Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Шөже Каржаубайұлының (1808-1895) өмірі мен шығармашылығы



бет36/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   110
Байланысты:
19ғ әдебиеті. 1-164 (1)

60. Шөже Каржаубайұлының (1808-1895) өмірі мен шығармашылығы.
Шөже Қаржаубайұлы (1808, қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы –1895, сонда қайтыс болды) – халық ақыны. Қазіргі Нұра ауданының жерінде кедей шаруа отбасында туған. Өлең шығару дарыны жас кезінен-ақ байқалған, бала кезінде аурудың салдарынан зағип болып қалған. Айтыстарға қатысқанда қалыптасқан әлеуметтік-философиялық көзқарастары болды. Адамгершілікке жат кеселді кемшіліктерді әшкерелейді (Кемпірбай, Тезекбай, Жәмшібай, Келдібай, Балта, Орынбай, Серәлі, Шортанбай және басқаларымен айтысқан). Үлкен айтыстарда 17 рет жеңіп шыққан.[1] Өзінің асқан шешендігімен, суырып-салма төкпелігімен, көкейкесті мәселелерді қозғауымен және ауылдағы ат төбеліндей бай-шонжарлардың екіжүзді зұлымдығы мен парақорлығын жұрт алдында батыл аяусыз әшкерелеуімен кеңінен танымал болған. Асқақ жыршы, лирикалық, эпикалық дастандарды шебер орындаушы болған. Абаймен кездесіп, халық эпостарын, әндері мен аңыздарын білетіндігімен оған зор ықпал жасаған. Ш. Уәлиханов 1864 ж. 5 наурызда өзінің Омбыдағы пәтерінде Шөже орындаған «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» дастанының ең тандаулы нұсқаларының бірін жазып алып, Шөженің ақындық шеберлігіне жоғары баға берген. [2]
Оның бір топ өлеңдері (“Дәукейге”, “Домбыра шыққан тыңқылдан”, “Бәйтікті мақтағаны”, т.б.) жеке адамдарды көтере дәріптеп, мақтауға құрылған. Сонымен қатар Шөже тоғышарлық пен парақорлықты, өмірдің жағымсыз жақтарын батыл сынға алды.[3]
Аталары Қуандық, Шөженің әкесі құлдықта, шешесі күңдікте өткен адамдар, өзі де жасынан жетім қалып, бай босағасында малайлықта күн кешкен. Сондықтан Шөжемен айтысқа түскен ақындар ата-тегіне мін тағып оның кемтар соқырлығын бетіне басқан. «Дүржан үйінде» өлеңінде Шөже өз өмірі туралы едәуір мәлімет береді. Жасынан жетім өсіп қорасан ауруынан көзі кеткенін айтады.
Ол барынша батыл сөйлеп, ешкімнің бет-ажарына, бақ-дәулетіне қарамай, тайсалмай, әркімнің мінін бетіне баса ашық айтқан. Шөже айтыстары өзінің өткірлігімен де, шынайылығымен де, сыншылдығымен де көзге түседі. Бізге оның Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тазбала және Қыз ақындармен айтысқан. Шөже Балта ақынмен айтысқанда оны ұрысың, соларға қосылған арам, жемқорсыңдар деп айыптайды. Бұл айыпты Балта теріске шығара алмайды. Балта арқа сүйеген парақор би-болыстар қатты сыналады. Олардың ішінде Шөженің Жолшора қазы мен Алшынбай шонжарға айтқан сындары өте өткір.
Жолшора өзің қазы, әкең Анай,
Бұрып сөйлеп, параны жедің жалай.
Алдында жеті тамұқ, сегіз жұмақ,
Қайсысына кіруің екі талай.
Қажылықпен дүниеде жедің пара,
Бұл сөзді сен айтасың қалай-қалай! - дейді. Балтаның «Ит соқыр» деп айыптаған дөрекі сөздеріне де ақын бұлтарыссыз батыл жауап береді. Балта елінің аға сұлтаны Құнанбайдың да соқыр екенін айтып, мықты болсаң содан құтыл дейді.
Жалғыз соқыр халқына тиышсыз болса,
Құтылсаңшы мына отырған Құнанбайдан.
Шөже Балтаны жеңгенде оның парақорларлығын, ұры-қарыларға жақтастығын айтып бет қаратпайды. Сен ұрысың, олар парақор – бәрінің пиылғың бір деп оларды қоса айыптайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет