105. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағартушылық идеясының өркендеу сыры.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Қазақстанда ағартушылық пен білім беру саласының дамуы үлкен маңызға ие болды. Қазақстан мен Орта Азияның Ресей империясының құрамына толық қосылғаннан кейін, 1867-1868 және 1891 жылғы әкімшілік реформалардан кейін ағартушылық пен білім беру ісі тек қана орыс ұлтты азаматтар арасында ғана емес өзге ұлт өкілдері оның қазақтарда да кең етек жая бастады. Егерде 60-жылдарға дейін Қазақстанда мұсылман конфессионалдық мектебі басты рөл атқарса, ендігі жерде қазақ-орыс мектептері құрылып ашыла бастады.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында мұсылмандық руханият әкімшіліктің назарындағы басты мәселелердің бір болып тұрды. Аталған руханият өкілдерінің қарапайым халық арасында қадірі мен құрметін аңғарған өкімет бұларды өздеріне тарта отырып, заңдастырып алу жағында ұмытпады. 50-60 жылдары Ішкі істер министрлігі мұсылмандардың рухани істерімен айналысатын бірыңғай басқару жүйесін құрмақ болды, сөйтіп бұл басқару жүйесін Орынбор рухани жиналысы мен Таврическ рухани басқармасының қол астына қаратпақ болды. Бірақ жүйе толық құрылмады.ХІХ ғасырдың ІІ жартысында мұсылман аймақтары әкімшілігінің өкілдері мұсылмандық рухиният ісі саясатқа кері әсерін тигізеді деп есептеп оларды оқшаулау мен мүмкіндіктерін шектеуді ұсынды, атап айтқанда молдалардың билігін шектеу, арнайы мұсылман өкілі деген атақтардан айыру. Дегенмен билік басындағылар мұсылмандардың шабына тиіп кетпеу жағында естен шығармады. Осы тұрғыда жоғарыдағылар руханият ісінде ақырын жүріп, анық бас саясатын ұстанды және басты ұстаным мұсылмандық қызмет өкілдерін өз уыстарынан шығармауды ойлады, ол үшін заңдастырып қайткенде де өздерінің көз алдарында ұстауды мақсат етті. Кейіннен қосылған облыстарда бұл тактика басқаша жүргізілді. Мұсылмандық рухани өкіл ол жерде тек сенім қызмет етушілер деп есептеліп оларға арнайы атақ берілмеді. Ақмола, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы Уақытша ережеде дамудың негізгі принциптері мен Қазақстандағы ағартушылықты алға жылжыту мәселесі бекітілген. Қазақтар қоғамдық келісім бойынша өз еріктерімен қаржы жинап оны ағарту саласына немесе басқа да қайырымдылық ісіне жұмсауға еріктері болды. Молдалар жергілікті халықты мұсылмандық сауатын ашу жолында уезд бастығының арнайы рұқсатын алу керектұғын және сонымен қатар мешіт жанында діни оқытудан басқа сауат ашу ісімен айналысуға да рұқсат берілді, бірақ қаржы халық есебінен болды. Әрбір уезд басқармасында міндетті түрде ұлтына қарамастан алғашқы білім беру бойынша мектеп болуы тиіс болды. Мектеп бағдарламасы Халық ағартушылық министрлігі келісімімен генерал-губернатордың бекітілуінен өтуі тиісті. Оқытушыларға жергілікті билік өкілдерінің рұқсатымен қазақ балаларын өз үйлеріне шақырып оқытуға да рұқсат берілді. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап тағы бір тың жаңалық ислами әдебиеттер басып шығарыла бастады, шығармалар шағатай және қазақ тілдерінде басып шығарылды. Шағатай тілінде алғаш жарық көрген шығармалар қатарында Қожа Ахмет Иассауи мен Сүлеймен Бақырғани секілді ортағасырлық сопы ақындардың кітаптары бар. XI-XII ғасырларда Кіндік Азия жерінде исламның аскеттік қанаты – сопылық ілім қанат жайғаны мәлім. Имамға қол тапсырған сопының мақсаты «құдайға жақындау». Сол үшін дүние қызығын тәрк етеді, өзін өзі ұмытып, құдай жолына түсіп мүрид болады. Бұлардың поэтикалық тілі де өзгеше келеді. Көбінесе айтайын дегенін тұспалдап, жұмбақтап жеткізеді. Қожа Ахмет Иассауидің «Диван-и Хикмәт» (Даналық сөздер) атты атақты кітабы 1986, 1901, 1912 жылдары қазақ тілінде үш дүркін басылды.
Достарыңызбен бөлісу: |