Хіх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы


айтыстар; 2) Еларалық-ұлтаралық айтыстар; 3) Жазбаша айтыстар



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата22.12.2016
өлшемі0,86 Mb.
#52
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

айтыстар; 2) Еларалық-ұлтаралық айтыстар; 3) Жазбаша айтыстар.   
Жалпы, айтысты зерттеушілер XIX ғасырдағы айтыс үлгілерін, сипаттау 
қисындарын  әлі  де  жан-жақты  ойластыра,  тереңдете  қарастыру  керектігін 
айтады.  
Қазақтың төл мұрасы – айтыс жанры бойынша үлкенді-кішілі зерттеулер 
жасағап,  еңбектер жазған  С.  Мұқанов,  М.  Әуезов,   Қ.  Жұмалиев,  Е.Исмайылов 
сынды  зерттеушілеріміздің  айтуынша,  айтыс  –  екі  адамның  өзара  сөз 
қағыстыруы, сөзбен тартысуы, жарысуы, дауласуы, сынасып-мінесуі, өнер 
салыстыруы  сияқты  ұғымдардың  жиынтығын  қамтиды.  Айтыс  екі  түрде, 
яғни сөз түрінде және өлең түрінде кездеседі. Қазақ әдебиетінде, жалпы әдебиет 
көлемінде өсіп-өрбуге, әдебиет жанры ретінде қарастырылатыны да – өлең түрі 
болып табылады.  
Айтыс  өлеңдерін,  әдебиеттік  жағынан  қарастырғанда,  мазмұны  мен 
тақырыбына қарай екі түрге бөліп қарастыруға болады. Оның біріншісі – қазақ  
халқының  тұрмыс-тіршілігіне,  салт-санасына,  әдет-ғұрпына  қарай  бөлінеді. 
Ал,  екіншісі  –  ақындардың  шын  мәніндегі  өзара  айтысы.  Қазақ  айтысының 
күрделі де қомақты бөлігін осы айтыс түрі құрайды. 
Алғашқы үлгідегі айтыс өлеңдері халқымыздың тұрмыс-салты мен әдет-
ғұрпына  сай  туындаған.  Ол  міндетті  түрде  халықтың  жиналған  жерінде,  яғни 
той-тамаша,  ойын-сауық  үстінде  шығарылатын  болған  және  оны  шығарушы 
ақындар болған. Бұл айтыстардың өзіндік ерекшелігі болған, себебі, ол жалпы 
айтыс  өлеңдерінің  алғашқы,  бастапқы  үлгісі  болып  табылады.  Бастапқыда  ол 
ойын-сауық  ретінде  жиналған  халықтың  көңілін  көтеру,  күлдірту  мақсатынан 
туындаған.  Өлең  құрылысы  жұрттың  жаттап  алып  айта  беруіне  ыңғайлы 
болған.  Айтыстың  мұндай  түрінде,  нағыз  ақындар  айтысының  үлгісіндегідей, 
тың  тақырып,  күрделі  де  көкейкесті  әңгімелер,  көкіректі  жарып  шыққан  ой 
түйіндері  мүлдем  кездеспейді,  керісінше,  жеңіл-желпі  сөз,  әзіл-оспақ,  ойын 
түрінде  болып  келеді.  Тағы  бір  ерекшелігі  –  бұл  айтыста  халықтың  тұрмыс-
тіршілігі,  салт-санасы,  әдет-ғұрпына  байланысты  туған  әртүрлі  ұғымдар  мен 
түсініктері біте қайнасқан.  
Әрине,  бұны  сол  кездегі  халықтың      тұрмыс-тіршілігіне,  салт-санасына, 
әдет-ғұрпына  байланысты  туған  айтыстың  кемшілігі  деп  қарастырмау  керек. 
Керісінше,  ол  –  айтыс  өлеңдерінің  дүниеге  қалай  келіп,  өзінің  алғашқы 
қалыптасу барысында нендей тақырыпқа тоқталып, нені сөз еткендігі жайында 
аңғартып,  мағлұмат беретін басты ерекшелігі деп қарастыру керек. Айтыстың 
дәп осы түрін - жалпы айтыс өнерінің әдебиеттен алар орнын көрсетіп, ақындар 
айтысының өніп, өрбіп шығуына себеп болған, үлкен жанр ретінде танылудың 
негізін қалаушысы, бастамасы болған түйткі ретінде бағалау қажет. 
Айтыстың бұл түрін мазмұнына қарай бірнеше салаға бөліп қарастыруға 
болады.  Олар:  «жар-жар»,  «бәдік  айтысы»,  «қыз  бен  жігіт  айтысы»,  «дін 
айтысы», «жұмбақ айтысы» деген бастапқы тақырыптарға бөлінеді. Мұндағы 
«жар-жар»  мен  «бәдік  айтысы»  айтыс  өлеңдерінің  ішіндегі  ең  көне,  ескі 
үлгілері қатарында болып  саналады. 

 
12 
Қалған  «қыз  бен  жігіт  айтысы»,  «дін  айтысы»,  «жұмбақ  айтысы»  болып 
саналатын  айтыс  түрлері  халықтың  жиналған  жерінде  жұртты  көңілдендіру, 
сергіту, ән мен жыр қызығына толтыру мақсатында көбірек қолданылған айтыс 
түрлері болса керек.  
«Қыз  бен  жігіт  айтысы»  ақын  жігіт  пен  ақын  қыздың  арасындағы  сөз 
жарысы  болып,  оны  шығарушы  да,  айтушы  да  сол  қыздар  мен  жігіттер 
болғандықтан,  халық  оны  осылай  атап  кеткен.  Бұл  айтыс  әдеттегідей 
амандасудан  басталып,  әдемі  қалжың,  жарасымды  әзіл-оспақ,  елді  күлдіруге 
тұрарлықтай  күлдіргі  жайттарға  ұласып  отырған.  Айтыс  барысында  қыз  бен 
жігіттің  бір-біріне  айтылған  міні  неғұрлым  көңілді,  құлаққа  қонымды 
болғандықтан,  қарсыласының  намысына  тиіп,  ашу-ызасын  шақырмаған. 
Қарсыласын  жеңу  үшін  оның  мінін  көбірек  тауып,  сынауға  тырысқанмен,  ол 
мін  мұқату,  әшкере  ету,  бетін  қайырып  тастау  мақсатымен  айтылмаған.  Ол 
керемет  әзіл  өрнегімен  көмкерілген  «мін  айту»  болған.  Мысалы,  қыз 
қарсыласының өсіп кеткен сақалына мін тағу арқылы оны ұялтуды емес, дәйім 
жұртты  қыран  күлкіге  кенеп,  жігіттің  осы  әзілге  жөнді  жауап  қайтара  алмай, 
тосылып қалар-ау деген мақсатпен:  
Қызға барған ел білсін атағыңды, 
Түзетіп ки мұнан соң шапаныңды. 
Қыздан көңілі қалмаған қу көкірек, 
Қырғызсаңшы бір қап жүн сақалыңды... 
Сақалыңды айнаға көрші қарап
Ту құйрықтан маңызды төрт-бес қадақ. 
Ауылыңдағы бақалға күзеп сатсаң,  
   Алты сабын береді, жеті тарақ, - деп келтірсе, жігіт оған лайықты  жауап 
ретінде халықтың «Сөздің көркі – мақал, адамның көркі - сақал» деген мақалын 
қолданады  және  өз  тарапынан  қыз  бойындағы  титтей  де  мінін  іздеп  табуға 
тырысады. 
Айтыс  -  кейде  осындай  сөз  сайысына    түскен  қыз  бен  жігіттің  бір-біріне 
деген ықыластары болса, сол лебіздерін, іштегі көңіл сырларын  айтып қалуға 
да үлкен мүмкіндік берген (түсінбегендері  әзіл түрінде қарап, түсіне білгендері 
астарлап  болса  да  жауап  қайыра  білген).  Ерте  заман  айтысына  үңіле  қарасақ, 
ондағы  ақындар  тек  өз  ойларынан  шығарған  шумақтарды  ғана  емес,  сол 
тұстағы  халық  өлеңдерін  де  пайдаланып,  әнге  қосып  отырған.  Кейде  ол 
қайырма  түрінде  келсе,  кейде  тіпті  екі  ақын  да  (қыз  бен  жігіт)  өлең 
шумақтарының  алдынғы  екі  жолын  қайталап,  ал  өздерінің  негізгі  ойларын 
кейінгі  екі  шумаққа  сидырып    отырған.  Олар  көбінесе  жатталуға  жеңіл,  тілге 
орамды, құрылысы он бір буынды өлең түрінде кездеседі.  
Жинақтай  айтсақ,  «қыз  бен  жігіт  айтысы»  халықтың  ойын-сауық, 
салтанатына байланысты туындап, қазақ ауыз әдебиетіндегі «айтыс» жанрының 
бастапқы  үлгілерінің  бірін  құрап,  кейінгі  үлкен  «айтыстың»  негізін  салуға 
себепші болған қомақты жанрдың бірі. 
Қазақ  даласына  ислам  діні  таралғаннан  бастап,  (тарихтағы  келтірілген 
деректер  бойынша  XVII  ғ.  бері)  қожа  –  молдалар,  басқа  да  дін  иелері  ислам 
дінін  уағыздап,  үгіт-насихат  жасау  үшін  поэзияның  қосар  үлесі  мол  екендігін 

 
13 
біліп,  оны  тікелей  пайдалануға  кіріскен.  Осы  мақсатпен  әсіресе  айтысты 
көбірек  пайдаланған.  Міне  осылай  «дін  айтысы»  пайда  болған.  Әрине  ол 
қайсы  бір  ақынға  келіп  «дін»  туралы  айтысасыңдар  деп  қолқа  салу  емес,  ол 
үшін алдын-ала өздері жалдамалы ақындарға уағыз айтып, көпшілікке ақын тілі 
арқылы діни үгіт  – насихат жүргізіп отырған. Олар жұрттың жиналған жеріне 
үгіт-насихатты тереңірек жүргізу үшін екі ақынға да алдын-ала дін жайында не 
айтуды,  кімдер  туралы  және  қалай  айтудың үлгілерін  тапсырып  қойған.  Міне, 
осындай «саясаттың» негізінде діни тақырыптық айтыс түрі туған. 
Айтыстың  бұл  түрі  екі  ақынның  сөз  жарысынан  гөрі  бір-біріне  берген 
сұрау-жауабына  көбірек  келеді.  Айтыстың  аты  айтып  тұрғандай,  оның  негізгі 
тақырыбы  -  дін  жайындағы  әңгімелер,  үгіттер  болады.  Жиналған  барша 
халықты дін жолына түсіру, діни ұғымдарға иландыру, діни наным –сенімдерді 
ұстануға  жетелеу,  үйрету  сияқты  мақсаттарды  көздеген.  Бәріне  тек  бір  ғана 
жаратушы  ие  «Алла  тағаланың»  күшіне  сену,  намаз  оқу,  ораза  ұстау,  құран 
жолымен  жүру,  пітір-садақа  беріп  тұру  керектігі  және  тек  осыны  ұстанған 
адамдар  ғана  «жұмақ  төрінен»  орын  алатынын,  ал  бұған  қарсылық  білдіріп, 
сенімсіздік артқан «дінбезерлерді» «тозақ» оты күтіп тұратындығын сөз ететін 
болған. Қарапайым халыққа жай сөзбен үгіт жүргізгеннен гөрі, олардың сүйікті 
поэзиясын  қолдану  қожа-молдалар  үшін  дін  насихатының  құралы  ретіндегі 
бірден-бір таптырмас жол екендігі байқалады.  
Қазақтың  айтыс  өлеңдеріне  дін  айтысы  елеулі  үлес  қосып,  оның 
қалыптасуы  мен дамуына  ықпалын  тигізе  қоймаған.  Бұл  тек  айтыс жанрының 
алғашқы  үлгілерінің  қатарындағы  бірі  болып  табылады.  Өлеңдік  құрылысына 
келер болсақ, дін айтысы айтыстардың үздік шыққан тобына жатпайтын, тіпті 
айтыскерлердің  аса  қызығушылығын  тудырып,  жандандырар  тақырып  болып 
табылмайтын,  тек  дін  тақырыбының  аясында  ғана  сөз  қозғалатын  бірыңғай, 
қара дүрсінді өлең түрінде кездеседі. 
Халқымыздың  тұрмыс-салты  мен  әдет-ғұрпына  сай  туындаған  айтыс 
өлеңдерінің тағы бір түрі – жұмбақ айтысы.  
Ақынның тапқырлығы мен білгірлігіне тікелей байланысты айтыстың бұл 
түрі  айтыс  өлеңдерінің  ішіндегі  ең  күрделі,  қиындау  түрі  десе  болады.  Осы 
себепке байланысты ақынның тек суырып салма болуы ғана емес, оның үстіне 
ол өте тапқыр, көп нәрселерден хабардар, білімді, тез ойлап, табан асты жауап 
беруге дайын болуы шарт.  
«Жұмбақ  айтысының»  қатысушылары  жұмбақ  қылып  жасыратын 
нәрселерін  адамзатқа  таныс,  деректі  заттардан  алып,  сондай-ақ  екі  затты  бір-
бірімен  салыстыра  білу  арқылы  жұмбақ  шығарған.  Дәлірек  айтқанда,  жұмбақ 
қылып жасыру аясына кіретін тақырыптар көлемі  – жаратылыс дүниесі, аспан 
әлемі,  жан-жануарлар,  хайуанаттар,  адам  және  адамның  еңбегі  мен  кәсіп 
құралы, өнер, табиғат, ілім-білім болған. 
Жоғарыда айтып өткен айтыстың қиындығының салдарынан ба, айтыстың 
басқа  түрінен  гөрі  «жұмбақ  айтысына»  қатысушы  ақындар  аз  болса  керек.  
Мұның  өзі  «жұмбақ  айтысындағы»  айтыскердің  аса  тапқыр,  білімді  болуын 
талап ететіндігінің тағы бір айғағы.  

 
14 
Қалай  болғанда  да  қазақ  халқы  мұндай  айтыскерлерден  де  кенде  емес. 
Олардың қатарында Нұржан, Рысжан, Әсет, Шөкей, Сапарғали, Күңбала т.б. 
сынды  айтыскерлеріміздің  аттарын  атауға  болады.  Бұлар  айтыстың  талабына 
сай – білгір ұшқыр ойлы, суырып салма, тапқыр айтыскерлер.  
«Жұмбақ  айтысы»  өз  дәуіріндегі  айтыстардың  ішінде  мәні  зор,  салмақты 
айтыс  болған.Оның  басқа  айтыстан  ерекшелігі,  ол  өз  айтыскерін  көп  білуге, 
ізденуге, жан-жақтылыққа талпындырған. Ал бұл жастардың (тек айтыскерлер 
емес) білімге деген құштарлығын оятуға, білімді болуға жетелеген. 
 
?! 
1)  С.Мұқановтың    «Қазақтың    ХҮІІІ–ХІХ  ғасырлардағы    әдебиет  тарихынан  
очерктер»  еңбегі қандай бөлімдерден тұрады? 
2) ХІХ ғасырда қандай айтыс түрлері дамыды? 
3) Айтыс қандай  тұрмыс-салт жырларынан бастау алады? 
4) ХІХ ғасырда пайда болған ақындар айтысының түрлерін атаңыз? 
5) ХІХ ғ. дәстүрлі айтыстың жүйріктері кімдер болды? 
6) Т.Тебегенов зерттеуінше, ақындар айтысының түрлері қандай?  
 
 
 
3 Қазақ әдебиетіндегі нәзира дәстүрінің көріністері 
 
М.  Әуезовтың  «нәзира»  дәстүріне  берген  анықтамасы:  «...  бір 
тақырыптың әр ақында қайталауы еш уақытта аударма деп танылуы керек 
емес.  Ол  өзінше  бір  қайта  жырлау,  тыңнан  толғау  немесе  ақындық  шабыт-
шалым  сынасып,  жырмен  жарысу  есепті  бір  салт  еді.  Шығыс  поэзиясы  бұл 
салтты  заңды  деп  біліп,  осы  дәстүрге  «нәзира»,  «нәзирагөйлік»  деп  атау  да 
берген» (Әуезов М. 11-том). 
Қазақ жерінде нәзира дәстүрімен жырланған шығармалардың  авторлары: 
Т. Ізтілеуов, Ш. Жәңгірұлы, Ш. Құдайбердіұлы. 
Физули  нұсқасы  бойынша  Ш.  Құдайбердіұлы  «Ләйлі-Мәжнүн»  поэмасын 
жазды. 
Шығыс  хикаяларының  желісіне  құрылған  қисса-дастандар:  Бозжігіт, 
Сейфүлмәлік, Таһир-Зүһра, Жүсіп-Зылиха. 
«Нәзира» сөзі араб тілінен аударғанда «жауап» деген мағына береді. 
«Бозжігіт» дастаны өзінің тақырыбы, оқиғасы, құрылысы жағынан «Қозы 
Көрпеш-Баян-сұлы» жырына жақын. 
Мақсатқа  жету  жолында  жасалған  қажымас  қайсарлықтың  үлгісі  ретінде 
жырланатын дастан- «Сейфүлмәлік». 
«Сейфүлмәлік»  дастанының  қазақша  нұсқасына  тән  ерекшелігі:  эпикалық 
дәстүр мен ертегі дәстүрі өзара ұштасып жатады. 
«Таһир-Зүһра»  дастанында  жырлаған  ең  басты  нәрсе  –  махаббатқа  адал 
болу, достықты аялау, мақсатқа жету, қиындықтармен күресе білу. 

 
15 
«Мұңлық-Зарлық» дастаны мен Абайдың «Ескендір» поэмасы арасындағы 
байланыс:  «Қалтаға  бір  уыс  топырақ  әкеп  салғанда  қалтадағы  алтын-күміс 
асып-тасып  төгіле  бастайды».  //  «Таразының  сүйек  тұрған  жағына  топырақ 
шашқанда ғана таразы басы «солқ» етіп жоғары шығып кетеді».  
 
?! 
1)  ХІХ  ғ.аяғы  мен  ХХғ.  басында  қазақ  әдебиетінің,  фольклорының  дамуына 
үлес қосқан ақындарға қандай атаулар берілген? 
2) Нәзирагөйлік дәстүрде қайта түлеген шығармаларды атаңыз? 
3)  Нәзирагөйлік  дәстүрдің  әдеби  байланыс  түріндегі  көрінісі  жайлы  қандай 
зерттеушілер пікір айтқан? 
 
 
4 ХІХ ғасырдағы сал-серілер 
 
Сал,  сері  дәстүрі  өте  ескі  дәстүрден  сақталып,  халықтың  тіршілігіне  көп 
жаңалық  кіргізіп,  әдебиетке,  ой  санаға  игі  әсер  еткен  қазақ  мәдениетінің  бір 
жарқын  белгілері.  Оны  осы  күнгі  сахнада  мирас  болған    Біржан  салдың, 
Құрманғазының  бейнелері  анық  сипаттайды.  Сал,  серілер  күштіге 
табынбайтын, кедейді мақтап жыр шығарады. Олардың бар ынтасы махаббатқа 
бас иіп бәйек болып түсуі, ол үшін елді-елді қыдырып, өзіне ақылды, сұлу қыз 
іздеу,  барлық  жас  өмірін  сарып  қылып,  мал-  мүлкін  аямай  соның  жасына 
құрбан  ету.  Сал  мен  серінің  осындай  ардақты  ниетке  бағыттайтын  олардың 
жаратылыс  ерекшелігі,  дарынды  ойы,  ашық  жарқын  мінезі,  сыпайлылығы, 
сұлулыққа елтуі және әдемі дүниеден ләззат ала білуі. 
Сал    мен  серінің  ерекше  қасиеттері  -  әрі  ақындығы,  әрі  әншілігі,  әрі 
күйшілігі,  әрі  сауыққойлығы  елге  қуаныш  беретін,    олардың  жүрегіне  жарық 
сәуле түсіретін зиалылығы. Сондықтан халық сал мен серіні   өте ардақ тұтып, 
қуанышпен  қарсы  алып,  олардың  істерін  халық  ортасында  аңыз  қылып  айтып 
жүрді. Ауылдағы бойжеткен қыздар сал мен серіге ерекше көңіл қойып қарсы 
алатын. 
Сері  мен  сал  келген  ауылдарды  үлкен  думандарға  бөлеп:  ойын-сауықпен 
олардың  көңілін  табады.  Ф.Назаровтың  зерттеуінше  сол    жүрген  жерін  ұзақ 
уақыт  қызыққа  батырады.  Ол  өзінің  шырқап  салған  әнімен    жаздың  түні 
ауғанша айға қарап, ән салып отырады. 
Ел-елді аралап жүретін әнші, серілер, салдар тарихи дәуірден келе жатқан 
мәдениетті қалыптастырушылар.  
Олар өздері шығарған ән-күйді, музыкалы шығарманы, халықтың эпикалы 
жырларын  мәнгілікке  сақтайтын  аяулы  ой  иелері.  Өткен  ғасырларда  сахарада 
ән  мен  күйдің  өркендеуі  бір  ғана  сал  мен  серінің,  атақты  домбырашылардын 
көркейіп  өркендеуімен  байланысты  болды.  Олар  әнді  бір  дауыспен  айтпай 
кейде көп дауысты әндер шығарып жүрді. Осының әдемі мысалы: Сегіз серінің 
Бақтиярдың  үйінде,  Мақпал  сұлудың  алдында  –  көп  серілермен  қосылып,  көп 

 
16 
дауыспен бірлесіп айтқан әсем әндері. Сондай –ақ Біржан салдың Абай үйінде 
көр  серімен  қосылып  шырқаған  сұлу  әндері.  Демек,  салдық  өнер  халық 
театрының  негізгі  компоненттері  –  ойын-сауық  құру,  ән  шырқау,  күй  тарту, 
билеу, желдірме айтуы тағы да басқа дүниеге әкелген.  
Бірақ бір өкінішті жері, сал мен серінің қашан шығып, қалай өркендегенін 
айтып  берген  бір  ауыз  сөз  әдебиетте  кездеспейді.  Қысқа-қысқа  жазып  алған 
хабарлар  Ә.  Диваев  пен  А.Н.Добромысловте  жолығады.  Осы  күнгі 
жазушылардан  бұл  мәселеге  көңіл  қойып  жүргенде  Бижанов  пен  Ақселеу 
Сейдімбеков. 
Алайда  сал  мен  сері  туралы  күрделі  аңыздар  ел  аузында  орасан  көп.  Қай 
жерде  қандай  сері,  қандай  сал  болғанын  халық  әлі  күнге  ұмытпай,  есінде 
сақтаған. 
Тарих  көзімен  қарасақ,  серілік  ту  баста  түрік  қағанаты  кезінен  шыға 
бастаған. Серілікті әдет қылған ойшыл кісінің бірі – Иоллық тегі деген кісі. Ол 
өзі  ғажайып  аңшы,  мерген,  атты  күтіп  ұстайтын  бапкер,  сонымен  қатар  асқан 
ақын, жырау болған дейді. 
Бір  айтатын  ой,  сал  мен  сері  бір  типті  емес,  екеуі  алуан,  екі  дәстүр 
өрнектері. Олардың бірінен – бірінің өзгешелігі – тұрмыс көрінісінде, типінде. 
«Сал» сөзі Европа тілімен айтқанда эксцентрик, немесе өз бағытымен жүретін 
бір  алуан  адам.  Оның  бар  арманы  сылқымдық,  кербездік,  киімді  әдемі  киіну, 
өзімен қатар жүрген адамның бәрінен де қияпатымен де киімімен де артық болу 
асып  түсуі.  Ертоқымның  өзі  де  басқаныкіндей  болмайды,  алтынмен,  күміспен 
өрнектеліп, ерекше салтанатпен жасалады. 
«Сал»  сөзі  киімді  салпаңдатып  кең  тігуден  шыққан.  «Сал»,  «Салпаң». 
Әрбір  салдың  шалбарының  балағы  сондай  кең,  оған  бір  кісі  толығынан  сиып 
кетеді.  Ақселеу  Сейдімбековтің  «сал»  сөзі  «сал  ауруынан  алынды»  деуі 
келінкіремейді.  Халықтың  әдеті  бойынша,  өнер  иесіне  ондай  ат  қоймайды, 
қайта сол  «сал  аурудың»  өзі осы  «сал»  сөзінен  шықан болу  керек.  «Атым  сал 
бөксе болып жүр» десе, салды басқан кең киім сияқты атты да ауырлатып жүр 
дегенді білдіреді. Демек, бұл сөздің өзі салдың киімінен шыққан. Құлағы үлкен 
кісі мен құлағы үлкен малды да «салпаң құлақ» дейді, ол да үлкендікті, кеңдікті 
көрсетеді. 
Ілгеріде  мысалмен  келтірілмек  «серілік»,  «салдықтан»  бүтіндей  басқа,  ал 
екеуінің қосылатын жері, екеуі де ақын, күйші, әнші, екеуіне де ортақ болатын 
музыка аспаптары. 
«Сері»  сөзі  серпілуден  шыққан,  бой  жазу,  шалқу,  асқақтау  дегендерді 
білдіреді. Сері ол оқымысты кісілер арасында көп болған. Жақсы көрген қызға 
салдар сияқты іздеп бармайды, хат пен жұмбақ жазысады. 
Серілер,  біріншеден,  атақты  мерген,  екіншіден,  сұңқармен  ,  лашынмен, 
тұйғынмен  құс  ілгізген  саятшы  тұлпар  аттың  ең  жүйрігін  қадірлеп  баптаушы. 
Онымен  қабат  халықтың  рухани  тіршілігіне,  ойын-сауығына  да  ерекше  қуат 
беріп, оны биікке көтеруші. 
Демек,  сері  мен  сал  қазақ  тіршілігінде  ерекше  жаралған  дарынды,  сөз 
тапқыш,  шешен,  ол  әрі  құйма  ақын,  әрі  сері,  әрі  сал,  әрі  күйші,  әрі  әнші,  әрі 
сауыққой.  Ақындық  оның  ойына  жаратылыстан  дарыған.  Сондықтан  халық 

 
17 
оларды  ерекше  ардақтап,  еркелетіп  төрге  шығарып,  жүздеген  жыл  ұмытпай 
есінде сақтаған. 
Сал тіпті өзгеше орында болған. Ол халықтың театры сияқты роль ойнап, 
өзінің жарқын әнімен, сыртқы қияпатымен халыққа үлгі беріп жүрген. 
Салдар әр уақыт жарқын жүзді, майталман, әзіл мен қулықты қатар ұстап 
бір  жағынан  сын  көзімен  қарап,  маубас  басшыларды  сықақпен  өлтіріп,  игі 
адамдарға  мөлдіреген  ыстық  пейіл  білдірген.  Сол  махаббаттың  елесі,  ойын-
сауықтың, думанның жан күйі, қызықты аңыздардың әдемі тақырыбы. Осыған 
орай халық сал туралы неше алуан қызықты әнгімелер туғызып, әрбір салдың 
өмірін бүкіл сахараға таратады. 
Салдық ерте кезден дамыған дәстүр. Ең соңғы салдың бейнесін Біржан мен 
Мұхит  салдан  көруге  болады.  Олардың  соңын    ала  шыққан  Жаяу  Мұса  мен 
Үкілі  Ыбырай  салдықтан  гөрі  әншілікке  жақынырақ.  Салдықты  еске  түсіретін 
Жаяудың өзгеше киінуі (ылғи қызыл киіп жүруі), Ыбырайдың басына үкі тағып 
жүруі. 
Ерте кезде өткен салдардың асқан ерекшелігі олардың сыртқы қияпатының 
өзгеше  болып  көрінуі.  Олардың  сыртқы  сипаты,  киім  киісі,  жүріс-тұрысы, 
қарапайым  кісіге  ұқсамайды.  Олар  жүргенде  ылғи  қойқандай  басып,  кербез 
жүреді. Сөзі асқақ, еркін, өзінен басқа жан бар деп ойламайды.  Салдарды қазақ 
халқы  өте  еркелетіп  өсірген.  Ол  өте  кербез,  паң,  онымен  қатар  мінезі  өте 
жайдары ашық ер көңілді келеді. 
Салдардың киім киюінің өзі бір өзгеше нәрсе. Олар әдемі, сұлу киім киген. 
Өзгелер кие алмайтын қымбат киім алу үшін өзінің мал-мүлкін аямаған. Киімді 
кең,  мол  қылып,  тіктіруді  әуес  еткен.  Ауқатты  салдардың    киетіні  мауыты 
шекпен, қамқа тон, қырмызы не жасыл шапан, олардың етегін, арқасын, жеңін 
тегіс  кестемен  өрнектеп,  әшекейлеп  қойған.  Шапанды  бір  ғана  торқадан  не 
қалың жібектеп істейді. Тоғыз қойдың терісінен жасайтын кестелі кең шалбар, 
өрнектелген    шоңқайма  қызыл  етік,  басына  киетіні  жібектен  жасалған  биік 
телпек. 
Кедейірек салдар жібек киіммен өзін көркейте алмай, жәй матаның өзінен 
тіктіретін  болған.  Барлық  салдың  әдеті  атын  жібек  арқанмен,  жібек  тұсаумен 
тұсайтындығы.  Ауқатты  салдар  елді  бір  аралап  шыққанда  жүз  метрдей  жібек 
артып жүрген. Жібек арқан неғұрлым ұзын болса, ол соғұрлым салдын атын ел 
арасына көп таратқан. 
Жібек арқан қыз-келіншекті салдарға тез таныстыратын мықты әдістің бірі 
болған. 
Сал әрқашан аттың ең сұлуын, жүйрігін ұстап, жақсылап мәпелеп, сипап, 
сүртіп,  жал-құйрығын  тарап,  оған  жібек  байлап,  моншақ,  маржан  тағып 
әсемдендіріп жібереді. 
Атты  әртүрлі  ойынға:  жатуға,  тұріға,  секіруге,  билеуге  үйретеді.  Қыздар 
далада жатқан салдың қасына келгенде оның аты аяғын бүгіп, басын иіп тәжім 
қылады.  Атының  аяғына  күміс  білезік  кигізіп  құлағына  алтын  сырға  тағып, 
маңдайына үкі қадайтын салдар су орнына сүт беріп тұрған. 
Осы  әсем  киіммен,  осы  салтанатты  ат  тұрманымен,  осы  кербез  атымен, 
кеудесі өлең мен жырға толған атақты сал сұлу қыз іздеп ел аралауға шығады. 

 
18 
Махаббат  мен  ойын-сауық  жолына  түскен  салдар  дүниесін  аямай,  бар  малын 
әдемі  киімге,  тұлпар  атқа,  сәулетті  ертоқымға,  қыз-келіншекке  таратуға 
арнаған. 
Сал ел аралап жүріп, қызды ауылдың сыртына келіп тоқтап, артынан жерге 
далалай  құлап,  шалқасына  түсіп,  екі  қолып  екі  жаққа  жіберіп  қимылсыз 
жатады.  Халық  дәстүрі  бойынша  ауылдың  қыз-келіншегі  көтеріп,  тұрғызып 
ауылға алып келеді. 
Кейде ауылдың қыздары салдың құлаған жеріне көп уақыт бара қоймайды 
ол  өлген  кісідей  көзін  жұмып  жата  береді.  Жарты  күн,  бір  күнге  шейін 
қозғалмастан  жата  береді.  Бірақ  атақты  ақсақалдары  атақты  салдарды  көп 
жатқызбай, қыз-келіншекті алдынан тез шығарады. Шықпаса сал екі күн болса 
да  жата  береді.  Тездетіп  ерте  келген  қыз-келіншекке  сал  жібек  арқанын  сол 
қалпымен  сыйлайды.  Сондықтан  да  ел  аралап  жүрген  сал  жібекті  талай  рет 
сатып алып жүрген. 
Дегенмен  сал  болу  оңайлыққа  түспеген.  Сал  болған  кісілер  атасынан 
қалған  барлық  малын  осыған  жұмсап,  кейін  қартайған  кезінде  кедейленіп, 
жүдеген.  Сал  болған  жігіттің  мал  мүлкін  босқа  шаша  бергенін  оның 
туысқандары  ұнатпаған.  Сондықтан  айыру  үшін  жігітке  туысқандары  жақсы 
көрген қызын алып беріп, аяғына тұсау салуға  тырысатын. 
Сал  мен  серілердің  көп  тараған  жері  Көкшетау  төңірегі.  Олардың  бұл 
өлкеде көп екені бірінші рет айтып жазған түрік елдерінің тілін жүйрік білетін 
офицер  –  ғалым  Услар  деген  кісі.  1840  жылдары  Усларды  Кенесары 
көтеріслісін  бақылауға  жіберген.  Бірақ  ол  қазақ  тұрмысын  зерттеуге  айрықша 
көңіл  бөледі.  Оның  бақылауынша,  қазақ  тілі  азербайжан  тіліне  жақын, 
айырмасы  тек  дыбысты  өзгертіп  сөйлеуінде.  Алғаш  Көкшетау  қаласына 
келгенде ол көп жаңалықты көреді. Қаланың іші тасып жүрген қазақ. Солардың 
ішінде өзгеше киінген көп қазақ салдарын көреді. Олардың бәрі франт-сылқым, 
форсила-кербез.  Кигендері  ылғи  жібектен  тігілген  қырмызы  не  жасыл  шапан, 
аса  кең,  басына  кең  шанақ  бөрік,  аяғына    шоң  қойма  етік.  Олар  әдемілеп 
кестеленген, түсі не қызыл не жасыл болып кездеседі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет