Хіх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы


 ХІХ ғасыр әдебиетіндегі Қоқан хандығы езгісіне қарсылық сарын



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата22.12.2016
өлшемі0,86 Mb.
#52
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
6 ХІХ ғасыр әдебиетіндегі Қоқан хандығы езгісіне қарсылық сарын 
 
Мәделі  Жүсіпқожаұлы.  1816-1888  жылдар  аралығында  өмір  сүрген. 
Шымкент  облысы,  Қызылқұм  ауданы,  Қосжарсуат  мекенінде  туған.  Қазіргі 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс өңірі. Ол қазақ топырағындағы әрі батыр, әрі 
ақын азаматтардың бірі. Арғы атасы Желқожа, өз әкесі Жүсіпқожа елге мәлім, 
дәулетті  адамдар  болған.  Сол  дәулетті  пайдаланып  Мәделі  діни  медреседе 
оқыған.  Ескіше  хат  танып,  өлең-жыр  жазып,ауызша  да  айтып,  шығарып  та 
жүреді. Ол әр нәрседен хабардар болып, кітап оқып, өлең айтып, сал-сері босып 
өседі. Құран жаттау оның діни қабілетін жаскезінен ақ дамытады. Сол кездегі 

 
38 
Шығыс әдебиетінің көркем үлгілерін, әсіресе қиса дастандарды жатқа айтады. 
Халық  творчествосын,  Шығыс  классикалық  әдебиетін  игерген.  Оқудан  қолы 
босаған  сәттен  ескіше  жазумен,  өлең  жазумен  айтсқа  түседі.  Он  бесжасынан 
бастап  суырыпсалмалық  өлеңге  жаттығады.  Әсіресе,  өзіл-оспақ,  тақпақ, 
домбыраға  қосып  өлең  шығарып,  айтатын  болған.  Сол  меңгерген  өнері 
ақындық  өнерін  қойып,  молдалық  құрған  кезінде  де  ешкімге  сөзбен 
шалдырмауға  көмектесіп  отырған.  Өзі  тұстас  талай  ақын  –  жазушылармен 
айтысқа түскен. 
Мәделінің Айым деген қызға жұмбақ айтысынан үзінді келтірейік: 
Бауырым деп күймеген, 
Бауыры бүтін бар ма екен. 
Алыс пенен жақынды
Жоқтай білген бар ма екен. 
Ащы менен тұщыны, 
Татпай білген бар ма екен. 
Жақсы менен жаманды 
Айыра білген бар ма екен. 
Жақсы менен жаман сөз, 
Айтыспай білген бар ма екен, - 
деп,  сөзге  де,  ойға  да  бай  екені  көрінеді.  Ол  толғау  ақыны.  Оның  бізге 
жеткен  мұрасы  бас-аяғы  мың  жарым  жолдай  толғау.  Атап  айтсақ,  «Ахмет 
төреге»,  «Майлы  ақынға»,  тағы  басқа  толғаулары  бар.  «Мәделінің  елімен 
қоштасқаны»,  «Бір  жан  жақ  болыстыққа  талас  емес»,  «Еш  нәрсе  бұл  дүниеге 
болмас  тұтқа»,  «Бәйтерек  Байзақ  едің  мақтап  жүрген»,  «Іліп  алма»  т.б.  өлең-
жырларында өз кезеңінің алуан шындығын көрсеткен. 
«Бір  жан  жақты  болыстыққа  талас  емес»  тоқсан  алты  жолдық  өліңінде 
болыстыққа  таласқан  атаққұмар  қулар  мен  ақылсыздығын,  олардың  ел  қамын 
ойламай  дауды  қоздырып  жүргенін  ашына  жырлайды.  Ақынның  осы  толғауы 
1778  жылы  «Түркістан  уаляті»  газетінің  үшінші  санында  басылған. 
«Арыстанбайға»  атты  арнау  өлеңі  «Жас  қайрат»  журналында  1924  жылы 
жарияланған. 
Мәделі  дәулетті  ортадан  шыққаннан  кейін,  ешкімге  тәуелді  болмаған, 
ешкімнің  сойылын  соқпаған.  Ақынның  нағашысы  атақты  Шаншар  руының 
белгілі шешені, Қызыл би, әйелі Абылай ханның тұқымы, өмірі соғыспен өткен 
Кеңесарының қарындасы Қанипа болған. 
Мәделі өте алғыр, өжет, қайратты, тілі қатар жүретін адам болған. Ер жете 
ел  қамы  үшін  атқа  мініп,  Қоқан  өктемдігіне  қарсы  күрескен.  Әрі  батыр,  әрі 
ақын ретінде танылған. Патша отаршылдығына да наразылық білдірген. Елдегі 
алауыздыққа, жағымпаздыққа қарсы күрескен. 
Ақынның  көптеген  өлең-жырлары,  толғаулары,  айтыстары  қолжазба 
күйінде  Қазақстан  Республикасы  Орталық  Ғылыми  кітапханасының  қорында 
сақталған.  Мәделінің  шығармашылық  қызметіне  алғаш  баға  беріп,  мақала 
жариялап,  оқулыққа  енгізген  профессор  Х.Сүйінішәлиев.  Кейін  ақынның 
аздаған  шығармалары  М.Ө.Әуезов  атындағы  әдебиет  және  өнер  институты 

 
39 
қызметкерлері құрастырған «ХІХ ғасыр қазақ поэзиясы» атты жинақта басылды 
(1985ж). 
Майлықожа  Сұлтанқожаұлы.  1835-1898  жылдар  аралығында  өмір 
сүрген.  1835  жылы  Шымкент  облысы,  Қызылқұм  ауданында  туған.  Қазіргі 
Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы, Қожатоғай ауылы. Жасынан ауыл 
мектебінен  ескіше  хат  танып,  өз  бетімен  білім  алған,  қазақ  поэзиясының 
дәстүрін  меңгерген.  Шығыс  әдебиетімен  жақсы  таныс  болған.  Кейін  оның 
кейбір  үлгілерін  қазақ  тілінде  де  жырлаған.  Өлең  өнеріне  жетік,  нақыл-ақыл 
сөздерге  шебер,  шешен  саналған.  Өлеңді  ауызша  да,  жазбаша  да  шығарған. 
Айтысқа да түскен. Көптеген арнау, толғаулар шығарған. 
Майлықожаның  қалдырған  әдеби  мұрасын  жанры  мен  мазмұнына  қарай 
төрт тақырыпқа бөлуге болады:  ғибрат, нақылдар («Жолдас болсаң жақсымен», 
Жақсы  адам  қартайса»,  «Құлақ  салған  халайық»);  арнау  өлеңдер 
(«Тұрлыбекке»,  «Ахмет  төреге»,  т.б.);    дастан,  мысалдар  («Қасқыр»,  «Үш 
жігіт», «Топынама», «Аңқау мен қу»); айтыстар (Құлыншақ, Гүлжаным, Мәделі 
қожа, Күдері қожа, Сүйінбай). 
Майлықожаның бес өлеңін тұнғыш рет 1883 жылы Я.Лютин құрастырып, 
Ташкентте бастырған «Қырғыз хрестоматиясы» атты жинаққа енді. Одан кейін 
Оспанұлының  зерттеуі  арқылы  біраз  шығармалары  баспа  бетін  көрді.  1973 
жылы  «Нақылдар»  жинағы  шықты.  Ол  шығармаларында  Қоқан  хандығына 
қарсы  күрескен  елдердің,  аштық  жылдарындағы  қазақ  халқының  күйзелісін, 
еңбекке,  елге  шексіз  сүйіспеншілігін  жырлайды.  Майлықожа  ақын 
жыраулықпен  қоса  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  жазып  жинаумен  де  шұғылданған. 
Ақын  шығармалары  «Үш  ғасыр  жырлайды»(1904),  «Бес  ғасыр  жырлайды» 
(1985)»,  Ай,  заман-ай»  (1991)  кітаптарында  және  «Нақыл»  (1973)  атты 
жинағында жарияланды. 
Құлыншақ  Кемелұлы.  1840  жылы  қазіргі  Шымкент  облысы,  Созақ 
ауданы,  Жартөбе  ауылында  туған.  Ақын  өз  бетімен  ізденіп,  ескіше  сауатын 
ашады.  Шығыстың  қиса-хиқаяларын,  классикалық  әдебиетін  көп  оқыды.  Өз 
жанынан өлең шығарып, терме, жыр айтады. «Көлбайға», «Дүйсенбі датқаға», 
«Құдды  мініп,  құланды  құрықтап  жүр»  дейтін  толғауларында  ел  билеген 
пысықтардың  зұлымдықтарын  бетіне  басады,  жүгенсіз  іс  -әрекеттеріне 
наразылық  білдіреді,  үстем  топқа  қарсы  күреске  ел  бастаған  батырларды 
дәріптейді.  Сөз  өнерінің  құдіреті,  ақындар  дәстүрінің  жалғасуы  «Шырын 
шекер»  дастанында,  «Оңдыбайға»,  «Майлыға»,  «Мәделіге»  т.б.  өлеңдерінде 
көрінеді.  Құлыншақ  сыр  бойын,  Жетісу  өлкесін  аралап,  Майлықожа,  Шөже, 
Тама  Берекет,  Молда  Мұса,  т.б.  ақындармен  айтысқан.  «Алпамыс»  эпосының 
көркем,  толық  нұсқасын  айтқан.  Жамбыл  Жабаев  Құлыншақтың  ақындық 
шеберлігін жоғары бағалаған. 
Айтысқан ақынына мін таққыш, табан асты сөз тапқыш Құлыншақ халық 
ішінде  беделді  болған.  Оның  шешендігіне,  шыншылдығына  ел  риза  болып 
ардақтаған.  Әсіресе,  заманындағы  билікті  қолына  ұстап,  өз  дегенін  істеп,  еш 
нәрседен шіміркенбейтін қара пейіл үстемдерді, сараң байларды өлтіре әжуалап 
отырған.  Сондай-ақ  әлеуметтік,  қоғамдық  мәселелерді  көтеріп,  адамгершілік 

 
40 
ақылдар  айтқан.  Мәселен,  «Дүниеде  не  ғаріп»  толғауында  ақын  табиғи 
құбылыстарды адам өмірімен ұштастыра термелеп, терең ой қозғайды. 
Енесі жүдеп нашарлап, 
Ертелеп туған тыл ғарып. 
Әуеден жауын кем болып, 
От шықпай қалса, жер ғарып. 
Басшысы нашар жалығып,  
Ынтымақ кетсе , ел ғаріп, 
Көк ала жылқы болмасы
Бетегелі бел ғаріп. 
Қаз үйрегі болмаса, 
Айдынды шалқар көл ғаріп. 
Қатарынан кем тартып, 
Қуаты қашқан ер ғаріп. 
Суырып  салма  өнеріне  жетік,  ділмар  ақынның  өзінің  өмірі  туралы 
толғаулары да тартылды. Нағыз жүлдегер жүйріктерге суырылып озып шыққан 
өрен  саңлақтың  өзін  танытады.  Өзінің  бар  өмірін,  бойындағы  бар  қасиетін 
халыққа  ғана  арнаған  ақынның  тағдырға  өнер  шашуды  мақсат  етуі-оның 
азаматтық мұратының куәсі дерлік. 
 
?! 
1) Қоқан езгісіне қарсылық білдірген батырларды атаңыз? 
2) Майлықожаның адамгершілік сипаттағы ғибратты толғауларын атаңыз? 
3) Майлықожаның аллегория тәсілімен құрылған толғауларын атаңыз?  
4)  Мәделіні ұстаз тұтқан кімдер? 
 
 
7 Зар заман поэзиясы 
 
1927 жылы М.Әуезов әдебиет туралы тарихи мәселедегі аса мәнді жайлар 
есебінде мынадай күрделі сұрақтарға өз тұжырымын ұсынды. Зар заман деген 
бағыт  неден  басталып,  немен  бітті?  Ақындары  кімдер?    Әдебиетте  бұл  дәуір 
қандай орын алады? 
М.Әуезов  жүз  жылдық  дәуір  аталған  зар  заман  әдебиетіне  байланысты 
бірнеше тұжырым жасады. 
1.  Зар  заман  әдебиетін  туғызушының  бірі  –  жырау.  Оның  қазақ 
әдебиетіндегі орны, өнері, өлеңі несімен ерекше. 
2. Тарихи жыр - зар заман әдебиеті тұсында туған түр. 
3. Зар заман кімнен басталып, кімнен аяқталады. 
4. Зар заман әдебиетінің негізгі сарындарына айғақтар. 
5. Зар заман әдебиетінің жанр, түр, өлең үлгісі. 
Осы  тұжырымдамалардың  ішінде  әлі  де  ілгері  дамытуды,  ашуды  күтіп 
жатқаны аз емес.Соның жырау өнернамасы, ауызша әдебиет пен жазба әдебиет 

 
41 
арасындағы өтпелі кезең ерекшеліктері, зар  заман әдебиетінің жанр, түр, өлең 
үлгісі, қай ақын қай сарынмен сөйледі дегендей жайлары әсіресе көкейкесті сол 
әдебиеттің ғылыми-көркемдік негіздерін нығайта түсуге қажет шарттар. 
Жыраулық - қазақтың сөз өнер топырағындағы өзгеше бір құбылыс. Дулат, 
Мұрат, Шортанбайлардың заман күйін жырлаған толғаулары сол үлкен өнердің 
бір қыры. 
Әрине,  әдебиеттегі  зар  заман  ағымы  мәселесіне  М.Әуезовтың  ғасыр 
басындағы  пікірлері  арқау  болып  қала  береді.  Бүгінгі  әдебиеттану  ғылымы 
жеткен  меже,  таным  деңгейінен  арғы-бергіні  саралап,  елеп-  екшелеу  ғана  бұл 
ағымды  қазақ  әдебиетінің  тарихындағы  бір  арна  есебінде  түпкілікті 
орнықтыруға,  ғылыми  негіздеуге  мүмкіндік  бермек.  Себебі,  зар  заман  ұғымы 
бірде  ақиқаттың  баламасы  болды,  бірде,  жат  пиғылдық  атауы  болды,  бір 
кездерде әдеби, ғылыми айналымда мүлде «ұмытылды». 
Қазақ әдебиеті тарихы мәселелері түрлі саяси  науқандар тұсында көптеген 
бұрмалауды,  бұралаң  жолдарды  бастан  кешті.  Әдебиет  тарихында  кімдер 
қалып,  кімдер  аталмауы  керек  деген  мәселе  төңірегінде  ұзақ  жылдар  бойы 
айтыс-тартыс үзілмеді. 
Әдебиет  тарихын    дәуірлеу  мәселесінде  «зар  заман»  аталған  дәуірге 
байланысты  айтылған  ой-пікір,  солардан  туындаған  ғылыми,  танымдық 
мәселелер аз емес. М.Әуезов зар заман, отаршылдық дәуір әдебиетіндегі уақыт 
мерзімін іштей ХYІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасыр әдебиетіне жатқызады. 
Қазақ  әдебиетінің  тарихын  дәуірлеу  мәселесінде  ең  әуелі  қай  дәуірден 
бастаймыз, әдебиет тарихына кімдер енуі керек деген жайлар тұрды. 
М.Әуезов  «Әдебиет  тарихында»  қазақ  әдебиеті  тарихын  дәуірге  бөлудің 
алғашқы айғақтарын жасап, әдебиетімізді халық ауыз әдебиеті және зар заман 
ақындары  деген  межелерге  бөліп  қарастырады.  Зар  заман  әдебиеті  жасаған 
дәуірді жүз жылдық дәуір деп бөледі. 
«Әдебиет тарихы» оқулығының жүйесін саралай отырып, ғалым  Мекемтас 
Мырзахметов  жүз  жылдық  кезеңді  отаршылдық  дәуір  әдебиеті  деп  атауды 
ұсынды. 
Зар  заман  ағымы  отаршылдық  дәуірдің  көп  өзгешелігін  қамтыған  үлкен 
әдеби ағым. Ол дәуірде өзіндік саяси, теориялық өзгешелігімен жаңа сипатты, 
әлемдік  деңгейдегі,  европалық  мәндегі  профессионал  әдебиеттің  де  туып, 
жасағаны мәлім. Бір дәуірдің әдебиеті, оның негізгі сарын-бағыты, түр, мазмұн 
өзгешелік-ерекшелгі  жөнінен  Дулат,  Мұрат,  Шортанбайлар  өмір  сүрген  кезең 
белгілі бір деңгейде сараланып ,бағаланды. Мысалы: 
             Мына заман қай заман!? 
             Азулыға бар заман, 
             Азусызға тар заман... 
             Мұның өзі зар заман... 
             Зар,зар заман, зар заман ... 
             Зарлап өткен бір заман ... 
             Зар заманның аяғы –  
               Заманың кетті баяғы..., деп Шортанбай нақтылай түседі.  

 
42 
1731  жылы  Кіші  жүз  қазақтары  Әбілхайыр  ханның  бастауымен  орыс 
патшасы  Анна  Ивановнаға  ант  беріп,  бағынған  болатын.  Орта  жүз  қазақтары 
Ресей патшасына бұдан 35-40 жыл кейін – ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында 
Абылай  хан  заманында  бағына  бастаған  еді.  Ұлы  жүз  қазақтары  орыс 
патшасына  ХІХ  ғасырдың  60-жылдарында  бағынды.  Сөйтіп,  қазақ  даласының 
Ресейге  бағынуы  130  жылға  созылды.  Ресей  патшасы  отарлау  саясатын 
біртіндеп  жүргізді.  Оны  қазақ  даласына  бекіністер  салып,  Ресейдің  түпкір-
түпкірінен казактар мен Украинаның жерсіз қалған шаруаларын көшіріп әкеп, 
қазақтардың  суармалы  шұрайлы  жерлерін  тартып  әперуден  бастады.  1743 
жылы  Орынбор  қамалы  орнады.  ХҮІІІ  ғасырдың  30-40  жылдарында 
Верхнеуральскіде  ұзындығы  770  шақырым  УЛСК  бекініс  шебі  салынды.  Осы 
шептің бойында Қарағай, Қаракаль, Крутоянск, Уст-УЛСК қамалдары салынды. 
1770  жылдары  Тройцк,  Семей,  Орал  қалалары  ірге  көтерді.  Қамалдарды  орыс 
армиясы  күзетіп  тұрды.  Әскерлерді  ұстау  үшін  патша  үкіметі  жергілікті 
халықтардан  ақшалай,  заттай  алым-салық  жинап  отырды.  Бұл  алым-
салықтардың  ауыртпалығы  еңбекші  халықтың  мойнына  түсті.  1822  жылы 
патшалы  Ресейдің  қазақ  даласын  бөлісу  жөніндегі  жаңа  Ережесі  шықты.  Бұл 
Ереже  бойынша  бұрынғы  ел  билеудің  хандық  жүйесі  жойылып,  оның  орнына 
округтер құрылды. Округтердің басына патша үкіметінің қолдауымен сайланып 
қойылған  қазақтың  хан,  төре  тұқымдарынан  шыққан  аға  сұлтандар 
отырғызылды.  Аға  сұлтанның  екі  орынбасары  тағайындалды.  Оның  біреуі 
ақсүйек тұқымынан шыққан тақты билерден болса, ал екіншісі орыстың әскери 
майор  шенді  офицері  болды.  Округтер  –  үйездерге,  үйездер  –  болысқа,  ал 
болыстар – старшиндерге бөлінді. Болыс старшиндер сайланып қойылды. Билік 
басына келу үшін жоғарғы шенді орыс әкімдеріне пара беру керек еді. Сөйтіп, 
патша үкіметі қазақ байларын билікке таластырып қойып, өздері қойған сенімді 
адамдары  арқылы  басқарып,  өздері  олардың  ел  билеудегі  іс-әрекетін  бақылап 
отырды. Ел ішінде пара алып дау-дамайды шешу, өтірік-өсек айтып бір-біріне 
жала жабу, өтірік арыз беру, жесір дауы, жер дауы, барымта, тонау етек алды. 
Осы әділетсіздіктерді көріп күйінген Дулат, Мұрат, Шортанбай секілді ақындар 
өткен  хандық  дәуірін  көксеп,  жаңа  заманның  бұзылуын,  орыс  әкімдерінің  
озбырлығын сынады. 
Қазақ  әдебиеті  тарихындағы  ағым,  бағыттарды  саралау,  бекіту  жайы, 
сарындарын жіліктеп-жіктеу жайы ХІХ ғасырдың соңынан бері сөз болып келе 
жатыр, ғылыми жүйеге біртіндеп түсуде. Сөз етіп отырған зар заман әдебиеті, 
зар  заман  бағыты,  зар  заман  ағымы,  зар  заман  сарыны  деп  санамызға  әбден 
қалыптасып,  сіңіп  кеткен  ұғымдардың  ғылыми-теориялық  негіздері  тұтастай 
аяғына дейін сараланып болмағанын дәлелдеу. 
Жалпы,  қазақ  әдебиетіндегі  бағыт,  ағым  атаулының  ажыратылып  айта 
бастауы  ХІХ  ғасырға  жатқанымен,  ғылыми  негізде  қарастырылуының  өзі  зар 
заман әдебиетінің негізін қалап, әдебиеттегі ағымды айғақтаушымен бірге ғана 
басталған,  жазба  әдебиетінің  пайда  болуымен  тығыз  байланысты.  Ендеше, 
бағыт,  ағымдардың  айқындалуы,  әдеби  өмірге  енуінің  шартының  бірі  - 
әдебиеттің  жазбаға  көшуі.  Зар  заман-  қазақ  әдебиетінің  «кезең  асқан  дәуірі». 
Ағым,  бағыттар  онымен  бірге  туды.  Ендеше,  зар  заман  ағымы-  қазақ 

 
43 
әдебиетіндегі бар  ағым атаулының, бұрын –соңды байқалып, бекіген ағымның 
басы. 
Академик  Зейнолла  Қабдолов  ағым,  бағыт  ұғымдарын  жан-жақты 
негіздейді. 
Әдеби  ағым-  идеялық-көркемдік  бірлік,  әрбір  әдеби  ағым-әр  дәуірдегі 
идеологиялық  күрестің  әдебиеттегі  көрінісі,  әдеби  ағым  –  тарихи  категория: 
белгілі  бір  қоғамдық  жүйенің  бөлімі  кезеңдегі,  белгілі  саяси  әлеуметтік 
сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады.
 
 Зар 
заман ақындарының кейбірінікі дін, кейбірінікі таза адамшылдық, тағы бірінікі 
шала  күйде  айтатын  оқу  өнер.  Бұлардың  сөз  қылған  жайлары  басқа-басқа 
сияқты  болып,  атаған  елдері  әр  түрлі  болғанымен,  барлығының  басын  қосқан 
ортақ  жері  бар.  Ол  ортақ  жері:  заман  көлінің  қайсысынан  туатын  өкініш,  зар 
өткендей  ойлап,  күрсініп,  сағынып,  қазірден  қажып,  торығу,  алдыңғыдан 
шошып, қорқу, сондықтан ыңыранып, зарығу, жылауына зорлау. Зар заманның 
пісіп жеткен кезіндегі толық шыны осы. 
Соңғы  заман  өлеңдеріне  зар  заман  деген  атау  қойдық.  Бұл  атаудың  иесі 
Шортанбай  ақын  «Зар  заман»  деген  өлеңінде  өзі  көріп  тұрған  қазақ  өмірінің 
барлық суретін айтады. 
Сол суреттер бойынша Шортанбай өмір сүрген заманның хал-жайы қалай 
пішінделеді, соны көрелік.  
Шортанбай әуелі бұрыннан көп айтылып келе жатқан «Заманға» қай заман 
екенін атап, ат қояды. 
             «Мынау ақыр заманда 
             Алуан, алуан жан шықты, 
             Арам, араз хан шықты, 
             Қайыры жоқ бай шықты, 
             Сауып ішер сүті жоқ, 
              Мініп көрер күші жоқ, 
             Ақша деген мал шықты»...  
Баяғыдан  құбылып,  бұзылып  келе  жатқан  заман,  өзге  заман  екен. 
Сондықтан  «ақша  деген  мал  шығып,  қайыры  жоқ  бай  шыққаны»  ақыр 
заманның белгісі. Заманның осы сияқты жаман белгісі «зар заманның» ішінде 
көп  айтылады.  Ел  өмірінде  бұрынғыдан  өзгерген  жаңалық,  жаттық  болса, 
барлығы  да  оңар  заман  нысанасы  еді.  Зар  заман  ақындарының  ішінде  қауым 
тіршілігіне, әлеуметтің қайғысын дін бояуымен бояп айтқан – Шортанбай.  
 
?! 
1) Зар заман ақын толғауларының негізгі сарынын атаңыз? 
2) Мұрын жырауға Мұрат ақын қандай батырлық жырларды үйреткен? 
3) Алмажан Азаматқызының «Жетім қыз» дастанындағы кейіпкерлерді атаңыз? 
4) Шортанбай толғауларында қандай теңеулер кездеседі? 
5)Шортанбайдың араб әрпімен жазылған дастандарын атаңыз? 
6) С.Мұқанов еңбегінде Шортанбайдың қандай үш зарын атап көрсетеді? 

 
44 
7) Қ.Өмірәлиев Дулат өлеңдерін қандай үш түрге бөледі? 
8) Дулат Бабатайұлының дастандарын атаңыз? 
9) Мұрат ақын туындыларының жанрларын атаңыз? 
10)  Мұрат  ақынның  болыстық  билікке  наразылық  ниетіндегі  туындылары 
атаңыз? 
11) Мұрат ақынның әсемдік әлемін танытатын туындыларын атаңыз? 
12) Мұрат ақынның өмір, тіршілік туралы толғауларын атаңыз? 
13)  Мұрат  Мөңкеұлының  «Үш  қиян»  дастанында  қандай  жер  атаулары 
аталады? 
 
7 ХІХ ғасырдағы жаңа жазба әдебиет 
 
Қазақ  әдебиетiнiң  өскелең  бағытын  айқындауда  ХІХ  ғасырдың  екiншi 
жартысында  туған  демократтық-ағартушылық  әдебиеттiң  орны  ерекше.  Бұл 
әдебиеттiң  өкiлдерi  Ыбырай  Алтынсарин,  Абай  Құнанбаев,  Шоқан  Уәлиханов 
ғылым-бiлiм,  оқу-өнер  арқылы  алдыңғы  қатарлы  елдерге  теңелуге,  теңдiкке 
жетуге болатынына сендi. Шоқанның ғылыми көзқарасы, қызметi арқылы қазақ 
елi  iшiнде  ағартушылық,  демократиялық  идеялар  тарады.  Ыбырай  әдебиетке 
деген  ұғым,  түсiнiктi  жаңартып,  оның  жас  ұрпақты  тәрбиелеудегi  ұлы  күш 
екенiн көрсеттi. Өзi балаларға арналған әңгiмелер, өлеңдер жазды. Көркем сөз 
өнерiнiң  кемелденуi,  өлең  сөздiң  қоғамдық  қызметiн  көтеру,  сол  негiзде  жаңа 
көркемдiк  әдiс  —  реализмдi  қалыптастыру  ұлы  Абайдың  үлесiне  тидi.  Ол 
Еуропа  мен  орыстың  классикалық  әдебиетiн  еркiн  меңгерiп,  көркемдiк  таным 
мен талғамға жаңа талаптар қойды, жаңа сипатты поэзия туғызды. Классикалық 
әдебиет үлгiлерiн қазақ тiлiне аударып, қазақтың төл әдебиетiмен қатар қойды, 
Қ. әдебиетінiң эстетикалық принципi Абай шығармаларында жүзеге асты. 
ХІХ  ғасыр  әдебиетi  ұлттық  таланттардың  көптiгiмен  және  олардың  бiр-
бiрiне  ұқсамайтын  сан  алуандығымен  көзге  түседi.  Онда  айтыс  ақындары 
(Жанақ,  Шөже,  Орынбай,  Түбек,  Бақтыбай,  Кемпiрбай,  Сабырбай,  Сара, 
Ырысжан, Ұлбике, Тәбия, Ақбала, т.б.), әншi ақындар (Бiржан сал, Ақан Серi, 
Сегiз  Серi,  Мұхит,  Жаяу  Мұса,  Балуан  Шолақ,  т.б.),  қиссашыл  ақындар 
(Жүсiпбек  Шайхисламов,  Ақылбек  Сабалов,  Шәдi  Жәңгiров,  Мәулекей 
Юманчиков,  Кашафутдин  Шахмарданұлы,  т.б.)  жыршы-жыраулар  дәстүрiн 
жалғастырып,  халықтық  әдебиет  үлгiлерiн  сақтап  жеткiзушiлер  (Марабай, 
Абыл, Нұрым, Мұрын, Ығылман, т.б.) қатар өмiр сүрдi. Бұлардың барлығы өз 
мүмкiндiктерiнше  әдеби  арнаны  толықтырды,  өмiрдi  өзiнше  танып  жырлады. 
Қазақ  тiлiндегi  алғашқы  кiтаптар  осы  кезде  басылды  (“Өсиет  наме”  —  1880, 
“Бала  зар”  —  1890,  “Диуани  хикмет”  —  1896,  т.б.),  фольклорлық  мұралар 
жинақталып, жарық көре бастады. 
 
8 Шоқан Уәлиханов   
(1835-1865) 
Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 
отандық  ғылым  мен  әдебиет  тарихында  үлкен  орын  алады.  Оның  қысқа  да 
жарқын  өмірі  мен  ғылыми  қызметі  қазақ  халқының  көпғасырғы  дамуының, 

 
45 
рухани ізденістерінің тамаша қорытындысы, биік жалғасы болды, қоғамдық ой-
сана, пікір-тұжырым биіктей өркендеуіне ықпал етті. 
          1856  жылы  Шоқан  полковник  М.М.Хоментовский  басқарған  әскери-
ғылыми  экспедициға  қатысады.  Қырғыз  елін  жете  зерттеуге,  Ыстықкөл 
аймағының картасын түсіруге тиіс болған бұл экспедицияға қатысу Шоқанның 
ғылыми  жұмысын  ойдағыдай  жүргізуіне  мүмкіндік  берді.  Ыстықкөлге,  одан 
ары Қытай империясының Құлжа қаласына саяхатты және 1856-1857 жылдары 
Жетісу, Тянь-Шань сапарларында П.П.Семенов-Тянь-Шанскиймен бірге болуы, 
Қырғыз Алатауына екінші рет баруы нәтижелері оның «Қытай империясының 
батыс өлкесі және Құлжа қаласы» деген зерттеу еңбегі; «Ыстықкөл сапарының 
күнделігі»,  «Қырғыздар  туралы  жазбалар»,  қырғыз  эпосы  «Манасты»  жазып 
алып,  біраз  тарауын  тұңғыш  рет  орысшаға  аударуы,  оған  тарихи  және  әдеби 
талдаулар жасауы, Жетісу, Ыстықкөл аймағының фаунасы мен флорасы туралы 
зерттеу  жазбалары,  ориентологиялық,  энтомологиялық  коллекциялары, 
гербарийле  еді.  Сонымен  қатар    сапарларында    қызмет  бабына  сәйкес  Қытай 
мен Рессей қарым-қатынасын да реттескен. 
             Шоқан 
Шыңғысұлы  Уәлихановтың  тарих,  география,  әдебиет 
саласындағы  еңбектері  Петербург  ғалымдарының  да  назарына,  ылтифатына, 
бағасына  ие  болып,  20-дан  жаңа  асқан  Шоқан  1857  жылы  27  ақпанда  Орыс 
география  қоғамының  толық  мүшесі  етіп  сайланады.  Бұл  орыс  қоғамы 
зиялыларының,  орыс  ғылымының  жас  ғалым  еңбектерін  зор  бағалағандығы, 
ғылым мен мәдениетке қосқан үлесін мойындағандығы еді. 
       1861  жылдың  көктемінде  денсаулығы  тым  нашарлап  кетуіне  байланысты 
Шоқан  Уәлиханов  Петербургтен  туған  жеріне  оралды.  Мұнда  ол 
творчествалық, ғылыми ой толқындарын өрістете берді, ғылыми еңбектерімен 
шұғылданады,  талай  ақын-жыршылардан  өлең-әңгімелер,  аңыз-ертегілер 
жинады,  талдаулар  жасады,  қоғам  құрылысына  көп  көңіл  бөлді,  үстем  тап 
өкіметінің  жүгенсіздіктерін,  озбырлық-зорлықтарына  қарсы  күресуді,  сөйтіп 
қазақ  халқының  тіршілік-тынысын  жақсартуға  көмектесуді,  әділеттілікті 
ойлады.  Шоқан  Уәлиханов  Атбасар  округының  аға  сұлтандық  қызметіне 
сайлауға  қатысып,  көпшілік  дауыс  алғанымен,  Сібір  әкімшілігі  оны  аға 
сұлтандыққа  бекітпеді,  өйткені  демократтық  бағыттағы  озық  ойлы  ғалым 
билеуші  топ  үшін,  зорлықшылар  мен  жемқорлар  үшін  қауіпті  де  кедергі 
болатын  адам  деп  есептеледі.  «Менің  сұлтан  да  болғым  келген  еді,  ондағы 
ойым  халқыма  қызмет  етіп,  оларды  чиновниктер  мен  бай  қазақтардың  қатал 
қысымынан қорғау еді»-деп жазды Шоқан Ф.М.Достоевскийге. 
         Ол  Омбыға  барып,  сол  кезде  Қазақстанда  сот  реформасын  жүргізудің 
жобасы      жасалып  жатқанда,  облыстық  басқарманың  заң  комиссиясының 
жұмысына қатысады, сот реформасы елге тиімді, пайдалы болуды талап етеді. 
Бұл  тұста  оның  «Сот  реформасы  туралы  жазбалар»  еңбегінің  маңызы  да  аса 
зор.  Онда  қазақ  қоғамының  экономикалық,  саяси,  рухани  жағдайлары  және 
қазақ халқының болашақ даму негіздері мен жолдары терең талданды.  Шоқан 
Шыңғысұлы  Уәлиханов  «...Азаматтық  жағынан  өсіп-өркендеуінде  үлкен  үміт 
туғызып  отырған,  орыстарды  отандас  туысқанымыз  деп  санап  отырған  және 
орыс  мемлекетінің  қарамағына  еркімен  қосылып  отырған  миллиондаған 

 
46 
адамдардың  тағыдыры,  Шекспирше  айтқанда  «болу  не  болмау»  деген  сияқты 
үзілді-кесілді  мәселелерді  шешерде  көбірек  көңіл  бөліп,  көбірек  қамқорлық 
жасауға тұратын іс сияқты», одан әрі  Шоқан қазақ елінің дамуы үшін қандай 
шаралар қажет екенін егжей-тегжейлі сөз етеді. 
          1864  жылдың  көктемінде  Шоқан  Уәлиханов  Оңтүстік  Қазақстанды 
Рессейге  қосу  жөніндегі  полковник  М.Г.  Черняевтің  әскери  экспедициясына 
шақырылады, Әулие ата қамалын алуға қатысады. Бірақ жергілікті халықтарға 
Черняевтің,  оның  әскери  қызметкерлерінің  көрсеткен  озбырлығы  мен 
қаталдығына  наразы  болған  бір  топ  офицермен  бірге  Шоқан  1864  жылы 
армиядан  бөлініп,  Верныйға  (Алматы)  келеді.Ол  албан  руының  аға  сұлтаны 
Тезек  төренің  ауылына  барып,  жергілікті  тұрғындарының  аңыз-ертегілерін 
жинап,  зерттеумен  шұғылданады,  сол  кезде  Батыс  Қытайдағы  қоғамды-саяси 
жағдайдың  шиеленісуіне  байланысты  болған  дүнгендер  көтерілісіне  көңіл 
бөледі. Жұмыс бабымен Қапалға оқта-текте келіп жүрген бір сапарында Шоқан 
Шыңғысұлы Уәлиханов «Русский инвалид» әскери газетіне Құлжадағы жағдай, 
дүнген  қозғалыстарына  байланысты  мақала  жіберді,  ол  мақала  осы  газеттің 
1865 жылғы 51 санында жарияланды, бұл оның ең соңғы еңбегі еді. 
         Шоқан  Уәлиханов  өзінің  қысқа  өмірінде  қоғамдық  ғылымдардың  алуан 
саласында-  тарихта,  шығыстануда,  географияда,  этнографияда,  экононмикада, 
филологияда, 
өнертануда-көптеген 
құнды 
еңбектер 
қалдырды. 
Ол 
Қазақстанның,  Орта  және  Орталық  Азияның  түрік  тілдес  халықтарының-
қазақтың, қырғыздың, өзбектің, ұйғырдың, түрікменнің тарихы мен сол кездегі 
жағдайы,  тілі  мен  әдебиетін  терең  зерттеумен  шығыстану  ғылымына  зор  үлес 
қосты.  Шоқанның  «Қазақтың  шежіресі»,  «Жоңғария  очерктері»,  «Қазақтар 
туралы  жазбалар»,  «Абылай»,  «Көне  замандағы  қазақтың  қару-жарақ,  сауыт 
саймандары»,  «Даладағы  мұсылмандық»,  «Қазақтағы  шаман  дінінің 
қалдықтары»,  «Қазақтың  көші-қоны»,  «Оңтүстік  Сібір  тайпаларының  тарихы 
туралы пікірлер», «Ыстықкөл күнделіктері» тағы басқа еңбектерінде Қазақстан 
мен  Орта  Азиядағы  түрік  халықтарының  келелі  мәселелері  кеңінен  зерттелді 
және де зерттеулер де, мәселелер қою мен шешуде қазақ ғалымы дұрыс ғылыми 
бағыт ұстағаны кейінгі оқымыстылар зерттеулері арқылы расталды, бүгінгі күні 
де ғылыми мәні сақталды. 
Шоқан  Шыңғысұлы  Уәлиханов-қазақ  және  қырғыз  халықтарының  бай 
әдебиет қорын тұңғыш зерттеуші екендігі де ерекше. Қазақ көркем сөз өнерінің 
кейбір  үлгілерін  ол  жас  кезінде-ақ  білген,  оған  деген  ықылас-қызығуы  кадет 
корпусында  оқыған  жылдары  мен  қызметтері  кезінде  арта  түскен  де,  1850 
жылдардың  орта  шенінен  өмірінің  соңғы  сәттеріне  дейін  зерттеумен 
шұғылданған.  Шоқан  Шыңғысұлы  Уәлихановтың  халықтардың  әдеби 
мұраларының үлгілері туралы ой-тұжырымдары бүкіл ғылыми зерттеулерінде, 
еңбектерінде  қазақ  және  қырғыз  әдебиеттері  туралы  арнайы    шолғандары: 
«Қазақтың  халық  поэзиясының  үлгілері  туралы»,  «Орта  жүз  қазақтарының 
аңыз-ертегілері»,  «ХVІІІ ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар», «Едіге 
мен  Тоқтамыс  туралы  аңыз»,    «Едіге»,    «Шона  батыр»,    «Манас»  жырын 
тұңғыш  зерттеуі  және  оның  «Көкетай  ханның  асы»  деген  үлкен  бір  бөлімін 
орысшаға аударуы т.б. 

 
47 
   Заманында 
дүниежүзілік  ғылымға  елеулі  үлес  қосқан  Шоқан 
Уәлихановтың  әр  салалы,  терең  мазмұнды  еңбектері,  өзінің  асыл  тұлғасы  мен 
жарқын  бейнесі  тарихтың  әр  кезеңінде  жоғары  бағаланды.  Ол  туралы 
замандастары жан тебірентерлік жылы лебіздер қалдырды. Шығысты зерттеуші 
әйгілі  ғалым  Е.И.Ковалевский  Шоқанды  «Асқан  данышпан  жас  жігіт», 
«Тамаша  ғалым»,  «қазақ  халқының    ең  жақын  досы  әрі  орыстың  мемлекеттік 
мүддесін  қадір  тұтушы»  деп  атады.  «Шоқан  қазақ  ішінен  оқырман  қауымын 
тапқан  болса,  ол  өз  халқының  шын  мәнісіндегі  асқан  данышпаны  болар  еді»-
дейді  Г.Н.Потанин.  «Шоқан  Шыңғысұлы  Уәлиханов  Шығыс  тану  әлемінің 
аспанынан  құйрықты  жұлдыздай  жарқ  етіп  өте  шықты.  Орыс  ориенталистері 
бірауыздан  оны  таңғажайып  құбылыс  деп  қарады,  одан  түркі  халықтарының 
тағдыры  туралы  аса  маңызды  ұлы  жаңалықтар  ашады  деп  үміт  күтіп  еді»-деп 
жазды аты әйгілі шығыстанушы ғалым Н.И.Веселовский. Оның редакциясымен  
Шоқан  Шыңғысұлы  Уәлиханов  шығармаларының  жинағы  Петербургте  1904 
жылы жарық көрген еді.  
 
Шоқан  еңбегін,  өмірін  зерттеген  ғалымдар  көп-ақ.  Олар  Уәлихановтың 
шығармашылығын жай ғана зерттеп қоймай, өз еңбектерін кітап ретінде басып 
шығарған. Бұған дәлел ретінде С.Мұқановтың «Жарқын жұлдыздар», Марғұлан 
Ә.Х.  «Шоқан  және  Манас»,  М.О.Әуезов  «Ф.М.Достоевский  және 
Ш.Уәлиханов»,  Ахметов З. «Шоқан Уәлиханов - әдебиетші-ғалым» т.б. сынды 
еңбектерді келтіре аламыз. 
 
Шоқан  жайлы  өзінің  көзі  тірісінде  және  кейінірек  батыс,  орыс 
ғалымдарының айтқан сөздеріне құлақ ассақ: 
 
«Современник»  журналы  ғалымның  көзі  тірісінде-ақ  ол  туралы  1864ж. 
былай деп атап көрсетті: 
 
«Ш.Уәлихановтың  қабілеттілігі  және  жігерлілігі  сонша,  Сібірде  тұратын 
бұратана халықтар арасында бұрын-сонды ондай адам болған емес». 
 
Батыстың зиялы қауымы Шоқанның ардақты есімін 60 жылдарда «Ресей 
туралы  ғылыми  танымдар  архиві»  журналының  (ағылшын  және  неміс) 
басылымдары арқылы танып білді. Американ зерттеушісі Томан Виннер өзінің 
«  Орыс  Орта  Азиясы  қазақтарының  әдебиеті  мен  ауызша  шығармалары  
кітабында»:  «Шоқанды  Ч.Диккенстің,  ағылшын  жазушы-саяхатшыларының 
еңбектері баурап алды»,-  деп жазды. 
 
Француздың  жаһанды  шарлаған  жиһангез  географы  Франциядағы  1848 
жылғы  революцияға  қатысқан  Элизе  Реклю  «Жер  және  адам»  деген  он  тоғыз 
томдық күрделі еңбегінде Шоқан атын П.П.Семеновпен қатар қойды. 
 
Ғалымның  замандасы  Н.М.Ядринцев:  «Әрқашан  оның  жұқа  еріндерінде 
кекесінді күлкі тұратын еді. Бұл оған Лермонтов қасиеттерін беретін. Әңгімесі 
тапқырлығымен  көңіл  аудартатын.  Ол  өте аңғарғыш және  сықақшыл  еді.  Мен 
ұстарадай өткір тілді мұндай адамды сирек кездестірдім». 
 
Қазақ  ойшылының  өмірі  мен  шығармашылығын  көптен  бері  тиянақты 
зерттеп  жүрген  И.И.Стрелкова:  «Подобно  многим  юношам  своего  времени, 
Чокан избрал своим кумиром Лермонтова. Он и внешне копировал Лермонтова, 
завел ту же прическу, что на известном портрете». 

 
48 
 
Академик  Н.И.Веселовский:  «Шығыстану  ілімінің  тұнық  аспанында 
жарқырап аққан құйрықты жұлдыздай боп көрінген». 
 
Г.Потанин:  «Егер  де  сол  кезде  оның  отандастары  арасында  оқырман 
қауым табылғанда, ол өз халқының ұлы жазушысы да болар еді». 
 
Ұлтымыздың мақтанышы жайындағы алғашқы материалдар ана тілімізде 
1870 жылдардан бастап жарық көрді. «Айқап» журналының   1870ж. 3 санында 
және  1872  ж.  1  санында  ол  туралы  құнды  мақалалар  жарияланды.  Ұлы 
ғалымның дүниеге келгеніне 60 жыл толуы қарсаңында газеттің 1894 жылғы 18 
нөмірінде берілген мақалада былай делінген: «Шоқан Уәлиханов ғылым, өнер 
иесі,  халықтың  ғадет-заңын  біліп,  даңғыл,  биік  жолға  шықса  да  өзінің  туған 
жайын жатырқамай һәм ұмытпады». 
 
1940  жылы  Шоқан  Уәлихановтың  өмірі  мен  шығармашылық  қызметіне 
зерттеу  жүргізіле  бастады.  Академик  Ә.Х.Марғұланның  құнды  зерттеулері 
баспа  сөзде  жарияланды.  А.Х.Айдарова  1945ж.  «Шоқан  Уәлиханов»  атты 
көлемді  кітап  бастырып  шығарды.  Айдарованың  құрастыруымен  ғалымның 
«Мақалалары  мен  хаттары»  1947  жылы  орыс  тілінде,  ал  1949ж.  қазақ  тілінде 
жарық көрді. 
 
Ғалым  шығармашылығын  ғылыми  тұрғыдан  байсалды  сөз  еткен: 
Ә.Марғұлан,  З.Ахметов,  С.Зиманов,  М.Фетисов,  Е.Бекмаханов,  Е.Букетов, 
Ш.Сәтбаева,  М.Елеусізов,  О.Сегізбаев,  Н.Смирнова,  Қ.Бейсембаев  және  оның 
әдеби  бейнесін  жасауға  ден  қойған  С.Мұқанов,  С.Марков,  С.Бегалин, 
И.Стрелкова,  П.Косенко,  С.Бақбергенов  басқа  да  қаламгерлер  елеулі 
шығармалар жазды. 
 
М.Әуезовтың 
еңбектерінде, 
Р.Бердібаевтың, 
М.Қаратаевтың, 
Б.Кенжебаевтың,  Х.Сүйіншәлиевтің,  Е.Мағауиннің  бірқатар  мақалаларында, 
көптеген  ғылыми  басылымдарда  Шоқанның  әдебиетші,  публицист  ретіндегі 
шығармашылық жолы  әр қырынан қарастырылды. 
 
?! 
1)  Шоқан  Уәлиханов  «Қазақ  халық  поэзиясының  түрлері  жөнінде»  еңбегінде 
поэзияны қандай түрлерге бөледі? 
2) Ш.Уәлихановтің ел мәдениеті туралы көлемді еңбектерін атаңыз? 
3) Ш.Уәлихановтың фольклорлық келбетін танытатын еңбектерін атаңыз?  
4) Ш.Уәлихановтың қандай ғылыми очерктері мен күнделіктері бар? 
5) Шоқан еңбектері қандай шетел тілдерінде жарық көрді? 
6) Шоқанның көркем әдебиеттегі бейнесін жасаған жазушылар кімдер? 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет