Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


ХІХ ғасырдағы дәстүрлік әдебиеттің негізгі сипаттары



бет2/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110
ХІХ ғасырдағы дәстүрлік әдебиеттің негізгі сипаттары.

Айтыс – қазақтың ауызекі әдеби – музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды салаларының бірі. Ол – суырып салма ақындық өнерінің жемісі боп табылады. Айтыста халықтың әдет – ғұрпы, тұрмыс – салты, дүниетанымы, эстетикалық, рухани, философиялық және әлеуметтік көзқарасы, қалыптасу тарихтары байқалады. « Ең алғаш тұрмыс – салт жырлары «Жар – жар» мен «Бәдіктен» бастау алып, сан алуан асу – кезеңдерден өтіп кемелдене жетілген айтыстың алғашқы үлгілері көпке ортақ жаттанды өлеңдерден тұрса, кейінірек өз жанынан шығарып айтылатын суырыпсалмалылық сипаты басым болып отырады.
Айтыстың көтерілетін тақырыптары сан алуан. Егер де айтыстың ең ежелгі түрі – «Бәдік» айтыстың негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, кейіннен айтыстың кемеліне толған ең күрделі түрі – ақындар айтысының тақырыптары әлденеше тарау болып, бұтақталып кетеді және сол бұтақтардың бәрі халықтың өмір – тұрмысын жан-жақты көрсетіп, барынша толық бейнелейді. Бәдік айтысынан басқа қайымдасу, жануарлар мен адамның айтысы, ақ айтыс, сүре айтыс, жұмбақ айтыс сияқты айтыс түрлері қалыптасты.
Айтыс қазақ даласында негізінен XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап айрықша кең өріс алып, мол серпінімен дамыды. Бұған сол тұстағы қазақтың көшпелі өмірі мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрі басты себеп болды. Оны тудырған да, дамытқан да ақындар болған. Бұл өнер түрі қазаққа ағайындас, тұрмыс – тіршілігі, шаруашылығы, қоғамдық өмірі ұқсас келетін қырғыз, түркімен, қарақалпақ халықтарында да кездеседі. Айтыстың басты ерекшелігі – оның суырыпсалмалы түрде орындалуы


  1. ХІХ ғасырағы қазақстанның әлеуметтік өмірінде болған өзгерістер және оның әдебиетте көрінуі.

Қазақ даласында ХІХ ғасырда патшалы ресей отарлаушылары жүргізген саяси-әлеуметтік өктемдік пен басқару жүйесіндегі реформалардың себеп-салдарлары сол кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларынан да жан-жақты көрініс тапты. Көкірегі ояу ақын-жырау, сөз ұстаған би, шешендер ұлттың мұңын, ұлттың келешегін болжаған күңіреністі көзқарастарын толғады. Хандық басқару жүйесі ыдырағаннан кейін, үздік-создық ұлт-азаттық қозғалысына ұласқан наразылық жалпыхалықтық қуатты күшке айналып кетуге түрлі ішкі-сыртқы жағдаяттар кедергі болса да, халықтың мұң-мүддесі тарихи жыр, дастан, толғауларда буырқанып көрінді. Бұрқ етіп басталып, езіпжаншылып, қайта бас көтеріп өршіп отырған ұлт-азаттық қозғалыс тарихының ұзақ мерзімді кезеңдерінде ақындардың сөзі, ұлттық әдебиет мұраты ғана өз жолынан да, жүрісінен де жаңылған жоқ.
Осы аласапыран кезеңдердегі қазақ әдебиетінің шығармаларын тереңдеп талдап тану, ұлттық әдебиеттің жаңа дәуірінің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын тарихи сабақтастықта зерттеу ел тарихының қастерлі беттерін ашады. ХІХ ғасыр әдебиеті өткен ғасырлардағы ұлттық сөз өнерінің өрнегін, дәстүрін сақтаумен бірге көркемдік құралдарын байытты, жаңа сипаттар дарытты. Әдеби шығармалар жанрлық жағынан да, көркемдік бітімі турасында да, идеялық мазмұны жөнінен де көп ілгеріледі. Зерттеу барысында осы дәуірдегі көптеген әдеби мұралар жаңа қырынан қарастырылды, бұрын белгісіз болып келген, әлде арнайы талдауға түрлі себептермен мүмкіндік болмаған шығармалар мен ақын-жазушылар мұралары ғылыми айналымға қосылды. Дулат, Шортанбай мұраларына қазақ халқы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана тереңдеп үңіліп, ашық жазуға мүмкіндік туды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет