114. Шоқанның хаттары (Ата-анасына, Ф.М.Достоевскиге, А.Н. Майковке, К.К. Путновскиге т.б.) ондағы демократиялық, ағартушылық көзқарастары. Әкесіне жазғаны 1-хат Сізге белянд һурматлу ұлұғ мансаблу атамызға, меһірбанлу анамызға, уа барша іні қарындастарымызға көптен көп сәлем. Сәлемнің бағдыда біздерден есендік сұрасаңыз алхамдлилла ифтиля деп білесіз. 13 числада августың Омбу шаһаріне келдік. Генерал-губернатор бір күн бұрын келген екен. Ешбір жат хабар жоқ, есенішіліктен басқа. Гутковский мұнда, Сіздерге көп-көп сәлем көндіреді. Аға сұлтандық хақында кеше Гасфорт нешік үшбу күнгеше «представление» қылған жоқ деп Фридрихсқа сөгіс қылды. Хұда бұйырса бір жұмада аларсыз. Хатта советник орны бұрынғыдай вакансия болып жәй тұрады, ешбір лайық кісі таба алмадық. Сабалақ бен Ханқожа балларын корпуске принимать қылдық. Ыштабдан Гутковский хат алды,оларды корпусқа алдық деб. Омбыға келерде Қошығұлдың советниктен дәмесі болса алып бірге келіңіз. Гутковский жаһат етермін деп уағда берді – жанаралға таныстыру керек. Біздің Шұрықтың үйі судан жаман болып, сасып кетіпті, ешбір тұруға ләзім емес. Бір кісі жіберіңіз деп едім – жібере көріңіз. Һәм өзіңіз келерде біздің жәйді ұмытпаңыз. Гасфорт ыхыласты жіберуге. Мұхаммедия мен Қозыкені менен сүйіңіз. Ұғұлыңыз Мұхаммед-Ханафия Уәлиханов
2-хат Бижанаб. Сізге ұлұғ хұрметты уа сүюклу атамызға сәлем, уа меһірбан анамыз, уа іні аға қарындастарымызға зияда ғұмыр уа ықбаллар. Бағда бізден хабар сұрасаңыз алхамдлилла, сау уа саламатбіз. Бір айдан берлі жүрегімнің дерті тұтып, аурып тұрамын. Петербордың һауасы дешт-сахаралыққа жақсы емес екен. Дәрігерлер қысқа заграницаға баруға бұйырдылар. Хұда разы болсын, хауф қылмаңыз.., Ғайри ол жерлерге һеш неме жоқ. Хұда қаласа Батюшков губернатор болса, Сібірге қайтамын. Мұнда сөз бар Батенков (?) губернаторлыққа менің ашна дос кісімді қояды деген. Оның атын ілгері жазбаймын, әгар болмаса ұят болмасын. Хұда бұйырса бір айдан кейін Петербордан Парижге шығамын. Ақшаны өтілге аламын – мұндағы бір кісіден. Аның үшін Сіздің жіберген ақша мені Петербургта таппас. Һар нешік емді бұ хатты алғандан кейін ақша һаммасын жібергейсіз, мың теңгедей. Жат жерлерде борышты кісі не қандай машһур болсада, жанарал болсын, – қараулға жіберер. Сіздердің халіңізді біліп мың тенгеден артық сұрамаймын. Мұсафіршілікпен тұрсам, кім біледі, ас-суға жетер. Енді Мұса һам көмек берсе болар еді. Оның баласына, кім біледі пайда болар. Адресті түзік жазыңыз. Үш жүз теңге жіберген хатыңыз мені әзер тапты. Аның үшін кім, Сіз екі адрес жазыпсыз – бұрынғы адресті және соңғы адресті. Керек соңғыны жазбақ. В Кавалерийское Отделение Департамента Генерального штаба. Басқа сөз керек емес. Хұда қаласа, жаз көрішмекні алла нәсіп еткей.
Дәю, жазғушы ұғлыңыз Мұхаммед-Ханафия. P. S. Мақажан ұғлыңыз жалқау, һеш неме қылмайды, ұстаздары айтады, және «ұры». Менің алты паршалық кітаптарымды ұрлап алғанын учитель Васильев табып беріп мені бәледен құтқарды. Мен әуел келгенде келгенімді білдіріп қызметкерден хабар жібердім. Бәр жақтан үйге келсек, Мақыжанды көрдім, ол мені таныды: – Жүзіңізді ұмыттым, – деді. Оның есендігі жақсы, дерті жоқ, ақша көп сұрайды. «Ұрлық» қылған соң мен ақша бермедім, наказание болсын! Жақып жанға сәлем, келінге [сәлем], балаларын сүйіңіз. Рахия, Бадығұлға жазсаңыз – сәлем жазарсыз.