Хіі ғасыр ғалымы әз замахшаридің Өмірі және шығармашылығы елеужан Серімов



Pdf көрінісі
бет5/28
Дата16.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#93486
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Муккадимат

 ХІІ ғасыр ғалымы әз-Замахшаридің өмірі және шығармашылығы
116

. Ендеше, Замахшаридің араб, парсы тілдерімен қоса түркі тілдерін жетік 
білуі астарында осындай заңдылық жатса керек. Замахшари сияқты екі-үш тілді 
қатар меңгеру орта ғасыр ақындары мен ғұламаларына ортақ қасиет еді. 
Еуропалық Қайта өрлеу кезеңі турасында айтқан Ф.Энгельстің: “Тогда небыло 
почти ни одного крупного человека, который, не совершал бы далеких 
путишествий, не говорил бы на четырех или пяти языках, не блистал бы в 
нескольких областях творчества” 

14, 346

- дейтін сөздері Х-ХҮ ғасырлар 
аралығындағы орта ғасырлық шығысқа да тән ерекшелік-тін. 
Замахшари он жеті жасына дейін балалық, бозбалалық шағын Хорезмді 
билеп-төстеген Мәлікшах (1072-1092жж.) тұсында өткізеді. Орта Азияға басып 
кірген Селжұқтар билік құрған аймақтарында үстемдігін нығайту үшін түрлі 
білімпаздар мен өнерпаздарды жинап, оларды өздеріне қызмет етуі үшін 
барынша күш салды. Осылайша өнер-білімге кеңінен жол ашу нәтижесінде сол 
тұста рухани мәдениет те мейлінше шарықтап дамыды. 
Мәлікшах сарайындағы ең беделдісі – оның бас уәзірі Низам әл-Мүлк еді. 
Ол белсенді ағартушылық қызметімен танылып, ғылым мен өнердің дамуына 
үнемі қолдау көрсетіп отырған. Оның тікелей әмірімен Балх, Нишапур, Тус, 
Герат, Исфахан, Бағдат қалаларында көптеген дәріс берер оқу орындары 
ашылып, олар халық арасында оның атымен “Низамие медреселері” аталып 
кеткен. Айта кетерлігі, солардың ішіндегі ең атақтысы Бағдат медресесі 
есептелетін, онда кезінде төрткүл әлемге аты танымал, математик әрі астроном, 
философ әрі ақын Омар Һайям (1048-1131жж.) 1074-1092 жылдары қызмет 
істеген 

15, 108-176


Замахшари әуелі өз әкесінен сауатын ашып, хат таниды. Оқуға ынталы 
болып өсіп, келешегінен көп үміт күттіреді. Бірақ болашақ ғалым бала кезінде 
үйдің төбесінен құлап, аяғын мертіктіреді де, әрі қарай оқыттыруды армандаған 
әкесі амалсыз оны тігіншілікке баули бастайды. Алайда көкірегі ояу, көзі ашық, 
көңілі зерек бала әкесінің бұл дегеніне көнбей, оқуды жалғастырмақ ниетпен 
әкесінен өзін Үргеніштегі бір медресеге апарып тапсыруын өтінеді. Әке бала 
тілегін қабыл көріп, оны Үргеніштегі медресеге орналастырады. Үргеніште жас 
Махмұдқа қол ұшын берер ешкім жоқ. Күн көріс қиындығынан көп 
ауыртпалықты бастан кешіреді. Бірақ медреседегілер жас баланың каллиграфтық 
әдемі жазуына сүйсініп, оған қолжазбалар көшіруді жүктеп, сонысына ақы төлеп 
отырады. Осылайша жас Замахшари өмірге ерте араласады. 
Оның ғалым ретінде қалыптасуына үлкен ықпал жасаған өз дәуірінің 
ғұламасы болған Әбу Мудар ад-Дабби еді (ол 1113 ж. қайтыс болған). Якут оны 
Замахшаридің алғашқы ұстаздарының біріне жатқызады 

16, 549


Сол кезеңге тән бірнеше ғылымды қатар меңгерген Әбу Мудар, әсіресе, 
араб тіл білімі мен медицинада өшпестей із қалдырды. Ол ислам дініндегі 
керітартпа ортодокстарға қарсы шығып, “ақыл культін” уағыздайтын 
мутазилиттік ағымның негізін салды. Замахшари тіл біліміне ғана емес, діни 
идеология саласында да ұстаз ілімін берік ұстанған үлгілі шәкірт болды. Ол қай 
кезде де бұл көзқарасын ешкімнен жасырған емес. Замандастарының 
көрсетуінше, ол өзін ашықтан ашық мутазилиттікпін деп айтып жүрген. Осы 


Elevjan SERIMOV 
идеялық бағыт оның тіл білімімен айналысуына түпкілікті жол ашты. Өйткені 
бұл ағымды уағыздаушылар идеялық қарсыластарымен айтыстарда жеңіп шығу 
үшін араб тілінің қыр-сырын жетік білуге мүдделі болды. 
Замахшари өзінің поэзиялық туындыларында хорезмшахтың уәзірі Низам 
әл-Мүлкпен жақсы қарым-қатынаста болғанын әйгілейді 

17,54

. Замахшари сол 
дәуірге тән шығыс әдебиетінің үлгісіне сай, сарай маңындағы поэзияның өзіндік 
этикасын сақтап, үстемдік жүргізген шах, сұлтандарға тағзым ете көптеген мадақ 
өлеңдер шығарған. Алайда кейін сарай ақсүйектерінен бойын аулақ ұстап, 
мемлекеттік мүддені ойлаудан гөрі өз күндерін алаңсыз тойлаумен өткізген 
бойкүйездікке, рухани жұтаңдыққа ұрынған олардан түңіліп, бірте-бірте 
оңашаланып, дәуріштік аскеттікті қалайды. Сөйтіп дүнияуи тірліктің қызығынан 
безіп, тақуалық жолға түсіп, Меккеге қажылыққа баруды мақсат тұтады. Кейбір 
зерттеушілер оның өміріндегі осындай өзгерістерді 512-513 жылдары (1118-
1119жж.) қатты науқасқа шалдыққанымен байланыстырады. Сол жылдары ол: 
“Алла денсаулық берсе, сұлтан сарайының табалдырығын аттамауға, сұлтан 
кеңсесінің тіркеу кітабынан өзінің есімін сыздырып тастауға” бекінсе керек. 
Шындығында оның сұлтан сарайынан кетуіне себеп болған нәрсе сол 
қоғамның саяси-әлеуметтік астарында жатқандығы сөзсіз. Сол аумалы-төкпелі 
аласапыран уақыттарда Селжұқ феодалдық мемлекетіндегі саяси қарым-
қатынастар көптеген білімпаздарды сарай маңынан кетуге мәжбүр етті. Осындай 
опасыз қатал ортадан безген Замахшари сол кезеңде белең алған діни ағым – 
суфизмге ден қояды. Дәл сол тұста өз дәуірінің көрнекті діндар философы - Әл-
Ғазали да Бағдаттың “Низамие медресесіндегі” “құрметті дәріскер” атағынан бас 
тартып, біржолата тақуалықты таңдап, Мекккеге қажылық сапар шегіп, 
суфизмнің теориялық негізін қалайды. Бұл ағым өмiрге өз әдебиетiн әкеле 
отырып, дәстүрлi поэзия канондарын өзгерттi, ерекше символикалық шарттылық 
рухы басым эротикалық лириканың тууына себепшi болды. Оның мәнi – Алланы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет