Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Ақылбай Абайұлының «Дағыстан» поэмасы. Поэмадағы адамдық сезім күйлерінің романтикалық әуенмен тартысты оқиғалар үстінде жырлануы



бет105/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110
155. Ақылбай Абайұлының «Дағыстан» поэмасы. Поэмадағы адамдық сезім күйлерінің романтикалық әуенмен тартысты оқиғалар үстінде жырлануы.
156. «Дағыстан» поэмасындағы образдар жүйесі, тілі, стилі.
157. «Зұлыс», Ақылбайдың роман-поэма түрінде жазылған үлкен көлемді шығармасы.
Ақылбай ақын «Зұлыс» атты үлкен поэ­масын 1900-жылдары жазған. Зұлыстар туралы поэма­ны әуелде Мағауия жазбақ бо­лып жүреді екен. Кейіннен Мағауи­яның денсаулығы нашар болуы себепті жазбақ поэмасы­ның ойлаған оқиғасын ағасына ай­тып беріп, «Зұлысты» Ақыл­бай жазып шығады.
Зұ­лыс» – ағылшын жазушысы Хаггард­тың «Сүлеймен патшаның кеніші» ро­маны­ның өлеңмен жасалған еркін аудар­масы болып табылады» дедi Ма­ғауин.
Мағауин «Зұлысты» еркін аударма дегенмен, екі шығарманың жазылу ерек­шелігі әртүрлі. Ақылбай «Зұлысты» үшінші жақтан жазған. Ал Хаггард романын бірін­-ші жақтан, яғни Аллан Куатермэннің аузы­­мен баяндайды. Оның үстіне Ақыл­бай­дың ақындық суреткерлігі осы поэ­ма­дан анық аңғарылып тұр. Табиғатың әсем көріністері арқылы поэманың сюжеттік желісін жетілдіріп отырған. Аударма емес, көркем шығарма секілді әсер береді. Әри­не, Ақылбай әкесі әрі ұстазы Абайдың тәсілін пайдаланған. Тіп­ті өлеңнің тір­кестеріне шейін Абай өлең­деріне ұқсап кетіп жатады. Былайша айт­қанда, Ақыл­байдың суреттеуінен Абай­-дың лирикасын сезінсің.
Ақылбай поэмасын толық жазып шық­қан соң қолжазбасы қолдан-қолға тарап ке­теді. «Зұлыс» – Ақылбайдың аса қою оқиғалы роман-поэма түрінде жазылған үлкен көлемді шығар­масы еді. Сол ұзақтық себебінен алғаш жазылып шыққан жылын­да ұқыпты көшірушінің қолына кездеспеген. Жас оқушы Ақыл­бай қасындағы жігіттер ақынның қолжазбасын біреуінен-біреуі ауыстырып, қыдыртып жүріп, көшіріп алуға еңбек етпеген. Қарындашпен жазылған жал­ғыз қолжазбасын Ақылбай өзі де қайта­дан көшіруге үлгермей қалады. Бұл поэма оның өзі қай­тыс болардың алдында, соңғы жылдарында ғана жазылса ке­рек. Ол кезде інісі Мағаштың қатты науқасы, оның қаза болуы және әкесі Абайдың қайтыс болуы – барлығы қат-қабаттап, Ақылбай өз поэ­масын тарата алмай кетеді. Жалғыз қолжаз­баның өзі де кейін 1918 жылы өртеніп, өкінішті түрде із-түзсіз жоқ болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет