ХІІ ғасыр ғалымы әз-Замахшаридің өмірі және шығармашылығы
аталатын екі томдық арабша сөздігін, “Навобиг әл-Калия и-Раби әл-Әбрар” деген
көркем-дидактикалық шығармасын жазған.
Түркітанушылар үшін
аса қымбат, өз кезінде ғылымда кеңінен танымал
болған “Мукаддимат” еңбегін Замахшари Меккеге қажылыққа барған сапарынан
кейін жазған деген жорамал бар
18, 553
. “Мукаддимат” әуел баста арабша-
парсыша-түркіше, көп уақыт кейін белгісіз біреу моңғолшасын қасып төрт тілді
сөздік болып жасалған. Бұл шығармасымен Замахшари түркілік дүниенің есігін
қақты. Бізге Замахшари осы шығармасымен жақын.
Бұл туынды Сыр бойының
орта, төменгі жағынан бойлай енген оғыз-қыпшақ тайпаларымен үнемі саяси
қарым-қатынаста болған сол тұстағы ірі тұлға хорезмшах Атсыз кітапханасы
үшін арнайы жазылған. Ғылымда бұл еңбегін Замахшари Атсыз өтінішімен
жазған деген де пікір бар. Мәселен, осы жазба жәдігердің Бұқарада сақталған
көшірмесінің кіріспесінде мұны жазуына не түрткі болғаны Замахшари былайша
түсіндіреді (А.К.Боровковтың редакциясымен
басылған орысша аудармасын
ұсынамыз): “Слава аллаху, который возвысил арабский язык среди других
языков. И после оканчания державы арабов благородные падишахи поддержали
науки и адаб. В
наше время эмир и командующий войском сын державного
хорезмшаха высоко чтит науку адаба, всячески поддерживает избранных
представителей адаба и восседает с ними на своих собраниях. И он повелел нам
написать в одном экземпляре книгу “Мукаддимат аль-адаб”
для своей
библиотеки”
19, 140
. А.К. Боровков осы сөз үзіндісін түсіндіре келіп:
“Замахшари имел ввиду будущего хорезмшаха Атсыза, по поручению которого
была создана книга”
20
деп анықтай түседі.
Өзбек ғалымы Б.З. Халидов: “Замахшари шығармалары нақтылығымен,
сапалығымен ерекшеленеді. Грамматика, лексикографияға
арнаған еңбектерінде
материалдарды барынша қысқа әрі мазмұнды түрде пайымдайды, ал көркем
әдеби туындыларында сол дәуірдегі әдебиетке сәйкес боямасы көп,
қиындатылған стильде жазады” – дейді. Замахшари елуден астам шығармалар
жазған автор. Хаджи Халифа (1608-1657жж.) оның 29
еңбегін атаса, Ибн
Халикан – 30, Якут – 50 еңбектің аттарын келтіреді. Б.З. Халидов Ленинград
(Санк-Петербург) университетінің Шығыстану факультетінің кітапханасы
қорынан Замахшари еңбегінің бір қолжазбасын тапқандығын мәлімдейді.
Брокельман Якут келтірген тізімде кездеспейтін Замахшаридің 25 еңбегін
атайды. Б.З. Халидов Замахшари еңбектерін былайша топтастырады: 1) араб
тілінің грамматикасы бойынша – 10; 2) лексикография бойынша – 8; 3) поэзия
саласында – 7; 4) көркем-дидактикалық туындылары – 8; 5)
фольклорлық
шығармалары (мақал-мәтелдер жинағы) – 2; 6) жағрафиядан – 1; 7) экзегетикадан
– 1; 8) шариат заңына – 2; 9) ислам ағымдары туралы – 4; 10) әр түрлі тақырыпта
– 12 жұмыс жазған. Сонда барлығы – 55 шығарма.
Әсілінде, әз-Замахшаридің өмірі мен қызметі, ғылыми мұраларына
байланысты деректерді сарыла іздеп, табылғандарын рухани кәдемізге жарату
үлкен мақсаттарымыздың бірі. Өйткені сол кезеңдерде
генетикалық бірлікте
дамыған Орта Азия мен Қазақстан топырағында туып, ғұмыр кешкен, артына
өлмес мұра, өшпес із қалдырған әз-Замахшари өз дәуірінің аса көрнекті