Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Ә.Найманбайұлының толғау – термелерінің, өлеңдерінің әншілік орындаушылықпен, сазгерлікпен тығыз байланыстылығы



бет53/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   110
97. Ә.Найманбайұлының толғау – термелерінің, өлеңдерінің әншілік орындаушылықпен, сазгерлікпен тығыз байланыстылығы.
Әсеттің ақындық, әншілік өнер жолында үлгі-өнеге алған ұстазы Абай. Әсет 1889 жылдан бастап ұлы ақынның ауылында болып, Абайдан тәлім-тәрбие алған ең талантты шәкірттерінің бірі. 1889-90 жылдар Абайдың ең бір мағыналы өткізген өмір кезеңі еді. Ақын өмірінің осы бір кезеңін Мұхтар Әуезов толық сипаттап, 1933 жылы жарияланған “Абайдың туысы мен өмірі” атты еңбегінде жазған болатын. 1889 жылы ел жұмысын өзінің інісі Оспанға тапсырып, өзі бір беткей ілім іздеу жолына, ақындыққа берілген.Осы жылдан бастап Абайдың білімі мен өсиетіне құмар болған, ел ішінің көзі ашық жастарына Абай ауылы үлкен білгіштіктің медресесі сияқты болды. Абай ұстаз да, сөз ұғатын ынталы, талапты жастардың бәрі шәкірт,- дейді.Айтыс бәйгесіне түсіп жүлде алып, елге атағы шыға бастаған жалынды, албырт жас ақын, асқақ әнші Әсет ұлы ақынның, кемеңгер ұстаздың алдына келген кезде 22 жаста еді. Абай ауылы қазақ сахарасындағы өнер-білімнің, мәдениеттің өнегелі ордасындай еді.Абай шәкірттеріне тек өз өсиетін ғана айтып қоймай, Шығыс пен Батыстың, орыстың өзі таныс болған және ардақтап, қадірлейтін, бұрынғы-соңды данышпан ғалым, ақын, жазушыларының өмірі мен еңбектерінен қызықты мысал келтіріп, өнегелі әңгіме айтып отыратын болған.Әсет Абайдың алдында болып, мол тағлым алып, ұлы ұстазының әдебиеттегі дәстүрін өзінің ақындық, әншілік өнерінде үлгі-өнеге еткен. Ғылымның әр саласынан өнеге айтып отыратын Абайдың әңгімелерін, өсиет, ақылын тыңдаушылардың бірі болады. Орыстың ұлы ақын, жазушыларының, соның ішінде Пушкин шығармаларымен де, Әсет осы Абай ауылында алғаш рет танысады.Әсеттің “Евгений Онегин” романының оқиғасын алып,
еркін аударма жасап, Пушкин шығармасының қазақ поэзиясында өзінше бір нұсқасын тудыруы – сөз жоқ тура Абай әсері, Абай өнегесі.Әсеттің бұл аудармасы “Онегин мен Татьянаның әңгімелері” деп аталып, Пушкиннің қазақ тілінде 1937 жылы басылып шыққан “Таңдамалы шығармаларының” 2-томында басылды.Әсет өлеңдері “бөтен сөзбен былғанбаған”, ”тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін” , әрі мағыналы, әрі көркем. Әсет қалам алып жазуға көшумен бірге өзінің импровизаторлық дәстүрін де тастамайды.
… Жорғамын, жортарманмын жұрттан озған,
Майдамын, майда желіс мамырлаған.
Жұртымның асау қызу жиынында
Бұл кезде ән адыра салынбаған…,-
деп шырқайтын Әсеттің дауысына кейін егде тартқан кезде, ұзақ өлең, ән айтатын уақытта аздаған жарықшақ пайда бола бастайды. Сол себептен даусын ашық, айқын шығару үшін тамағына мүсәтір салуды әдет етеді екен.
1923 жылы шаршы топтың алдында ән салып отырып, әдеті бойынша мүсәтір деп қатеден тамағына алмас салып жіберіп (мүсәтірді қолдан сатып алып жүретін болса керек) қапылыста уланып қалады.Сөйтіп, атақты ақын, әйгілі ақын, әйгілі әнші Әсет арманда қаза табады.Ақын өлер алдындағы қоштасуында өзінің қапылыста дүние салып бара жатқанын, қолы қысқа болып, ауыр тұрмыстың талқысын көп көріп, ақындық қазынасын түгел ақтарып, жарыққа шығара алмай, арттағы ұрпаққа Абай сияқты мұра қалдыра алмай бара жатқанын арман етеді.


98. Ә.Найманбайұлының шығармаларындағы өнер, сұлулық, асыл мінез – құлық, еңбексүйгіштік, халық бақыты үшін еңбек ету тақырыптарының жырлануы. («Жігіттің жігіт болар бейнесінде», «Жас жігіт надандықпен алданады» т.б.).
«Жігіттің жігіт болар бейнесінде»

Жігіттің жігіт болар бейнесінде


Күш қайрат,өнер болса кеудесінде
Домбыра гармоны сайрап тұрса
Тағылған сұлу келіп пернесіне
Күлім көз,оймақ ауыз жары болса
Лайық жақсы жауап сөйлесуге!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет