Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Ы. Алтынсарин (1841-1889) қазақ халқының әдет-ғұрыптары туралы жазған этнографиялық еңбектері



бет70/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   110
117. Ы. Алтынсарин (1841-1889) қазақ халқының әдет-ғұрыптары туралы жазған этнографиялық еңбектері.
Ол өз замандастары арасында ғалым-этнограф, көсемсөзші әрі ақын ретінде де кеңінен танылды. Ол Орыс географиялық қоғамы Орынбордағы бөлімінің толық мүшесі болды. Географиялық қоғамның тапсырмалары бойынша баяндамалар жасап түрды, қазақ халқының этнографиясы бойынша мақалалар жариялады. Атап айтқанда, Кіші жүз қазақтарының адамды жерлеу, ас беру, құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрі, ежелгі әдет-ғұрып зандары туралы зерттеу мақалалары жарық көрді. Ол өзінің жұмыстан қолы босаған кездерінің бәрін де ауыл арасында өткізді, туған халқының тарихы, фольклоры, шежіресі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы материалдар жинастырды. Өзінің көзі тірісінде бірқатар ғылыми мақалалары журналдар мен газеттерде жарияланды. «Орынбор ведомствосы қырғыздарының құда түсу мен үйлену тойы кезіндегі әдет-ғұрыптарының очеркі» атты еңбегінде үйлену тойларына байланысты толып жатқан әдет-ғұрыптарды тәптіштей суреттеді. Ы. Алтынсариннің әдеби мұрасы да едәуір елеулі.
Ыбырайдың «Орынбор ведомствосы қырғыздарының құда түсу мен үйлену тойы кезіндегі әдет-ғұрыптарының очеркін» қазақ халқының уйлену мәлеселі жайлы энциклопедия десек кем болмайды. Себебі осы шағын ғылыми очеркінде қазақ даласында сонаудан бері қалыптасқан үйленуге қатысты тақырыптарды қозғайды. Үйлену салт-дәстүрлері, ерте үйлендіру мәселелері жайлы айтылады. Сонымен қатар кәдесыйлардан бастап қыз жасауы тақырыптарына дейін толық мәлімет берген.
Қазақтар қоғамында екі әлеуметтік топ болған: бай және кедей. Ы.Алтынсаринде бұл мәселені ескеріп, кез-келген қазақ салт-дәстүрлерін бай ортада қандай дәрежеде өтетініне де, кедей орта да қандай дәрежеде өтетінін бөліп айтып отырған.
Ыбырай қазақтарда үйлену бұйрығы қыз бен жігіттің емес ата-ананың ықпалымен жүрмегенін анық айтып өтеді. «Баласын өзінің күйіне және жалпы жағдайына қарай жасы толмай тұрып та, жасы толғаннан кейін де үйлендіре алады» - деп ары қарай үйлендіру барысында қандай мақсаттар алғы орында тұратынын мына екі фактормен түсіндіреді. Алғашқысы: «өздерінің достығын жекжат болып нығайтқысы келген адамдар, бірінің әйелі ұл, екіншісінің әйелі қыз тапса, оларды некелеп, бір-біріне қосатын болып уәделесе беруші еді». Демек әдепкі қатынастарын одан әрі нығайту мақсатында. Екіншісі: «дәулетті қазақтың қайсысы болса да, баласына өзі сықылды дәулетті және беделді біреудің қызын айттыруға тырысады». Демек даңқ сүйер қазақтың әдеті бойынша одан әрі беделді болу мақсатында. Үйленетін жастардың тек әке-шешесінің жоспары, солардың мүдделері үшін үйленуі бірінші проблема.
Ыбырай екінші проблеманы жас мөлшері дейді. Не үшін үйлену емес уйлендіру дейміз. Себебі бала үйленуді түсінбей жатып үйленеді. «Екі-үш жасар ұлы бар жасы балиғатқа жеткенше үйлендіріп қояды», «қазақтар баласын 11-12 жасында-ақ үйлендіре береді», «баласына келін әперіп, қызығын көргісі келсе, онда баласын 8-9 жасында үйлендіре салады» дейді Ыбырай.
Қазақ даласының заңдарын, дәстүр, салттары жайлы әңгіме қозғалғанда «әмеңгерлік салты» жайлы міндетті түрде айтылады. Осы очеркте әмеңгерлік салтының қатал ақылға сыймайтын заңдары айтылған. Оның біріншісі жас айырмашылық мәселесі. «Он жасар бала, алды 7-8 жасқа келген балалары бар әйелге үйленіп қалады» немесе «өлген кісінің жесірді алатын жас туысқандары болмаса, онда ол әйел (жас та болса) кейде алпыс немесе жетпіске келген шалға тиюге тиіс». Демек «....жесір әйелдің екінші ерімен жас айырмашылығы да, оның тілегі де, сол сияқты басқа дәлелдері де есепке алынбайды». Ал егер бұл жағдайда басқа рулар қол сұқса, араласса, қарсылық білдірсе «кісі өліміне апарып соқтырады» дейді өз еңбегінде Ыбырай.
Қорыта айтқанда, Ыбырай Алтынсарин тек қана халық ағартушы ғана емес сонымен қатар этнограф. Оны «Орынбор ведомствосы қырғыздарының құда түсу мен үйлену тойы кезіндегі әдет-ғұрыптарының очеркінен» көре аламыз. Бұл очеркінде Ыбырай қазақ халқының үйлену салтындағы мәселелерді үйлену салт дәстүрлерінің керемет ерекшеліктерімен қатар талдап отырады. Жалпы айтқанда бұл очерк XVIII-XX ғасырдағы қазақ үйлену салт-дәстүрлерінің құндылықтары бойынша тарихи құжат десекте болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет