” 
D) “Жаз шыққанда” 
E) ”Бойы бұлғаң” 
 
21. Қай ақынның өлең жолдарынан 
алынған? “Жаңа өспiрiм достарым, 
қатарың кеттi-ау алысқа” 
А) Абай 
В) Ыбырай 
С) Ақылбай 
D) Шоқан 
E) Шортанбай 
 
22. “Өнер бiлiм бар жұрттар” -кiмнiң 
өлеңi? 
А) Абай 
В) Ыбырай 
С) Ақылбай 

 
87 
D) Мағауия 
E) Шоқан 
 
23. “Сейiт” Ыбырайдың қай әңгiмесiнiң 
кейiпкерi? 
А) “Аурудан аяған күштiрек” 
В) “Атымтай Жомарт” 
С) “Шеше мен бала” 
D) “Талаптың пайдасы” 
E) “Қыпшақ-Сейтқұл “ 
 
24. Ы.Алтынсарин туралы есте 
қалғандардан кiтабының авторы кiм? 
А) Радлов 
В) Григорьев 
С) Соколов 
D) Васильев 
E) Ильминский 
 
25. Толстой, Ушинский, Паульсон 
еңбектерiн аударған кiм? 
А) Шоқан 
В) Ақылбай 
С) Абай 
D) Ыбырай 
E) Шәкәрім 
 
26. «Әй, жігіттер» өлеңін Ыбырай кімге 
арнаған? 
A) Болыстарға. 
B) Кедейлерге. 
C) Балаларға. 
D) Ел азаматтарына. 
E) Оқушыларына. 
 
27. Ыбырайдың оқу, білім алудағы мақсат 
неде екенін кеңінен аша түсетін өлеңін 
көрсетіңіз: 
A) «Өзен». 
B) «Жаз». 
C) «Өнер, білім бар жұрттар». 
D) «Талаптың пайдасы». 
E) «Шеше мен бала». 
 
28. Ы. Алтынсариннің прозалық 
шығармасын табыңыз. 
A) «Өзен». 
B) «Бақша ағаштары». 
C) «Жаз». 
D) «Залым төреге». 
E) «Әй, жігіттер». 
 
 
29. Ы. Алтынсариннің әңгімелерінің ең 
негізгі тақырыбын көрсетіңіз. 
A) Екі таптың арасындағы қайшылық. 
B) Табиғат пен тіршілік тұтастығын 
суреттеу. 
C) Махаббат мәселесі. 
D) Табиғаттың әсемдігі. 
E) Еңбекті сүю және қадірлеу. 
 
30. Ы. Алтынсарин туралы поэма жазған 
кім? 
A)    С. Торайғыров. 
B)   С. Көбеев. 
C)   Ә. Тәжібаев. 
D)  Ғ. Қайырбеков. 
E)   С. Дөнентаев. 
 
 
Абай Құнанбайұлы 
1. «Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың 
бір тоқтаусыз кеткені ме?» -  Абайдың 
нешінші қара сөзінен? 
A)   Бесінші. 
B)   Отыз екінші. 
C)   Он екінші. 
D)  Он бірінші. 
E)   Бірінші. 
 
2. Абай Құнанбайұлы Крыловтан аударған 
мысалын белгілеңіз. 
A) «Күз». 
B) «Жартас». 
C) «Жаз». 
D) «Қыс». 
E) «Шегіртке мен құмырсқа». 
 
3. Абайдың алғаш рет өз атымен 
жариялаған өлеңін белгілеңіз. 
A) «Өлең сөздің патшасы».  
B) «Қалың елім, қазағым». 
C) «Жаздыгүн шілде болғанда». 
D) «Ғылым таппай мақтанба». 
E) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат». 
 
4. Абай төмендегі ақын-жазушылардың 
қайсысының шығармаларын аударған? 
A)    Чехов. 

 
88 
B)   Грибоедов. 
C)   Лермонтов. 
D)  Брюсов. 
E)   Маяковскиий. 
 
5. Абайдың аяқталмаған поэмасы қалай 
аталады? 
A) «Ескендір». 
B) «Масғұт». 
C) «Әзім әңгімесі». 
D) «Адасқан өмір». 
E) «Медғат-Қасым». 
 
6. «Жүрегіңмен тыңдамай, 
Құлағыңмен қармарсың. 
Соны көріп соларға, 
Қайтіп қана сарпарсың» - деген өлең 
жолдары Абайдың қай өлеңінен алынған? 
A)    «Өзгеге көңілім тоярсың!». 
B)   «Кейде есер көңіл құрғырың». 
C)   «Заман-ақыр жастары». 
D)  «Көзінен басқа ойы жоқ». 
E)   «Менсінбеуші ем наданды». 
 
7. Абайдың алғаш жарық көрген өлеңдері 
кімнің атынан жарияланған? 
A)  Уәйістің.    
B)  Ақылбайдың. 
C)  Мағауияның. 
D) Әріптің 
E)   Көкбайдың. 
 
8. Абайдың табиғат пен махаббат сырын 
үндестіре жырлаған өлеңін көрсетіңіз: 
A)   «Көлеңңке бойын ұзартып». 
B)   «Көк ала бұлт сөгіліп». 
C)   «Жаз». 
D)  «Желсіз түнде жарық ай». 
E)  «Қараңғы түнді тау қалғып». 
 
9. Абайдың қай қара сөзі тек 
афоризмдерден тұрады? 
A)   Он бесінші. 
B)   Бесінші. 
C)   Он тоғызыншы. 
D)  Отыз жетінші. 
E)  Үшінші. 
 
10. Абайдың пікірлес орыс досы кім? 
A)   Белинский. 
B)   Михаэлис. 
C)   Потанин. 
D)  Веселовский. 
E)   Семенов-Тянь-Шанский. 
 
11. Абайдың өлеңін көрсетіңіз. 
A)   Жазғытұрым». 
B)   «Өзен». 
C)   «Кедей». 
D)  «Замана адамы». 
E)   «Бірінші тілек тілеңіз». 
 
12. «… Бұл – адамға, оның ішінде әйелге 
деген сүіспендік гимні, әйелді жүректер 
табынар махаббат тәңірісіне айналдыру» - 
деген пікірді Ә. Тәжібаев қай өлеңге 
байланысты айтқан? 
A)   «Желсіз түнде жарық ай». 
B)  «Сегіз аяқ». 
C)   «Болыс болдым мінеки». 
D)  «Қалың елім, қазағым, қайран 
жұртым». 
E)   «Жарқ етпес қара көңілім...». 
 
13. Абайдың өнер-білім тақырыбындағы 
өлеңін белгілеңіз. 
A) «Интернатта оқып жүр». 
B) «Көзімнің қарасы». 
C) «Бойы бұлған». 
D) «Қыс». 
E) «Ал, сенейін, сенейін». 
 
14. Абайдың поэмасын атаңыз: 
A)    «Ләйлі-Мәжнүн». 
B)   «Масғұт». 
C)   «Медғат-Қасым». 
D)  «Жүсіп-Злиха». 
E)   «Еңлік-Кебек». 
 
15. Мына үзінді Абайдың қай өлеңінен:  
«Бас-басына би болған өңкей қиқым, 
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?» 
A)   «Ішім өлген, сыртым сау». 
B)   «Алланың һөзі де рас, сөзі де рас». 
C)   «Талай сөз бұдан бұрын көп 
айтқанмын». 
D)  «Қалың елім». 
E)   «Бойы бұлған». 
 
16. «Тұл бойын ұят-ар едің» - деп 
басталатын өлеңін Абай кімге арнаған? 
A) Оспанға. 
B) Шәкәрімге. 
C) Әбдірахманға. 

 
89 
D) Мағауияға. 
E) Көкбайға. 
 
17. «Жаңа жылдың басшысы ол, мен 
ескінің арты едім», - деген өкінішті Абай 
кімі жайында білдірді? 
A) Әкесі. 
B) Немересі. 
C) Баласы. 
D) Әйелі. 
E) Інісі. 
 
18. Абай інісі Оспанға арнаған өлеңді 
көрсетіңіз: 
A) «Мал түгіл жанға мырза еді». 
B) «Ғылым таппай мақтанба». 
C) «Сап-сап көңілім». 
D) «Жайнаған туың жығылмай». 
E) «Қансонарда». 
 
19. Ә. Дербісәлиннің Абай туралы айтқан 
сөздерін аяқтаңыз: «Ақынның жас 
кезіндегі, толысқан кезіндегі, кемелденген 
кезеңдегі творчествосына ортақ, барлық 
тұста бірдей көрінетін ұнамды бейнесі - 
...»: 
A) Өмірге ғашық Адам. 
B) Білімді Адам. 
C) Шын мәніндегі Адам. 
D) Әділетті Адам. 
E) Өнерлі  Адам. 
  
20. Абайдың «Мінез – ақыл мен ғылымды 
сақтайтын сауыт» деген афоризмі қай қара 
сөзінен алынған? 
A)    Отыз екінші. 
B)   Он бесінші. 
C)   Он екінші. 
D)  Тоғызыншы. 
E)   Төртінші. 
 
21. Абайды кім «қазақ поэзиясының күн 
шуақты биігі» деп атаған? 
A) А. Байтұрсынов.   
B) М. Жұмабаев. 
C) М. Дулатов. 
D) М. Әуезов. 
E) Ш. Құдайбердіұлы. 
 
22. «Масғұт» поэмасының бас кейіпкері 
алдына таңдау ұсынғанда, нені жоғары 
бағалайды? 
A) Байлық пен асқан дәулетті.    
B) Ақыл даналығын. 
C) Әйел жұртын сүюді. 
D) Мәңгілік өмір сүруді. 
E) Даңқ, атақты. 
 
23. И. Тургеневтің «Восточная легенда» 
әңгімесімен мазмұндас Абайдың поэмасы 
көрсетіңіз: 
A) «Ескендір».    
B) «Масғұт». 
C) «Жаз». 
D) «Өлең сөздің патшасы». 
E) «Әзім әңгімесі». 
 
24. «Адам баласының ең жаманы - 
талапсыз». Абайдың қай қара сөзінен 
алынған?  
A)   Бесінші. 
B)   Он жетінші. 
C)   Қырық төртінші. 
D)  Оныншы . 
E)   Он үшінші. 
 
25. Абайдың ән құдіретін жырлаған өлеңін 
көрсетіңіз.  
A) «Кейде есер көңіл құрғырын». 
B) «Құлақтан кіріп бойды алар». 
C) «Ғылым таппай мақтаңба». 
D) «Бойы бұлған». 
E) «Өлсем, орным қара жер». 
 
26. Абайдың табиғат лирикасындағы ең 
алғашқы өлеңін көрсетіңіз: 
A)   «Жазғытұрым». 
B)   «Қыс». 
C)    «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі 
ай». 
D)  «Жаз». 
E)   «Күз». 
 
27. Абай алғаш рет қай орыс классигінің 
шығармасын қазақ тіліне аударды? 
A)   А. Пушкин. 
B)   М. Лермонтов. 
C)    И. Крылов. 
D)  Л. Толстой. 
E)   И. Тургенев. 
 
28. «Ашуың – ашыған у, ойын кермек» - 
деген өлең жолы Абайдың қай 
шығармасынан алынған? 

 
90 
A)  «Қалың елім, қазағым».  
B)   «Әсемпаз болма әрнеге». 
C)    «Қартайдық, қайғы ойладық». 
D)  «Біреудің кісісі өлсе, сол кінәлі». 
E)   «Өкінішті көп өмір өтіп кеткен». 
 
29. Абайдың қай қара сөзінде қазақтың 
мақал-мәтелдері туралы сын айтылады? 
A)   Алтыншы. 
B)   Отызыншы. 
C)    Бесінші. 
D)  Он алтыншы. 
E)   Тоғызыншы. 
 
30.  Абай  ақындығына  әуелгі  ықпал  еткен 
көркемдік негіз қандай еді? 
А) түркі әдебиеті 
В) дін оқуы 
С) қазақтың халық әдебиеті 
D) ел билеу жолы 
Е) ойын – сауықтар 
 
31.  Абайдың  мына  өлең  шумағында 
бейнелеудің қандай түрі қолданылған? 
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды. 
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды. 
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, 
Басқан жері сықырлап келіп қалды. 
А) күрделі айқындау (Эпитет) 
В) күрделі ауыстыру (метафора)  
С) күрделі теңеу 
D) күрделі мегзеу 
Е) күрделі астарлау 
 
32.  Абайдың  мына  өлең  жолдарында 
бейнелеудің  қандай  түрі  қолданылған? 
Бұлттай қасы жауып екі көзін, 
Бурадай бұрқ-сарқ етіп долданғанда. 
А) эпитет 
В) теңеу 
С) метафора 
D) символ 
Е) аллегория 
 
33.  Абайдың  мына  өлең  жолдарына 
бейнелеудің  қандай  түрі  қолданылған? 
Болатша дірілдеген жалын көрген 
Бір күңгірт тартып және оттай жанған. 
А) теңеу 
В) эпитет 
С) символ 
D) синекдоха 
Е) метафора 
 
34.  Абайдың  мына  өлең  жолдарында 
бейнелеудің қай түрі бар? 
Қабаған итше өшігіп шыға келер 
"Мен қапсам, тап бір жерін бөксерем" деп 
А) символ 
В) синекдоха 
С) эпитет 
D) метафора 
Е) теңеу 
35. 
Абайдың 
мына 
өлеңіндегі 
метафораның қай түрі қолданылған? 
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар. 
Кәрі құдаң – қыс келіп әлек салды. 
А) жалғаулы метафора 
В) жай метафора 
С) ұлғайған метафора 
D) жұрнақсыз метафора 
Е)  көмекші  етістік  арқылы  жасалған 
метафора 
 
36.  Абайдың  мына  өлең  жолдарында 
бейнелеудің қай түрі бар? 
Күшік асырап, ит еттім 
Ол балтырымды қанатты, 
Біреуге мылтық үйреттім, 
Ол мерген болып мені атты. 
А) метафора 
В) метонимия 
С) синекхода 
Д) теңеу 
Е) эпитет 
 
37.  Абайдың  мына  өлең  жолдарында 
бейнелеудің қай түрі бар? 
Бір жілік пен бір аяқ қымыз берген, 
Дереу сені жұмсайды бір жұмысқа 
А) эпитет 
В) теңеу 
С) метонимия 
D) метафора 
Е) синекдоха 
 
38.  Абайдың  мына  өлеңінде  бейнелеудің 
қай түрі бар? 
Жартасқа бардым, 
Күнде айқай салдым, 
Онан да шықты жаңғырық. 
Естіп үнін, 
Білсем деп жөнін 
Көп іздедім қаңғырып 

 
91 
Баяғы жартас - бір жартас, 
Қаңқ етер, түкті байқамас. 
А) символ 
В) синекдоха 
С) теңеу 
D) эпитет 
Е) метонимия 
 
39.  Абайдың  мына  аударма  өлеңінде 
бейнелеудің қай түрі бар? 
Ірімшікті Құдайым, 
Кез қылды бір күн қарғаға... 
Бір қу түлкі сорына 
Жақын жерде жүр еді 
А) аллегория 
В) метафора 
С) метонимия 
D) синекдоха 
Е) эпитет 
 
40.  Абайдың  мына  өлеңінде  бейнелеудің 
қай түрі бар? 
Мұқым қазақ баласы 
Тегіс ақыл сұрапты. 
А) кішірейту (литота)  
В) әсірелеу (гипербола)  
С) градация 
D) перифраз 
Е) түйдектеу 
 
41. Абайдың мына өлеңінде айшықтаудың 
(фигураның)  қай  түрі  қолданылған?  Қап-
аппақ, бүркіт - қара, түлкі қызыл, 
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға... 
Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш, 
Қара шаш қызыл жүзді жасырғанда 
А) инверсия 
В) дамыту 
С) арнау 
D) қайталау 
Е) шендестіру 
 
42. Абайдың мына өлеңінде айшықтаудың 
(фигураның)  қай  түрі  қолданылған? 
Балалық өлді, білдің бе, 
Жігіттікке келдің бе 
Жігіттік өтті көрдің бе, 
Кәрілікке көндің бе? 
А) шендестіру 
В) дамыту (градация) 
С) арнау 
D) қайталау 
Е) инверсия 
 
43. Абайдың мына өлеңінде айшықтаудың 
(фигураның) қай түрі қолданылған? Келдік 
талай жерге енді, 
Кіруге-ақ қалдық көрге енді 
А) инверсия 
В) қайталау 
С) шендестіру 
D) дамыту 
Е) арнау 
44.  Мына  өлең  жолдары  Абайдың  қандай 
аударма шығармасы? 
Шаң шығармас жол - дағы, 
Сілкіне алмас жапырақ. 
Тыншығарсың сен - дағы, 
Сабыр қылсаң азырақ. 
А) Сұрғылт тұман дым бүркіп 
В) Жалау 
С) Қараңғы түнде тау қалғып 
D) Жартас 
Е) Қорқытпа мені дауылдан 
 
45.  Абайдың  мына  өлең  жолы  қай 
шығармасындағы кейіпкер сөзі? 
Қаймақ еді көңілімде, 
Бізге қаспақ болды жем 
Екі сөз жоқ өмірімде, 
Мен де сорлы – бақыты кем 
А) Онегин сөзі 
В) Ленский сөзінен 
С) Татъяна сөзі 
D) Онегиннің өлердегі сөзі 
Е) Татъянаның Онегинге жазған хаты 
 
46. Мына өлең жолы неше буынды? 
Жарым жақсы киім киіп, 
Келді жанға жылы тиіп. 
Диуана болды бұл көңілім, 
Басылмай бір құшып сүйіп. 
А) он буынды 
В) жеті буынды 
С) сегіз буынды 
D) тоғыз буынды 
Е) он бір буынды 
 
 
47.  «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері 
және 
Абай 
поэзиясының 
тілі» 
монографиясының авторы кім? 
А) Мұхтар Әуезов 
В) Қажым Жұмалиев 

 
92 
С) Ханғали Сүйіншәлиев 
D) Әлкей Марғұлан 
Е) Серік Қирабаев 
 
48  Абайдың  мына  сөзі  нешінші  қара 
сөзінде еді? 
«Біздің  қазақтың  қосқан  аты  алдында 
келсе,  күреске  түсірген  балуаны  жықса, 
салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып 
барып  ұстаса,  есі  шығып  қуанады. 
Білмеймін,  содан  артық  қуанышы  бар  ма 
екен: Әй, жоқ та шығар!» 
А) отыз екінші сөз 
В) қырық бірінші сөз 
С) екінші сөз 
D) жиырма алтыншы сөз 
Е) жиырма бесінші сөз 
 
49. 
"Абайдың  қара  сөздері"  деген 
тақырыпта  диссертация  қорғаған,  кітап 
шығарған қай ғалым? 
А) Ханғали Сүйіншәлиев 
В) Қажым Жұмалиев 
С) Мұхтар Әуезов 
D) Әлкей Марғұлан 
Е) Зейнолла Қабдолов 
 
50."Хакім  Абай"  атты  жаңашыл  кітап 
жазған қай ғалым еді? 
А) Мұхтар Әуезов 
В) Сәбит Мұқанов 
С) Ғарифолла Есімов 
D) Қажым Жұмалиев 
Е) Ханғали Сүйіншәлиев 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
93 
 
 
 
 
 
 
ҚОСЫМШАЛАР 
 
Әдеби терминдер сөздігі 
 
Эпитет  (айқындау)  –  заттың,  құбылыстың  айрықша  сипатын,  сапасын 
анықтайтын суретті сөз. 
 
Теңеу  –  заттың,  құбылыстың  ерекше  белгілерін  көрсетпей-ақ,  оны  басқа 
затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу. 
 
Троп  (құбылту,  грекше  tropos  –  иін,  иірім)  –  сөздерді  тура 
мағынасында  емес,  бұрма  мағынасында  қолдану,  шындықты  бейнелеп, 
перделеп таныту, ойды өзгертіп, өңін айналдырып айту. 
 
Метафора  (ауыстыру,  грекше  metaphora-көшіру)  –  сөз  мәнін  өңдендіре 
өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра 
түсу  үшін  оларды  өздеріне  ұқсас  өзге  затқа  не  құбылысқа  балау;  сөйтіп, 
суреттеліп  отырған  заттың  не  құбылыстың  мағынасын  үстеу,  мазмұнын 
тереңдетіп, әсерін күшейту. 
 
Кейіптеу  (орысша  -  олицетворение,  грекше  -  prosopopeia)  –  жансыз 
табиғат құбылысын тірі кісінің қылығымен ауыстыра суреттеу. 
 
Аллегория  (пернелеу,  грекше  allegoria  –  пернелеп  айту)  –  жай  ұғым 
қалпында  тұрған  дерексіз  нәрселердің  көзге  көрінер  деректі  нәрсеге 
ауыстырылуы. 
 
Символ  (астарлау,  грекше  symbolon  –  шартты  белгі)  –  бір  нәрсені  не 
құбылысты  тура  суреттемей,  бұларға  ұқсас  басқа  бір  нәрсеге,  не  құбылысқа 
құпия  теліп,  жасыра  жарыстырып,  бүкпелей  бейнелеу,  ойды  да  ашық  айтпай, 
тартымды тұспалмен түсіндіру. 
 
Метонимия  (алмастыру,  грекше  metenymia  –  қайтадан  атау)  –  өзара 
шектес  заттар  мен  себептес  құбылыстардың  өзара  байланысты  ұғымдар  мен 
шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет