106. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ дастандары және оларда көрінген гуманистік идеялар.
«Еспембет» Дулат шығармаларының ең бір биік бәйтерегі ,бәйтеректің шыңы іспеттес.Бұл шығарма қазақ әдебиеті тарихында елеулі орын алатын қысқа сюжетке құрылған дастан.Сонымен қатар,патриоттық маңызы зор, батырлар жыры үлгісінде жазылған.Бұл жырлардың басым бөлігі-Отанды сүю,басқыншы жаудан ел қорғау, халық үшін ерлік еңбек ету идеясынан туған.Олай болса, Еспембет дастаны да осындай мақсатпен жазылған шығармалардың қатарынан орын алады.Жалпы халықтық батырлар жырында оқиғаның басталуы әр түрлі болып келеді.Кейбір жырлар кейіпкерлердің дүниеге келмей тұрған шағынан суреттейтін болса,енді бірде батырлардың іс-әрекетке көшуінен басталады.Ал «Еспембет» дастанында басты кейіпкердің ер жетіп,есейген кезінен,содан былайғы ерлік істерін сипаттаудан басталған.Шарықтау шегіде ,шешуі де шебер құрылған.Өзінің айтпақ болған идеясына лайықты және шарықтау шегінің жеткен жерінде оқиға тез аяқталады.Мысалы:«Бәрін айт та ,бірін айт, Еспембеттей ер қай Еспембеттей ер туса, Ер күтетін ел қайда?» дей отырып,елін қорғап ел үшін жауына оқ ататын батыр туса,елге қорған ер туса деген арманмен аяқталады.
Мұрат ақын шығармаларының ең көлемдісі – «Қарасай –Қази» жыры. Бұл нағыз эпостық поэма. «Эпостық жырға жататын шығармалардың негізгі өзгешелігі – мұнда қандай да бір оқиғаны,жәйт-жағдайды баяндап айту тәсілі қолданылады.Эпостық шығармада әртүрлі кейіпкерлердің іс-әрекетін, күй-жағдайын, мінез-қасиеттерін, өзара қарым –қатынастарын суреттеп көрсетуге мүмкіндік мол. Жазба әдебиетінде эпостық жанрдың роман, повесть, әңгіме, поэма сияқты үлгілері кеңінен дамып, өркендеп келеді.» /7,378/
Орақ батыр мен оның балалары Қарсай, Қазилардың жалғасып жатқан батырлық дәстүрлерін ардақтайтын ерлік эпос. Жыр сюжеті шағын желіге құрылған. « Жыр – қазақ халық поэзиясының жанрлық түрі, түпкі негізі мағынасында өлеңмен баяндалатын жырлап айтатын,уақиғалы, көлемді поэзиялық шығарма(батырлық жыры, эпостық ғашықтық жырлар). Сонымен бірге стильдік ерекшеліктері, өлең өрнегі жағынан оларға ұқсас толғау, терме секілді көлемі ықшамдау поэзиялық үлгілер де жыр деп аталған.» /7,159/
«Сюжет - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі.Сюжеттің негізі – өмірлік тартыс,конфликт,кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс.» /7,311/
2. «Қарасай–Қази» жырындағы ең тартымды көрініс – Қараүлек қарияның азалы жоқтауы. «Жоқтау – қазақ халқының өмірі мен поэзиясында тарихи-мәдени мәні ерекше құбылыс, тұрмыс-салт жырларының бір саласы. Халықтың асыл перзенті, елдің құрметтісі, сүйіктісі, әр шаңырақтың «ақыл-аузы», «Арқан–қазығы» дүниеден өткенде өткенде шерлі,азалы әуенмен айтылады. Оның сүйегіне, тегін, мінезіне дарыған асыл қасиеттері, ел –жұртқа, бауыр-туысқанға жасаған жақсылықтары, үлгі-өнегесі, артына қалдырған өшпес іздері мен ақыл-нақыл сөздері көркем де мәнерлі тілмен жырланады.»/7,154/
«Қарасай– Қази»жыры Мұраттың жыраулық өнерге жетік ақын екенін танытады. Ол Қарасай,Қази оқиғасын үлкен эпосқа айналдырғаны анық./2,222-227/ Ақын шығармашылығы мәңгілік көркем туындылар қатарында кең тарап, қанша қысым көрсе де ұмытылмай, ел аузында сақталады. Мұрат Мөңкеұлының өлеңдерінде өз дәуірінің , сол кездегі халқының өмір тіршілігін айқын көрсете білген. Мұрат Мөңкеұлының шығармашылығының бүгінгі ұрпақ үшін қажеттілігі де осында.
Достарыңызбен бөлісу: |