ХІІ ғасыр ғалымы әз-Замахшаридің өмірі және шығармашылығы
мағыналық топқа бөліп алып қарастырдық. Мұндағы көздеген мақсатымыз,
біріншіден, ”Мукаддиматта” жалпы түркі лексикасынан не бар, не жоғын
анықтау болса, екіншіден, мұндай шағын мағыналық сөздер тобы қазіргі қазақ
тілі мен “Мукаддиматтың” өзара тарихи тамырластығын түсінуге үлкен
жеңілдіктер туғызады.
Сөздікте табиғатқа қатысты атауларды іштей өзара саралап, табиғат
құбылыстары, астрономиялық, қоршаған орта, пайдалы қазбалар, жеміс-жидек,
дән-дақыл атаулары деген тақырыпшаларға топтастырып, жік-жікке бөлдік.
Табиғат құбылыстары: азаб йамғұры – азап жаңбыры – 162а, булут – бұлт
– 155а, ысық – 288б, күнешлік – күншуақ – 246а, мондүз – бұршақ – 354б, муз –
мұз – 239а, өл – ылғал – 259а, қар – 131а, қуйын – құйын – 313б, савуқ – суық –
226б, ташғын – тасқын – 342а, толы – бұршақ – 354б, тоз – тозаң – 122а, туман –
тұман – 124а, тутулды ай – ай тұтылды – 112а, йан – жан – маң – 211б, йаруқлуқ –
жарық – 169а, йашын – жасын – 131а, йел – жел – 109б, йылдурум – найзағай – 98а,
зелзеле – зілзала – 173б.
Достарыңызбен бөлісу: