ХІІ ғасыр ғалымы әз-Замахшаридің өмірі және шығармашылығы
бөліп қарайды: біріншіден - Қарахандық, мәдени орталығы – Қашқар (ХІғ.);
екіншіден – Оғыз-қыпшақтық, орталығы – Сырдың орта, төменгі сағасы мен
Хорезм (ХІІ-ХІҮ ғғ.); үшіншіден – Шағатайлық, орталығы – Шағатай ұлысының
отырықшы бөлігіндегі бірқатар қалалар (ХҮ-ХҮІІІғғ.)
23, 21-22
. Осылайша
жіктеу тұрғысынан келгенде “Мукаддимат” екінші – оғыз-қыпшақтық-хорезмдік
кезеңге кіреді.
Жалпы, орта түркі жазба ескерткіштерін белгілі бір шығарманың жазылу
орнына, уақытына, әлеуметтік ортасына, тағы басқа жағдайларға қарап дәуірлеп,
топтауда бұрынғы өткен-кеткен, қазіргі түркі тілі мамандары өзіндік ғылыми
тоқтам-топшылауын үнемі сарапқа салып отырған. Соның бәріне жеке тоқталып
жатуды жұмыс мақсаты көтермейді. Мысалға жоғарыдағы А.Н. Самойловичтің
жіктеуін
келтірсек, бұдан соныкі ғана бірден-бір дұрыс екен деген біржақты
қорытынды пікір тумауы тиіс. Бұл жерде мәселе “Мукаддиматқа” қатысты кей
жайлардың басын ашып айқындап алуда жатыр.
“Мукаддимат” дүниеге келген уақыт Орта Азияда түркі әдеби тіліне негіз
болған қарлұқ, оғыз, қыпшақ тайпаларының аумақтық және тілдік жіктері әлі де
болса толық анықталмаған, өзіндік сипат-белгілері ерекшеленбеген, яғни көне
түркі дәуіріндегі “д” тілден кейін, бірте-бірте ру-тайпалар тілі “з” және “й”
тілдеріне енді-енді ажырай бастаған кез, сөйтіп, әдеби тілде “з”, “й” диалектілері
(“азақ”, “айақ”) қатар жүріп қолданылған өтпелі кезең еді. Диалектілік ерекшелігі
жағынан “Мукаддимат” осы өтпелі кезеңнің жемісі. Сондықтан ХІІ-ХІУ
ғасырлардағы жәдігерліктер жайындағы “бәріне бірдей ортақ әдеби тілдің
дәстүрлі ережесіне лайықтап жазылған мұралар,
белгілі бір норманы мұқият
сақтап отырған жазба ескерткіштер”
24, 46-47
дейтін келелі пікірді әз-
Замахшари сөздігіне де келтіруді орынды санаймыз.
Осы жерде мынадай принципті мәселелені де назардан тыс қалдырып,
тілге тиек етпей кетуге болмайды. Негізінде тіл тарихын зерттеуші ғалымдар
қазақ тілін ескі қыпшақ тілдері тобынан енші алып, бөлініп шыққан тіл ретінде
танып, соның жұрағаты санайды.
Ал қыпшақ тілін Орта Азия атырабын мекендеген түркі тайпалары бірнеше
ғасыр бойы мемлекеттік тіл есебінде қолданып, оны әрісі Египет пен Сирия,
Шығыс Еуропа, берісі Батыс Украина мен Қырым, Кавказ өңірлері кеңінен
пайдаланған. “Қыпшақ тілі мамлюктер мемлекетінде түркі тайпаларының әрі
ауызекі сөйлеу тілі, әрі жазба тілі (іс
қағаздары, ғылыми еңбектер, әдеби
шығармалар жазылатын тіл) болып тұрды. Ол дәуірде бұл тілде қолтума көркем
әдебиет шығармалары мен аударма әдебиеттер де туындай бастады. Олардың
ішінде қара сөзбен де, өлеңмен де жазылғандары болды. Әдеби тіл, әсіресе,
поэзияда биік сапаға жетті”
25, 53
.
Италияның Венеция қаласында Әулие Марк ғибадатханасында табылған
“Кодекс Куманикус” (“Куманша (қыпшақша) сөздік”) жазба мұрасын зерттей
келе Ә.Құрышжанов: “Орта ғасыр қыпшақтары бір тілде сөйлеген, қай өңірді
жайлап, қай атырапта жүрсе де олардың ана тілі біреу болған. Барған елге,
басқан
жерге сол тілін ала барған, қолдана жүріп, қолдап отырған”
26, 7
- деген
қорытынды шығарады. Ғалым ескі қыпшақ тілі мен қазіргі қазақ тілін үнемі
Elevjan SERIMOV
тонның ішкі бауындай қатар қойып, бірге қарастырады. Расында, қазақ тілі өзінің
ата тілі – ҮІ-ҮІІІ ғасырлардағы көне түркі тілімен ескі қыпшақ тілі арқылы
жанама түрде қабыса алады. “Мукаддиматты” ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы қыпшақ
тілді жазба ескерткіштерін руна (ойма) жазулы Орхон-Енесей мұраларын көпір
іспетті байланыстырып жатқан аралық туынды ретінде таныған абзал.
Белгілі ғалым М.Томанов: “Қазіргі филология ғылымы жоққа
шығармайтын методологиялық негіз – тарихи салыстырмалы әдіс. Бұл әдіс уақыт
жағынан әртүрлі құбылыстарды тікелей емес, сатылай салыстыруды қалайды.
Егер сол тәсіл тұрғысынан қарар болсақ, қазақ тілі
қыпшақ тілі ескерткіштері
арқылы көне заман мұраларына жалғаса алады”
27
деп жазған еді. Олай болса
“Мукаддимат” бойынан көрінетін қыпшақ тілінің диалектілік элементтері қазіргі
қазақ тілінің өзгерістерге ұшырай отырып дамыған қадым заман, ғасырлар
иініндегі қалпын әйгілейді.
Жалпы айтқанда, көне жазба мұраларынан әр дәуірдің бұрынғысымен
салыстырғандағы дыбыстық, лексикалық, сөз жасамдық, синтаксистік өзгерістер
жиынтығы арқылы жаңалығын, оларды қазіргі тілмен салыстырғандағы ескілігін
анықтау әлі де болса жете зерттеулерді қажет ететін күрделі мәселелер. Әсіресе,
ортағасыр ескерткіштерінің қазақ тілі тарихына қатысы да тың өзгерістерді талап
етеді. Өз дәуіріндегі басқа ескерткіштер сынды “Мукаддимат” та алдағы уақытта
талай сүрлеулі зерттеулер нысанына айналып, соны ойларға өзек болатынына
сенім мол.
“Мукаддиматтағы” сөздер мен сөз тіркестерін қазақ алфавитіне
сәйкестіргенде, кезінде, өткен ғасырдың 30-жылдары сөздікпен тікелей жұмыс
істеген И.Поппенің белгілеуіне жүгіндік. Сөздіктегі сөздер мен сөз тіркестерді рет-
ретімен түсіргенде И.Поппелік алфавиттік жүйені сақтадық:
а - а е - е һ - һ L - л о – о s - с й - ү
в - б f - ф і - і, и m – м о - ө s – ш z - з
с - ч д - г j - дж п – н р - п t – т у - й
d - д - ғ k – к пg – ң ч – р и – у ‘ – ғ
Ескерту: қажеттісі барынша анық болуы мақсатында материалдарды И.
Поппеде берілгендей
латын графикасымен емес, баршаға түсінікті кириллица
әрпімен белгілеуді жөн көрдік. Одан кейін оның қазіргі тілдегі баламасы
беріледі, одан соң сөздіктің беті көрсетіледі. Мысалы:
ачық кече – ашық түн –
169а, осылай кете береді.
Достарыңызбен бөлісу: