160. «Медғат - Қасым» поэмасындағы Қасым, Сәлім мен Ғазиза бейнелері, кек пен махаббат сезімдерінің жырлануындағы табиғи тартыс, көркемдік шешім мәселелері. Кек сарыны, романтикалық лептілік Мағауияның «Медғат-Қасым» поэмасында да өте-мөте күшті. Бірақ шығар маның негізгі идеясына берілген авторлық шешімде өзгешелік
мол. Ақылбай поэмасында адамның өз бойындағы, табиғатындағы күйлер мен сезімдер көбірек ашылса, ал Мағауияның «Медғат-Қасымында» əлеуметтік сарын сонша-
лықты айқын да терең белгі берген.Сондайақ, Ақылбай поэмасында жазықсыз жандардың кек қайтаруы тағдырдың, жазмыштың ықтияры арқылы бо лып жатқан тəрізді сыңай сезілсе, Мағауия поэмасында мұндай тылсым күйлер жоқ. «Медғат Қасым» поэмасының
Қасым, Сəлім сияқты кейіпкерлері кек қайтару, өз мақсат та-
рына жету жолындағы күреске өздері араласады, кесек қи-
мыл, тегеурінді əрекеттер жасайды.
Ақылбай сияқты, Мағауия да өз шығармасының негізгі
идея сын, онда суреттелетін оқиғалардың мерзім-мекенін
сал ған жерден-ақ аңдатып тастайды:
Бір əңгіме қозғалды ойымдағы,
Мақсат болды – əшкере болынбағы.
Бай мейірсіз – ер құлдан саза тартқан
Африка, Ніл дария бойындағы.
Ол дүние болмаған шақ құлға бостан,
Жаңа ашылған Африка бір гүлстан,
Кені қалың, егіні мол болған соң,
Ізденіп барған жан көп əрбір тұстан [49,365-366].
Мағауия «Бай мейірсіз – ер құлдан саза тартқан», – де-
ген жалғыз жол арқылы-ақ бүкіл поэманың идеялық түйінін
берген. Сондай-ақ, онда кұлдар жайы, отаршылардың Аф-
рика байлығына қомағайлана құнығуы да мол қамтылып
айтылған. Осының бəрі поэманың реалистік сипатынан да
бірталай белгі береді. Сол сипат поэманың бүкіл өн бойы-
на романтикалық терең сарындармен қосыла дамып, қатар
өріліп отырады.
Поэмадағы негізгі тартыс алғаш Қасым, Медғат, Мария
ара сындағы қарым-қатынастар арқылы түйіледі. Қасым ма-
хаббат қасіретін бір тартса, қатыгез Медғаттан жазықсыз
жаза да шегеді, адам айтқысыз азап көреді. Жүрегіне, ар-на-
мысына түскен таңба одан да бетер, одан да ауыр. Осыдан
кейін Қасымның ішіне кек байланып, жаза көрсеткендерге
қатты өшігеді. Ол Марияны өлтіріп, қашып кетеді. Қасым
ақы ры Медғат пен Мұраттан да кек қайтарады. Қасым тағ-
ды рының осынау күйлері, оның кесек қимылдары, тəкаббар
да өр мінезі поэмада шытырман оқиғалар арқылы аса қыз-
ғылықты баяндалған. Ақын Қасым бейнесін шындықты,
реалистік қалыптан алыстатпайды. Сонымен бірге оның об-
разында, іс-əрекеттерінде романтикалық серпін, өршілдік
өте -мөте күшті.
Шынтуайттап келгенде, Қасым – өз басының ғана намы-
сын жоқтаушы емес. Оның қимыл-əрекеттерінде əлеуметтік
си пат та басым. Поэманың бас жағында ақын Мұрат байды
«Құлды малша таяқпен жұмсаушы еді, адам деп обалына бір
қарамай», – деп суреттейді. Қасым – есе тимеген, қорлық
көрген сол құлдардың бірі. Жеке бастың намысы оянып, кегі
қозғанда оның əлеуметтік сезімі де сергиді, өзінің адамдық
қасиеті үшін күресу, тартысу қажет екендігін ұғынады. Содан
барып оның жортуылшылық өмірі басталады. Бірақ Медғат
батыс əдебиетінде мол туған романтикалық поэмалардағы
қайырымды қарақшы типтес емес. Оның кектенгені де, өш
алып жүргендері де – байлар. Ал тағдырдан соққы көргендер,
əділетсіздерде есесі кеткендер оған жақ əрі жақын:
Əсіресе байларға рахым етпес,
Ағаш толы Зеңгінің бəрі ниеттес.
Сорлы болған жандарға тағы əдеті –
Бір жақсылық қылады естен кетпес [49,317].
Қасым кейін Сəлім мен Ғазизаға да үлкен адамгершілік
мінез көрсетеді. Қасымның іс-əрекеттері оның мақсатына,
əділет пен ақиқат туралы ұғым-нанымына нық байланысты.
Ақын оның сырын іс-əрекеті арқылы да, өз сөзі арқылы да
жақсы аңдатады. Ол Сəлімге былай дейді:
Қасым айтты Сəлімге: – құтты болсын,
Бір басыңа бауырмын жəне досың.
Бір кек үшін кеткенмін зəңгі болып,
Ойланбай қылғаным жоқ мұны тосын.
Өз бауырын өлтірген деме алым,
Саған да белгілі ғой менің халім.
Сені де аң қызығы əкеткен жоқ,
Ғаділеттің жоқтығы саған мəлім [49,105].
Сөйтіп, поэмадағы негізгі екі тақырыптың – кек пен
ма хаббат тақырыбының шешімінде Қасым айрықша рөл
атқарады. Сол екі тақырыпты байланыстырып, соларға ортақ
тұтастық бітіріп тұрған да – Қасым бейнесі.
Мағауия тек кек жайын ғана емес, махаббат тақырыбын
жыр лағанда да романтикалық асқақ лекке көтеріліп, жарқын
бояуларды қалың алып, жайната қолданып отырады. Шын
махаббат адамды рухани жағынан жаңғыртып, биіктете тү-
седі, оның бойындағы ең абзал, аяулы сезімдерді ашады.
Мағауия айнымас, адал махаббат туралы тақырыпты осы
тұр ғыдан жырлайды. Мұны Сəлім образынан анық көреміз.
Оның алғашқыдағы сипаты мынадай:
Аңшы едім ұрғашының жүрегіне,
Жараттым не сұлуды керегіме.
Өзімді – өзім билейтін жан шығушы ем,
Құр нəпсіге ер екен, керегі не? [49,384]
Сөйтіп жүргенде Сəлім Ғазизаға тап болады. Осыдан
бас тап оның рухани дүниесінде, жан-жүрегінде ғажайып
өзгерістер болады:
Сол оймен ашна болдым араласып,
Қызды аңдып жүрген жан көп қамаласып.
Жалған сүю алдаудың арсыздығын
Шын махаббат көрсетті көзімді ашып [49,375].
Бұл шумақтарды оқығанда «Ғашықтық, құмарлықпен –
ол екі жол» деп жазған, айнымас та азбас махаббатты гимн
ре тінде жырлаған Абай поэзиясы еске еріксіз түседі. Бұл
орайда Мағауияға Абай шығармашылығының əсері айрықша
күшті болғаны даусыз.
«Медғат-Қасым» поэмасында Мағауияның ақындық
по зи циясы айқын да бекем. Бұл оның оқиға желілерін да-
мы тып, тартыс түйіндерін тарқатуынан да, ұнамды жə-
не ұнамсыз кейіпкерлердің образдарын жасаудағы көр-
кем дік принциптерінен де анық көрінеді. Бұл тұста ол
ро мантикалық асқақ сазға көтеріледі. Қасымның Медғаттан
жаза шеккендегі қайсарлығы, түн жамылып, тау кезіп жүр-
ген кездегі тапқырлығы мен батырлығы, соңынан қуған
Сəлімнің мылтығын атып, құндағын үзіп, дос ниетпен күліп
қарсы алуы, Сəлімнің жолбарыспен жұлқысуы суреттелетін
эпизодтар поэманың көркемдік шырайын келтіріп-ақ тұр.
«Медғат-Қасым» поэмасының көркемдік кестесінде,
ком позициялық құрылысында да ерекшелік, ақындық тап-
қырлық мол. Ақын тек авторлық баяндаумен кете бермей,
əрдайым əсерлі, көркем суреттер жасап отырады. Поэманың
сюжеттік өрбуінде, адам бейнелерінің қалыптасуы мен пси-
хологиялық сипаттарында да шеберлік үлгісі мол. Мағауия
осы поэмасында кейіпкерлердің лирикалық толғаныстары
мен ішкі монологтарын да ұсталықпен, алғырлықпен қол-
данған. Жалпы алғанда, «Медғат-Қасым» поэмасының қазақ
поэзиясы тарихындағы орны айрықша, ерекше бағалы.