Хіх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы



жүктеу 5.08 Kb.

бет4/11
Дата22.12.2016
өлшемі5.08 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

      Махамбет  заман  шындығынан  бірден-бір  дұрыс  қорытынды  жасай  білген 
реалист ақын болды. Оның реалистігін әрбір өлеңінен көреміз. Халық бақыты, 
ел мүддесі үшін күрескен Махамбеттей жалынды ақын өлеңі өмір шындығынан 
аулақ болуы мүмкін де емес еді. Ескі өмірді билеген кесапатты заманда өзінің 
шындық бейнесінде  көрсетіп,  Махамбет  тәуелді  отар  елдің  шын  сырын  батыл 
да анық ашып береді. Ол қоғамдық, әлеуметтік  мәселелерге тікелей араласып, 
өз творчествосын осындай маңызды оқиғаларды жырлауға арнады. 
      Ақын  өз  өлеңдерін  ереуіл  жыры  ретінде  шығарады.  Сондықтан,  Махамбет 
өлеңдеріндегі  келелі  мәселе  –  өз  кезеңінің  кескілескен  күрес  дүбірі.  Оның 
өлеңдеріндегі  шынайылық  та  сол  мәселе  тұрғысынан  танылмақшы.  Ақын  өзі 
бастаған қозғалысты бастан-аяқ жырлау арқылы сол тарихи оқиғаның өзіне сай 
щындық  көрінісін  түп-түгел  көз  алдыңнан  өткізеді.  Мысалы,  өзінің  «Соғыс» 
деген өлеңінде ақын Бекетай құмына ту тіккен көтерілісшілердің дүбірін, алғаш 
бас  қосып,  жауға  қарсы  аттанған  сәттерін  жырлайды.  Орда  мен  патша 
офицерлерінің пікірлестіктері, олардың халыққа қарсы аяусыз қару жұмсауы  – 
түгел  баяндалады.  Көтерілісшілер  басына  түскен  ауыр  жағдайларда  нақ 
қалпында  көрінеді.  Қаруы  мықты  патша  әскері  Исатай  қамалына  зеңбірек 
атқанда  оған  қарсы  тұра  алмағандарын,  Ерсары,  Қалдыбай  батырлардың  оққа 
ұшқанын анық айтады.  
        Әскердің алды бөгелді
Доптың үні шыққанда, 
        Қырдан ойға төгілді, 
Сонда батыр жөнелді,- 
        Орыстың добы үш атты, 
дейді. 

 
28 
     Махамбеттің барлық өлеңдері шындыққа негізделген реалистік өткір поэзия. 
Ақынның  «Баймағамбет  сұлтанға»  деген  толғауы  ешбір  бүкпесіз  өзінің  нағыз 
шын  сыры  ретінде  реалистік  тебіреніспен  суреттеледі.  Хан-сұлтанның  торына 
түсіп,  алданып,  қапы  қалғанын,  сөйтсе  де  өзінің  бас  имейтінін,  алған  бетінен 
қайтпайтынын именбей айтады. 
      Халықтың кегін ала алмай,  
Арбадың да қалмадың. 
      Арқаның алпыс екі саласына  
Қайрат қылар ер біз болсақ
      Бармақ боп жолға барғанда, 
Заманымда болған «сұлтаным»,  
      Айдаһарша арбадың,  
Бізді жіпсіз байладың. 
     Өлім  алдында  тұрмын  деп  қысылмастан,  оған  қарсы  айбар  көрсете 
тайсалмай сөйлейді: 
                                                   Ашуыма көп тисең, 
                                                   Өзекті жанға бір өлім,      
                                                   Ордаңды талқан қып шабармын! –  
дейді.  
      Махамбет  –  қазақ  әдебиетінде  ең  бірінші  болып  хан-сұлтандарға  қарсы 
халық қарғысын батыл да ашық айтқан екен. Оларды халыққа қарсы екі жүзді 
саясат  жүргізіп  жатқан  албасты,  аяусыз  тонап  жатқан  жыртқыш  қасқыр,  қара 
шұбар жылан, айыр құйрық шаян бейнесінде бір жақты суреттеді. Қасарысқан 
сұлтандар  тобына  қарсы  күрескен  халық  ерлерінің  айбынды  күшін  суреттеуде 
халық  ерлерінің  айбынды  күшін  суреттеуде  де  ақынның  батылдығы  барынша 
айқын. 
      Көлденең жатқан Жайықтан 
                                         
Қарындасым барды – деп, 
      Қырқарланып жатқан ер. 
Қабырғасын сөксе де, 
      Күншығыстың астында, 
Қанын судай төксе де, 
      Күнбатыстың тұсында 
Қайыспас қара нарды, -  
деп...немесе, отаршылдардың ел іргесін сөгіп, сән-салтанат құрған ордасын 
бұзғанын ашына сынайды. 
      Ақын  «Ұлы  арман»  деген  өлеңінде,  көтеріліс  туын  қайта  көтеріп,  жауға 
қарсы күш көрсетер күнді аңсайды. Халықтың ар-намысын оятып, оларды түгел 
көтеріліске  үндеп,  отаршы  жаудан  кек  алу  мақсатын  алға  қояды.  «Әрайна», 
«Мұңайма»,  «Нарын»  деген  өлеңдерінде  де  ақынның  осы  бір  мақсаты  айқын 
сезіледі.  Махамбеттің  өле-өлгенше  аңсаған  мұраты  –  алты  алаштың  басын 
қосып түгелдей бұқара халықты үгіттеп, соларды соңына ерту. Оның бар өмірі 
ата жаудан кек алу, азат болу үшін жұмсалған ерлікке толы ғұмыр еді. 
     Махамбеттей мұңдыға, 
Жиылып келсе бұл іске, 
     Енді келер күн қайда?! 
Алты сан алаш ат бөліп
     Жасақ құрған шатырды  
Тізгінін берсе қолыма, 
     Сүңгімен түртіп нашарға... 
Заулар едім бір көшке. 
     Он екі ата бай ұлы 
     Махамбет  өлеңдері  жігерлі  де  асқақ  романтикаға  толы.  Ақын  қиялы  алыс 
қияға  самғап,  өмір  өрін  кезеді.  Рас,  ақын  өзінің  «Жалған  дүние»,  «Шашылу», 
«Қайда  бар»,  «Қаршыға  деген  бір  құс  бар»,  «Тілек»,  «Жалғыздық»,  «Тар 
қамау»,  «Адыра  қалған  Нарында»,  «Шегініс»  деген  өлеңдерінде  мұң-шерге 

 
29 
көбірек беріледі. Бұл өлеңдеріндегі ақын өксігі оның творчествосындағы кейбір 
күйректікті  бейнелейді.  Бірақ  бұл  ақын  шығармаларының  реалистік  негізгі 
сипатын әлсірете алмайды. 
     Махамбеттің ақындық беті айқын. Ол – халық үшін бар өмірін сарп еткен, ел 
үшін  туған  ер  ақын.  Махамбет  поэзиясының  реализмі  оның  халықтығымен 
ұштасып жатады.   
Махамбет өлеңдері – халықтың сарқылмас күш-қуатын бейнелейтін нағыз 
азаттық  күрес  идеясындағы  көркем  шығарма.  Әрбір  өлеңі  оқушысының 
көкейіне  бірден-ақ  қона  кетеді.  Термелеп  сөз  қатып,  өміршең  жыр  толғайды. 
Өмір,  табиғат,  қоғам  өзгеріс-құбылыстары,  табиғи  заңдылықтары  туралы 
тұспалды  шумақтар  туғызады.  Бұндай  жолдары  ақынның  тек  жалаң  үгітші 
емес, терең ойдың, зор парасаттың адамы екенін танытады.  
     Махамбет өлеңдері көтерілістен кейінгі тарихи шындықты да дұрыс баяндап 
береді. Махамбеттің бірқатар өлеңдері лиро-эпикалық түрге жатады. Бірақ бұл 
сөзден  олардың  ішінде  лирика  жоқ  деген  ұғым  тумауы  керек.  Өзі  мен 
Исатайдың  алға  қойған  тілек,  мақсаттарын  өздерінің  хан-сұлтандарға  қарым-
қатынастарын  жай  баяндау  түрінде  айта  келіп,  кей  жерлерінде,  не  лирикалық 
шегініс  ретінде,  не  ішкі  күйінішін  сыртқа  шығару  мақсатымен  айтылған 
лирикалық шумақтарда да аз кездеспейді. Екінші сзбен айтқанда, Махамбеттің 
бірқатар  өлеңдерінде  эпостық  баяндау  сарыны  жалынды  лирикамен  сарындас 
келеді. 
                      Кешегі Исатайдың барында
 
Алақандай Нарынды 
                        Басушы едік құлаштай! 
                        Жәбір беріп, жапа етсең, 
                        Былғанған басым ласқа-ай! 
Көп  ретте  Махамбетке  тән  нәрсе  лирика.  Махамбет  өлеңдері  өз  басынан 
кешірген  ауыр  халдерді  сезіе  отырып,  терң  толғам  суреттеумен  қатар,  ол  өз 
кезіндегі тарихи оқиғалармен байланысты  туған қалың бұқараның көңіл-күйін 
де көрсете білді.  
Оның  өлеңдерінде  көңіл-күйі  мен  ел  күйі  ұштасып  жатады.  Сондықтан, 
оның лирикасын – әлеуметтік сарындағы, саяси үгіттік лирика деп атауға тура 
келеді.  Бұл  мазмұн  Махамбет  өлеңдерінің  құрылысы  мен  түріне  де  әсер  етті. 
Оның  «Ереулі  атқа  ер  салмай»,  «Мұңайма»,  «Айныман»  деген  өлеңдері, 
мазмұнына  түрі  сай,  жалынды  үндеу  сөздер.  Махамбеттің  досын  мақтап,  жыр 
ету  болса,  құрылысы  шешендікке  толы  үгітке  арналған  отты,  өткір  сөздер 
болып  келеді  де,  сөйлемдері  қаратпалы,  сұрау  сөйлемдер  болып  келеді,  не 
жырлай  арнау,  не  сұрай  арнау  немесе  «риторикалық  сұрау»  болып  отырады. 
Мысал үшін «Мұңайма» деген өлеңін алайық: 
                           Ханның ісі қатайды,  
Ұрандап жауға тигенде, 
                           Азамат ерден мал тайды
Кім жеңері талай-ды. 
                           Қанды көбе киініп, 
Жолдастарым мұңайма!.. 
                           Бір Аллаға сиынып,   
дейді ақын. 

 
30 
Махамбет өлеңдерінде бұл тәрізді үгіт өлеңдермен қатар, лириканың басқа 
да  түрлері  де  кездеседі.  Ақынның  бірқатар  өлеңдері  жоқтау  өлеңдерінің 
үлгісінде жазылған. Кейбір өлеңдері фольклорда кездесетін жоқтау өлеңдердің 
қысқа түріне жақындайды.  
Ал  Махамбеттің  кейбір  өлеңдері  өзінше  философиялық  бағытқа 
негізделген  өлеңдер  болып  келеді.  Махамбеттің  бақыт  пен  тағдырдың 
айнымалы екендігін философиялық түрмен қорытқан мына өлеңінен де көруге 
болады: 
                      
                        Бұл дүниенің жүзінде, 
Заманым менің тар болды
                        Айдан көркем нәрсе жоқ. 
Тура әділдік биде жоқ, 
                        Түнде бар да, күнде жоқ 
Бәрін айт та бірін айт,  
                        Күннен көркем нәрсе жоқ
Қаумалаған қарындас, 
                        Күндіз бар да, түнде жоқ 
Қазақта бар да менде жоқ. 
 
Мұнан  кейін  Махамбеттің  кейбір  өлеңдерін,  әсіресе,  оның  өмірінің  соңғы 
кезеңіндегі  шығармаларын  –  элегиялық  өлең  деуге  болады.  «Абайламай 
айрылдым»,  «Нарын»  және  басқа  сол  сияқты  өлеңдер  өткенді  еске  түсіруге 
арналған,  жан  қасіретін  көрсететін,  ақынның  жалғыздық  қайғысын,  тарыққан 
көңілін білдіретін элегиялық мотивті өлеңдер, мұнда оның басында бір зұлым 
тағдырдың қара бұлты төніп тұрған сияқты. 
 
                     Мен тауда ойнаған қарт марал, 
                     Табаным тасқа тиер деп, 
Балапаным суға кетер деп
                     Сақсынып шыққан қиядан. 
Мамығын төккен ұядан, 
                     Қайыңның басын жел соқса, 
Одағы біздей болған сорлы екен, -  
                     Қаршыға құс қайғырар 
 
дейді ол. 
        Махамбеттің  элегиялық  өлеңдері  аса  суретті,  тамаша  көркем.  Бұлар 
ақынның тек жалаң өз қайғыруының сәулесі емес, ол басқа түскен сол кездегі 
ауыр халдердің айнасы болды. 
        Кейбір  өлеңдерінде  ақын  туған  елі  бүгінгі  Қазақстан  жерінің  табиғат 
байлығының  әдемі  көріністерін,  иен  даланың,  асқар  тау,  шыңырау  қиялардың 
айбатты пішінін суреттейді. Өлеңнің көп жерлерінде ақын көшпелі, мал баққан, 
ит жүгіртіп, құс салған аңшылық, өз елінің өмірінде орны бар жан-жануар, аң-
құстардың  образын  көрсетуге  көбірек  көңіл  аударады.  Бірақ  бұл  ел  табиғат 
байлығын,  жан-жануарлардың  әлемін  суреттегенде,  олардың  тек  көркемдік 
сипатын  ғана  көрсету  немесе  тек  сұлулық  үшін  ғана  суреттемейді.  Мұнда  да 
ақын  ел  тағдырымен  байланысты  өз  басынан  кешірген  қиын-қыстау 
кезеңдердегі  ой-сезімін  оқушылары  толық  сезінгендей  етіп,  ашығырақ 
көрсетуге  құрал  есебінде  қолданады.  Исатай  өлгеннен  кейін,  күрес  арқылы 
жетеміз деген мақсат орындалмай, көтеріліс жеңілгесін, хан, сұлтан, феодалдар, 
бұрынғыдан  бетер  езіп,  ел  басына  ауыртпалықты  күшейте  түсті.  Бұл  жағдай 
ақынның  поэзиясынан  орын  алмауы  мүмкін  емес  еді.  Ақынның  бірқатар 

 
31 
өлеңдеріндегі элементі жоғарғы халмен байланысты болды десек, Махамбеттегі 
элегиялық өлеңдердің негізі сол жағдайлар деуге болады. Бірақ бұл сарындағы 
ақын  өлеңдерінде,  жауына  деген  өшпенділік  бар,  сөнбес  кек  бар,  жолдас-
жорасына  дем  беріп,  өмірден  түңілмеуге  шақырып,  болашаққа  сенушіліктер 
бар.  Міне,  осылардың  жиынтығы  келіп,  Махамбет  өлеңдерін  сары  уайымнан 
аулақ етеді.  
       Ірі мазмұнға түрін сай етіп шығаруда да ақынның шеберлігі күшті. 
       Махамбет  хат  біле  тұрса  да  оның  бізге  жазып  қалдырған  өлеңдері  жоқ. 
Бірен-саран  өлеңдері  болмаса  көбісі  ауызба-ауыз,  суырып  салмалық  әдісімен 
шығарылған  өлеңдер.  Өлеңді  керекті  жерінде  суырыпсалып  айту  қазақ 
ақындарына  дағдылы  әдет.  Мұның  әуелгі  себебі  хат  білмеушіліктен,  кейін 
біртіндеп оған дағдыланушылықтан десек Махамбет те суырыпсалмалыққа жас 
шағынан  талаптанып,  әдеттегенге  ұқсайды.  Махамбет  шығармаларын  терең 
тебіреніс, термелі тұспал тән. Қиялы ұшқыр өжеттіктерге құрылған шумақтары 
жаттауға, ұғынуға соншалық жеңіл, қарапайым. Соған қоса ақын толғаныстары 
көркем образды. 
       Ақын  өлеңдері  өзінің  құрылысы  жағынан  да  көңіл  аударады.  Оның 
өлеңдері ақын ойына сай келіп, жымдасып жатады. Онда шумақ өлшемі, буын 
мөлшері,  тіпті  ұйқас  тәртібі  онша  қатал  сақталмайды.  Осыдан  болса  керек, 
жырларда мөлшерлі шумақ болмайды, буын саны көбіне 7-8 болғанымен, онда 
басқа да мөлшерлер (11, 12 буын) ұшырай береді. Жырлардың буыны 11 болса 
да  ол  төрт  жолды  бір  шумақ  қара  өлеңмен  шатаспайды,  өзінің  жыр  қалпын 
сақтайды.  
      Махамбет  өлеңдерінің  ұйқас  ерекшелігі  де  бар.  Оның  көп  қолданатыны  – 
шұбыртпалы ұйқас. «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн» т.б өлеңдері. Бұдан 
басқа  да  ұйқас  түрлері  ақынға  жат  емес.  Ол  көп  жерде  кезекті,  қаусырмалы, 
ақсақ,  ерікті,  аралас  ұйқастарды  қолданған,  сондай-ақ  кейбір  өлеңдерінде  егіз 
не қатар ұйқас та кездеседі.  
     Махамбетке тән бір ерекше ұйқас тағы бар. Оның өлең жолдары әдеттегіше 
біріне-бірі заңды қалпымен жол соңында ұйқаспай, кез келген жерде бір келеді, 
ақын  ішкі  ұйқасты  жиі  қолданады.  Кейде  тұтас  шумақтар  тобы  ғана 
ұйқастырылады. Мысалы «Толарсақтан саз кешіп» деген екі шумақ өлеңнің тек 
әр шумағының соңғы жолдары ғана ұйқасады. Бірақ, оның есесі әр тармақтың 
кейбір сөздерінің басқа орындарда үндесуі, не ішкі ұйқастар арқылы толады. 
    Толарсақтан саз кешіп, (а) 
Қабырғасын қаусатып, (д) 
    Тоқтамай тартып шығуға (б) 
Бір-біріндеп сөксе де (ж) 
    Қас үлектен туған кәтепті (в) 
Қабағын шытпас ер керек, (з) 
    Қара нар керек біздің бұл іске! (г)   
Біздің бүйткен бұл іске! (г) 
    Махамбет шығармаларының тілі әрі көркем, әрі образды, әрі өткір, әрі күшті 
болуымен қатар, әр сөзі орынды, әр жағдайдың өзіне лайықты, соған тән болып 
келеді.  
                                          Мұнар да, мұнар, мұнар күн, 
                                          Бұлттан шыққан шұбар күн. 
                                          Буыршын мұзға тайған күн, 
                                          Бура атанға шөккен күн, - 

 
32 
деген  үзіндідегі  «мұнар»,  «шұбар»  деген  эпитеттерді  алсақ,  бұл    эпитеттердің 
батырлардың  өз  бастарына  және  ел  басына  түскен  ауыр  халдерін  суреттеп 
беруде  үлкен  мәні бар.  Исатайды  ел  қамқоры  етіп  көрсету  үшін:  «Қызғыштай 
болған есіл ер» - дейді. Қазақ елінің ұғымында бұл жақсы түсінік беретін теңеу. 
Ал оның ерлігін көрсетейін деген жерде оны арыстанға балайды.: 
                                          Арыстан еді-ау – Исатай, 
                                          Бұл фәнидің жүзінде 
                                          Арыстан одан кім өткен,-  
деп оның ерлігін метафора арқылы көрсетеді. Махамбет шығармаларында жай 
теңеу, не метфорның ұлғайған түрі көп кездеседі. Мысалы: 
                                         Мен тауда ойнаған қарт марал,  
                                         Табаным тасқа тиер деп,- 
                                         Сақсынып шыққан қиядан, -  
деген үзінді бұған толық мысал бола алады. 
Махамбеттің: 
                                        Қой мойынды, көк жұлын... 
                                        Көк жұлынды жетелеп, -  
деген  екі  жолындағы  метонимия  әрі  орынды,  әрі  шебер  болып  шыққан.  Бұл 
сықылды метонимиялар Махамбетте көп. 
    Махамбет  өлеңдерінде  ауыстырудың  алуан  түрлері  кездеседі.  Сонымен 
қатар, оның өлеңдерінен фигураның түрлері де көп кездеседі.  
                                        Ау, қызғыш құс, қызғыш құс! 
                                        Көл қорыған сен едің –  
                                        Сен де айрылдың көліңнен. 
                                        Ел қорыған мен едім –  
                                        Мен де айрылдым еліменен, -  
деген параллелизм, немесе: 
                                      Борй да борай қар жауса,  
                                      Қалыңға боран борар ма? 
                                      Қаптай соққан боранда 
                                      Қаптама киген тоңар ма? 
Деген риторикалық сұраулар, фигураға жатады. 
      Жазба  поэзиясының  озық  шығармаларына  ғана  тән  құбылыстар  Махамбет 
өлеңдерінде  жиі  ұшырасады.  Анаформа  мен  эпифораны  өлең  құрылысына 
жетік ақындар көп қолданады десек, Махамбет те солай.  
      Ақын  өз  өлеңдерін  арнау  түрінде  жазады.  Батырға,  ханға,  ел-жұртқа,  өзіне 
арнай, қарата, сұрау қоя сөйлейді. 
                                     Лашын сұңқар жүн төксе, 
                                     Далада қалған сүйек деп, 
                                     Шеніне қарға жолар ма?.. 
немесе: 
                                     Алаштың байлығынан не пайда, 
                                     Тарығып келген ерлерге 
                                     Қайыры оның болмаса? 

 
33 
      Ақынның  көп  өлеңдері  нақыл,  мәтелге  толы.  «Аспандағы  бозторғай»,  «Ай 
артында  бір  көл  бар»,  «Мен  тауда  ойнаған  қарт  марал»,  «Пыр-пырлай  ұшқан 
қасқалдақ»,  «Мен,  мен,  мен  едім»,  «Бағаналы  терек»  және  басқа  жырлары 
нақыл сөздерден тұрады.  
      Ақынның шешендігі оның әрбір шығармасынан айқын сезіліп тұрады.   
«Махамбет  поэзиясынан  оның  өмірі  мен  шығармашылық  жолының  бірнеше 
кезеңнен  тұратынын  байқауға  болады.  Айталық,  алғашқы  кезеңі  –  Жәңгір 
ордасына  келгенге  дейінгі  және  ордада  жүрген  мезгілі.  Жылмен  есептесек,  бұл 
1821-1827  жылдарға  сәйкес  келеді.  Осының  соңғы  4-5  жылы  ордада  жүрген 
уақыты  деп  шамаланады.  Екінші  кезеңі  –  Махамбеттің ордадан  аласталып,  елді 
көтеріліске  үндеген  шағы  деуге  болады.  Бұл  –  1829-1835  жылдар  шамасы. 
Үшінші  кезеңі  –  Махамбеттің  тікелей  көтеріліске  қатысып,  оның  идеологы 
болған  тұс,  яғни  1836-1838  жылдар.  Төртінші  кезең  –  көтеріліс  жеңіліп, 
Махамбеттің құғынға түсуі.» - дейді Сейіт Қасқабасов.                                 
 
 Махамбет  поэзиясы  1920  жылдары  жинала  бастады.  1923  жылы 
Ташкентте  Ә.  Диваев  бастырған  «Терме»,  «Сана»  журналдарында  оның                        
2-3  толғауы  басылады.  Соның  бірі  оның  «Баймағамбет  сұлтанға  айтқан  сөзі» 
болатын.  Қазірде  Махамбет  мұрасына  қатысты  өлеңдер  саны  –  79,  хаттары  
тағы  бар.  Бұл  өлеңдер  «Махамбет  Өтемісұлы»  (1958),  «Махамбет»  (1962), 
«Ереуіл атқа ер салмай» (1989) деген атпен бірнеше рет басылып шықты.  
 
Махамбет  өлеңдерінің  айтылған  мерзімі  түгелдей  анық  емес.  Бірақ 
көпшілігі  көтеріліс  үстінде,  Исатай  қозғалысының  ізімен  айтылғанын  тану 
қиын  емес.  Мысалы,  «Ереуіл  атқа  ер  салмай»  деген  өлеңі  1837  жылдың                        
12 желтоқсанында Исатай қолы Гекке әскерінен жеңіліс тауып, боранды түнде 
далада түнеген күні айтылған. «Беркініп садақ асынбай» атты өлеңі 1837 жылғы 
соғыстан  соң  айтылған.  (1938  -  1845).  «Соғыс»  атты  өлеңі  1837  жылдың 
желтоқсанында  Бекетай  құмында  болған  шайқасты  суреттейді.  Өлеңнің 
аяғындағы:  «  Қызғыштай  болған  есіл  ер,  қайран  да  жұрттан  не  көрді  »  деген 
жолдарға  қарағанда,  бұл  да  кейін  жырланған.  Өйткені  сөз  аңғарынан 
Исатайдың  өлгені  байқалады.  Ақынның  Баймағамбетке  айтқан  толғауы  1841 
жылдың  17  наурызында  Махамбет  Ембі  бойынан  ұсталып,  аға  сұлтан  алдына 
барғанда  айтылуға  тиіс.  Кейбір  деректерде  бұл  өлеңнің  алғашқы  тармақтары 
Мұрат  ақынның  шығармасына  телінеді.  Бірақ  кейінгі  жолдардан  Махамбеттің 
оқиғаларды  дәлдікпен  айтқан  ойларын  аңғару  қиын  емес  Қ.  Жұмалиев  бұл 
ерекшелікті жақсы ескерген.  
 
Махамбет  поэзиясын  зерттеп,  көпшілікке  танытуда  Қ.  Жұмалиевтің 
қызметі  ерекше  болды.  Рас,  ақынның  өлеңдері  Қазан  (1908),  Ташкент  (1925) 
басылымдарында,  жеке  жинақтарда  да  жарық  көріп  келген  еді.  Соны  кеңес 
дәуірінде  толық  жинақтап,  дүркін  -  дүркін  жарыққа  шығарып  отырған                        
Қ. Жұмалиев болды. Сонау отызыншы жылдары ол « Қазақ әдебиеті » газетінің 
бетінде  Махамбет  жырлары  туралы  көлемді  мақала  жарияласа,  бергі  жерде 
ақын  өлеңдерін  бірнеше  қайтара  бастырды.  Әр  басылымның  өз  ерекшеліктері 
тағы  бар.  1958  жылғы  басылымында  Қ.  Жұмалиев  ақынның  неғұрлым  толық 
өмірбаянын  (3-22  беттері),  соңынан  өзінің  зерттеулерін  берген.  Бұл 
материалдар  1962  жылғы  «  Махамбет  »  жинағында,  Қазақстан  Ғылым 

 
34 
академиясы  шығарған  «  Қазақ  әдебиетінің  тарихы  »  (1961)  атты  көптомдық 
екінші  томында  да  бар  (54-125  беттері).  1989  жылы  әдебиет  зерттеушісі                       
Қ.  Сыдиқовтың    алғы  сөзі  және  түсініктерімен  Махамбеттің  өлеңдері  «Ереуіл 
атқа ер салмай» деген атпен тағы да басылып шықты. Ақынның өлеңдері 1938 
жылдан бастап мектеп хрестоматияларында үздіксіз еніп келеді.  
       Махамбет  жырларынң  негізгі  тақырыбын  біз  әдетте  «Исатай  қозғалысы» 
дей  саламыз.  Махамбеттің  Исатай  қозғалысын,  соның  көсемі  Исатай  бейнесін 
басым жырлағаны рас. Сонымен қатар Махамбет жырларының үлкен тақырыбы 
-  халық,  шаруа,  солардың  феодалдық  –  хандық  құрылыс  тепкісінен  құтылуға 
бағытталған  бостандығы  мен  арманы  болған  еді.  Бұл  белгіден  Махамбет 
поэзиясының тағы бір қосымша тақырыбы келіп шығады.  Ол – орта ғасырлық 
құрылыс  болып  келген  феодализмді,  хандық  тәртіпті,  соның  барлық  салт  - 
санасын  сынау,  әшкерелеу.  Исатай  қозғалысы  Бөкей  ордасындағы  сарай 
поэзиясына  қарама-қарсы  туған  әдебиет  болды.  Осыдан    Махамбет 
поэзиясының  екі  түрлі  сипаты  көзге  айрықша  түседі.  Халық  бостандығын 
жырлағанда,  Махамбет  көбіне  романтизм  стиліне  көрінетін  сарындамалы, 
асқақ, семсерлі поэзиясының ақыны болды. Халық қимылын, Исатай бейнесін 
ол  толғау  жырына  тән  прогресті  романтизм  стилінде  айрықша  әсірелеп, 
романтикалап  жырлайды.  Ал  хандық  құрылысқа  келгенде,  ол  сатирик  болып 
көрінеді.  Халық  пен  хандар  дүниесін  Махамбеттей  өткір  шендестірген  поэзия 
қазақта оған дейін болған емес.  
 
Махамбет  поэзиясының  халық  тағдыры  туралы  жыр  екенін  оның                    
«Ереуіл  атқа  ер  салмай»,  «Соғыс»,  «Толғау»  деген  алғашқы  өлеңдері  де 
дәлелдей  алады.  Жәңгір  хан  ордасының  үстінен  халық  қаһарының    бұлты 
төнген  күндерді  ақын өзгеше шабыт, ынтамен жырлайды. 
 
 
 
Ереуіл атқа ер салмай,  
                              Егеулі найза қолға алмай,  
 
 
 
Еңку-еңку жер шалмай,  
 
 
 
Қоңыр салқын төске алмай.  
 
 
 
Тебінгі терге шірімей,  
 
 
          Терлігі майдай ерімей, 
                              Алты малта ас болмай.  
 
 
 
Өзіңнен туған жас бала,  
 
 
 
Сақалы шығып жат болмай,  
 
- деген сөздер бір ғана батырларды емес, өзінің бостандығы үшін қолына қару 
алып  аттанған  бүкіл  халық  ерлігін  жырлау  болатын.  Өлең  19  жолдық                  
шуақпен  біткен.  Соның  алғашқы  18  жолы  бітпеген,  көсемшелі  бағыныңқы 
сөйлемдер, басыңқы сөйлем - ең соңғы « Ерлердің ісі бітер ме » дейтін бір ғана 
жол. Ақынның ойынша тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - күрес.  
 
«Соғыс» деген өлеңінде хан, патша әскеріне қарсы тұрған халық қимылы 
үлкен пафоспен жырлаған:  
 
 
 
Әскер жиып аттандық,  
 
 
 
Бекетай еді тұрағым,  
 
 
 
Айғайлап жауға тигенде.  

 
35 
 
 
 
Ағатай, беріш- ұраным.  
 
 
 
Бекетай құмға ел қонып,  
 
 
 
Байтақты Жүніс аттанды  
 
 
 
Қосылуға дем болып  
 
 
 
«Құдайлап» хан ұлы,  
 
 
 
Іздеген жауы біз болып,  
 
 
 
Жау қарасы көрінді.  
 
 
 
Жиылған әскер білінді.  
 
 
 
Исатай- басшы, мен –қосшы, 
 
 
 
Исатайдың сол күнде  
 
 
 
Ақтабан аты астында,  
 
 
 
Дулығасы басында,  
 
 
 
Зығырданы қайнайды.  
 
 
 
Астына мінген Ақтабан  
 
 
 
Ақ бөкендей ойнайды,  
 
 
 
Қасына ерген көп әскер 
 
 
 
Маңыраған қойдай шулайды.  
 
Мұнда  соғыс  суреті  халық  психологиясы  жағынан  әсіреленіп  берілген. 
Екі  жақты  бағыттар  шендестірілген.  Мысалы,  халық  жауға  «  айғайлап  тисе  », 
Ақтабан  «ақ  бөкендей  ойнайды»,  Исатайдың  «зығырданы  қайнайды»,  оның 
соңына  ерген  шаруа,  халық  «  маңыраған  қойдай  шулайды  ».  Аттың  қимылы 
еркін,  момын  аңы-  бөкенге  теңелген.  «Ойнайды»,  «қайнайды»  -  метафора.                   
«Ер  Сары  мен  Қалдыбай,  екі  арыстанға  теңейді.»  Хан  ордасына  келгенде                   
«хан  әскері  кенелді»  дейді.  Психология,  бағыттар  бітімсіз.  «Құдайлады  хан 
ұлы» деу - сықақ, әжуа. Патша әскеріне « мылтығын қардай боратып » дейтін 
теңеу қолданады. Ескілік - аязды қысқа мегзелген. Осы жердегі Исатай бейнесі 
айрықша романтикаланып жырланған:  
 
 
 
Жау бір өрттей қайнайды...  
 
 
 
Толғай-толғай оқ атқан,  
 
 
 
Он екі тұтам жай тартқан,  
 
 
 
Қабырғасын қақыратқан,  
 
 
 
Тебінгісін тесе атқан,  
 
 
 
Тізгінінен кесе атқан.  
 
 
 
Біздің қайсар батырдың  
 
 
 
Жүрегін сөйтіп оятқан...  
 
 
Осындағы  мінез  бен  қимылды  қат  -  қабат  суреттейтін  эпитеттерден                  
(кесе  атқан,  тесе  атқан,  қайсар  батыр)  ақынның  пафосы  жақсы  көрінеді.  Сөз 
кестесі  батырлық  жырларына  ұқсас,  бірақ  таптық  мазмұн  мен  идея  жаңарған. 
Исатай заман қаһарманына айналған.  
 
«Еменнің  түбі  сары  алтын,  еріскен  көңіл  бәрі  бал»  дейтін  толғау 
лиризмнен басталған.  «Емен», «бал» - метафора. Батырлардың ынтымағы мен 
ерлігін бір еменнің түбінен бал жеген достыққа теңейді. Сонымен бірге « бал »- 
бостандық  символы.  Жел  шайқаған бәйтерек  - қозғалыс.  Оның  түбі  -  балауса, 
көлеңке. Бұрынғы ақында «момын», «жаман» деген сөзді кедейлерге қолданса, 

 
36 
Махамбет  оны  табансыздарға  бағыштаған.  Өйткені  Исатай  қозғалысына  ерген 
би,  старшындар  кейін  айнып  кеткен  еді.  Көтерілістің  бұл  қайшылығын  ақын             
әр  жерде  -  ақ  айтып  отырады.  «Соғыс»  деген  өлеңіндегі  «  қызғыштай  болған 
есіл  ер,  қайрап  да  жұрттан  не  көрді»  дегені  де  сондай  табансыздар  тобына 
бағышталып  айталғаны  айқын.  «Әрайна»  өлеңінде  би  –  старшындардың 
опасыздығы ашығырақ айтылған.  
 
7  -  8  буындық  жыр  өлшеуінің  жүгіртпелі,  серпінді  ырғағына  құрылған 
бұл өлеңдердің  ұйқасына келсек, сөздер атқан оқтай бірінің үстіне бірі төніп, 
динамикада жырланғанын көреміз. Өлең ырғағы мен ұйқасының өзінен күрес, 
қимыл, майдан рухы желдей есіп тұрады. Идея, ұйқас бүтіндігіне өлеңнің ішкі 
дыбыстық  үндестігі  қосылып,  сөз  бен  ой  нөсердей  жауады.  Ашу  мен  ыза, 
ақынның халыққа деген ыстық махаббатын білдіретін сезімдер диалектикалық 
формада  келіп,  қым  -  қиғаш  араласып  жатады.  Жіліктің  майындай  болып 
келетін,  тілді  тұтпайтын  Махамбет  жырларының  бүтіндігі,  халықтығы  оның 
ұйқас, сөз, өлшеу кестесінен де айқын байқалады. Тілі теңеу, метафораға толы. 
Өзінің қаруластарын Махамбет « жолдас » ( мақсаты бірлер) деп атайды.  
 
Махамбет көтерілісітің суретін берумен бірге халықтың сол көтерілістен 
күткен мақсаты мен армандарын да көздің жасы, жүректің қанымен жырлаған. 
Бұл  сарынды  оның  өзі,  Исатай  қозғалысының    екі  түрлі  мақсаты  болғанын 
айтады: бірі - хандар билігін жою, екіншісі  – мал баққан шаруалардың қоңыс, 
хұқ бостандығын жақтау.  
 
Хан  керегесін  отын  етемін  деу  –  батырлар  жырындағы  сарын.  Қаныкей 
мен  Тыныкей  «Қобыланды»  жырындағы  Алшағыр  ханның  қарындастарына 
мегзелген.  Бұл  жердегі  ақынның  айтайын  дегені  -хандар  атам  заманнан  бері 
халықтың  ата  жауы,  Нұралы  тұқымдарына  біз  де  солай  қараймыз  деген  ой. 
«Ата  жауың  мен  едім,  ата  дұшпан  сен  едің»  едегі-  сол.  Бұл  жердегі  «мен»                 
- халық деген сөздің орнында тұр.  
 
Осы  өлеңінде  Махамбет  көтерілістің  екінші  мақсатын  былайша 
суреттейді:  
 
 
 
Еділдің бойы ен тоғай  
 
 
 
Ел қондырсам деп едім.  
 
 
 
Жағалай жатқан сол жерге 
 
 
 
Мал толтырсам деп едім.  
Махамбет  қозғалыстың  өзін  мал  баққан  шаруаның  жер  –  судан,  хан 
салығынан қысым көргендігінен туды деген ойды айтады.  
Хан  ордасын  бұзу  -  саяси  талап,  ал  қоныс,  жер  -  су,  мал  үшін  күресуі                      
-  экономикалық  талап.  Жеке  меншігі  бар  шаруаларға  сүйенген  Исатай 
қозғалысында    экономикалық  талап  басымырақ.  Шаруашылықты  қимылдың 
бұдан  артық  талабы,  саяси  бағдарламасы  бола  қойған  жоқ.  Бұл  шаруашылық 
қимылдың  елеулі  бір  қайшылығы.  Бірақ  өз  кезеңі  үшін  бұл  талаптың  мәні                 
аса  зор  болды.  Мұндай  талап  болмаса,  Исатай  қозғалысының  тууы  да  мүмкін 
емес еді.  
 
Махамбет  елі  үшін  еңіреген  ерді  аңсаған,  соған  бар  ақындық  жүрегін 
арнаған.  Ол  «Асыл  ердің  баласы  жауды  көрсе  шыдамай,  көзін  салар  қияға»      
деп,  бүкіл  поэзиясына  ерлікті  ту  етті.  «  Қарада  да  қара  бар,  хан  ұлы  басып 

 
37 
өткізсіз  »  деп  елі  үшін  қан  майданға  тайсалмай  түскен  қайыспас  қайсар,  қара 
қазақ  қамы  үшін  халықтан  туған  қаз  мойын  »  «  Айырдан  туған  жампозды  » 
Исатай бойынан көрген. Сондықтан да оның жырларында Исатай көзге ерекше 
түседі.  Ақын  оның  ерлігін  «  Арыстан  еді  -  ау  Исатай,  бұл  фәнидің  жүзінде, 
Арыстан одан кім өткен ?! » - деп суреттейді. Исатай бейнесі, әсіресе ақынның 
«Тарланым » деген өлеңінде алуан сөз образдарын қолдана отырып, батырдың 
сом  тұлғасын  жасаған.  Ең  алдымен  ақын  Исатайдың  қол  жетпес  «Таудағы 
мұнартып ұшқан тарланға » балайды. Ақын оның арыстандай қайратты батыр 
тұлғасына  орай  көркем  сымбатын  «  Кермиығым,  кербезім,  керіскендей 
шандозым... Қырмызыдай ажарлым » деп суреттейді. Махамбет батырдың сұлу 
сырт көркін ғана емес, « Хиуадай базарлым » деп, сері екенін де көрсетеді. ақын 
назарынан оның асынған қаруы да тыс қалмайды. Батырдың бойында «Кірісін 
сары алтынға малдырған, сары жебелі садағы», «Тереңнен көзін ойдырған, сұр 
жебелі  оғы»,  киген  киімі  –  бәрі  жарасқан.  Ел  сүйсінер  ер  бейнесін  ақын 
шабыттана өрнектеген.  
 
Махамбет  поэзиясы  қазақ  әдебиетіндегі  отаншылдық,  жауынгершілік 
поэзияның тамаша үлгісі.     
 
?!
1) Махамбет шығармаларының жанрларын атаңыз? 
2)  Қ.Жұмалиев  зерттеуі  бойынша  Махамбет  жырларында  кездесетін  ұйқас 
түрлері қандай?. 
3) Махамбет толғауларында кездесетін аллегориялық ұғымдарды атаңыз? 
4) Махамбеттің өз бейнесін танытатын толғауларды атаңыз? 
5) Махамбеттің «Мұнар күн» толғауында қандай көріктеу құралдары кездеседі? 
6)  Махамбеттің  жыраулық  келбетінің  ерекшелігін  сөз  қылған  қандай 
зерттеушілерді білесіз?. 
7) Махамбеттің Исатай батыр туралы жазған өлеңдерін атаңыз? 
8) Махамбеттің мұңды, шерлі толғауларын атаңыз? 
9)Махамбеттің  қандай  толғаулары нақылға толы? 
10)Махамбет толғауларын кейінгіге жеткізушілерді атаңыз?. 
 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал