Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


«Медғат - Қасым» поэмасының романтикалық көркемдік әдіс тұрғысындағы ерекшеліктері



бет107/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110
159. «Медғат - Қасым» поэмасының романтикалық көркемдік әдіс тұрғысындағы ерекшеліктері.
“Медғат-Қасым” поэмасы романтизм сарынындағы поэма. Бірақ негізгі стилі солай бола тұрса да, бұл поэманы реалистік шындықпен өмірге жанасымды, қонымды берген тартыстары, мінездері дәлелді көркемдікке сүйенген.
«Медғат-Қасым» - Мағауия поэмаларының ішіндегі көркемдік тұрғысынан биік шығарма. Оның оқиғасы қазақтың тұрмыс-салтымен байланыстырыла емес, Африка жерінде, Ніл өзені бойында өтеді. Шығарма желісі құл иеленушілер мен құлдардың арасындағы кек күресінен алынады. Шығармада Мұрат деген байдың баю мақсатымен Мысыр қаласынан Ніл өзені бойына көшіп келгені әңгімеленеді Поэмада жеке көріністердің өмір шындығына жанасымды суреттері бола тұрса да, шығарма негізінен романтизм үлгісінде жазылған. Оқиға желісі де, кейіпкерлерге тән іс-әрекет, сезім күйі де соған ыңғайластырылады. Кейіпкерлерді дағдыдан тыс жағдайларға тап еткен, әрекет пен мінез-құлықтағы төтенше қаһармандық ерлікке бастайтын түйін есебінде шығармада Медғат пен Қасым арасындағы кек және Ғазиза мен Сәлімнің махаббаты алынады.
Оқиға жай дағдыдағы эпостық поэмалардың ізімен басталып, кейін басқаша дамиды. Олардың ішкі байланысы, шиеленісі, шарықтау шегі – бәрі күтпеген жерден кенет жалтарысқа ұшырап отырады.
Адам образдарын жасау әдісі де осыған ыңғайласқан. Солардың ішінде романтикалық қаһарманды көз алдыңа елестете аларлық образ – Қасым. Оның істерінің қайсысын алсаң да ірі, басқалардан бөлек.
Дейтұғын бір құлы бар Қасым атты,
Қара сұрлау пішіні зәңгі затты.
Отты қара көзі бар, ұзын бойлы,
Тәкәппар, тәуекелшіл, бек қайратты, – деп жасаса, кейін оның қайсарлық мінезін де соған сай етіп суреттейді. Қасым кекті қатты ұстайды. Қасымның қарақшылық әрекеттерін сөз еткенде, Мағауия оны қанішер ретінде көрсетпейді. Бұл – Батыс пен орыс романтизмінің бас қаһармандары сияқты қайырымды қарақшының бейнесі. Жазықсыз жәбір көрген адам дұшпаннан кек алу үшін қарақшылық жолға түседі, намысын ерлікпен қорғауды мақсат етеді. Осыдан барып, Қасым зорлықшыл, үстем таптың бәріне қарсы адам болып суреттеледі. Ақын оны:
Әсіресе байларға рақым етпес,
Ағаш толы зәңгінің бәрі ниеттес.
Сорлы болған жандарға тағы әдеті,
Бір жақсылық қылады естен кетпес, – дейді. Қасымның Медғаттан кек алу үшін істеп жүрген іс-әрекеті арқылы өткен дәуірдегі құлдар мен қожалардың арасындағы тартыстың бір көрінісін суреттейді.
Мағауия Қасым кегі, Сәлім махаббаты арқылы өмірі қанауда өтіп жүрген, бірақ бойында үлкен қайраты бар, ар-намысы күшті еңбек адамдарының жоғын жоқтайды. Бай мен құлдың арасындағы бітіспес қайшылықты терең суреттейді. Шығармада романтика араласса да, кейіпкерлердің күрес, сезім әрекеттері шындықпен қабысып отырады.
Поэма тіл көркемдігі жағынан да құнды. Жаңа теңеу, жаңа эпитеттер тәрізді сөз образдарының байлығына қоса қаһармандардың романтикалық мінездерін нақты бере білуде ақын едәуір шеберлік танытқан. Ақындық шеберлікті Мағауияның ұстазы Абайдан үйрендігі анық байқалады. Қорыта айтқанда, «Медғат-Қасым» поэмасы тақырыбы жағынан да, құрылысы жағынан да өз кезіндегі қазақ әдебиеті үшін тың жаңалық болды. Мағауия Абайұлы қазақ әдебиетіне романтикалық поэманың жаңа үлгісін әкеп қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет