118 Ы. Алтынсариншығармаларының жариялануы, зерттелуі. Қазақ сахарасында мәдениет пен оқу – ағартудың туын көтеріп, халыққа білім беру, мектеп ашу, оқулық жазу, мұғалім даярлау ісінде үлкен өнеге көрсеткен Ыбырай Алтынсариннің мұралары отызыншы жылдарға дейін арнайы зерттелмеген. Ол тек қырқыншы жылдардан бастап қана қолға алынады. Тарихшылардың ішінен Ыбырай Алтынсариннің өмірі, ағартушылық, жазушылық қызметі мен жазысқан хаттары туралы архивтік деректерге сүйене отырып, дұрыс та дәйекті жаза бастаған Бекежан Сүлейменов еді.
Жалпы алғанда Бекежан Сүлейменұлының Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанның мәдени дамуы және қоғамдық ойдың даму тарихы бойынша еңбектерін екі кезеңге бөлуге болады. 1945 жылдан бастап 1957 жылға дейінгі бірінші кезеңде ғалым тақырыпқа байланысты 13 ғылыми – көпшілік еңбек жариялайды. Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұрасы жөнінде Б.Сүлейменов 30 – ға жуық ғылыми, ғылыми – көпшілік еңбектер жазған. Ол ең алғашқы болып Ыбырай Алтынсаринді қоғам қайраткері ретінде танытқан зерттеуші еді. Сондай – ақ Б.Сүлейменұлы алтынсаринтанудың деректік негізін қалап, баға жетпес үлес қосқан. Профессор Ә.Ламашев ғалымның осы еңбегі жөнінде былай деп жазады: «Алтынсариннің мұраларын іздеуге, табуға, жинауға, жариялауға тарихшы Бек Сүлейменов ерекше үлес қосты. Қазақтың аса көрнекті ағартушы – педагогы Ыбырай Алтынсарин Қостанай өңіріне белгілі атақты Балқожа бидің отбасында тәрбиеленді, тоғыз жасында Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға түсіп, сондағы шекара комиссиясында қызмет істеген белгілі Шығыс зерттеушісі В.Григорьевтен сабақ алады. Оның үйінде жиі болып, кітапханасынан әдебиет, тарих тағы басқа ғылым салаларынан кітаптар оқиды.
Ол кездері шалғай түкпірде мектеп ашу өте қиын еді: қаражат, мектеп үйі, оқу құралдары жетіспейтін. Оның үстіне осындай ізгілікті іске облыстық басқармадағылар да, жергілікті әкімшілік те салқын қарайтын. Бірақ соның бәрі оның талабын қайтара алмады, ағартушылық идеямен қанаттанған қайраткер көздеген мақсатын орындауға құлшына кірісті. Ол мектеп ашуға ел – елді аралап қаражат жинауға кіріседі.
1864 жылы қаңтардың 8 – ші жұлдызында жұрттың көптен күткен мектебі ашылады. Ыбырай Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды, әрі түсінікті етіп беруші еді. Мәселен, діни мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жыл ішінде әзер хат таныса, Ыбырайдың алдынан оқыған шәкірттер небәрі үш айдың ішінде хат танитын болды.
Ыбырай Алтынсарин мұғалімдердің бала оқытудағы орнын жоғары бағалап: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, ол - мектептің жүрегі» - деген сөзі осы күнге дейін құнын жойған жоқ.
Н.Ильминский-Ыбырай туралы тұңғыш естелік еңбек жазып қалдырған адам. Оның “Ы.Алтынсаринді еске алу” деген көлемді кітабы бар. Бұл кітап-Ыбырай творчествосын тануда маңызы зор, алғашқы биографиялық естелік, әрі қазақ жазушысы туралы тұңғыш жарияланған еңбектердің бірі. Ыбырай шығармаларын талдау орта мектеп оқулықтарынан бастау алады. Оның педагогтік қызметі мен ағартушылық идеялары туралы Ә.Садықов, Т.Тәжібаевтың кітаптары бар. Қоғамдық әлеуметтік көзқарасы туралы Қ.Бисембиев пен Б. Сүлейменов, М. Ақынжанов зерттеулер жүргізді. Ал шығармалары туралы М.Әуезов, С. Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Ә. Дербісалиндер еңбектер жазды. Бұларға қоса, орта мектепке арнап оқулық жазған авторлардың бәрі де Ыбырай творчествосына талдау жасап, оның еңбектеріне тиісті бағаларын беріп келеді.