Хііі дәріс. Коммуникативті үрдіс, дағдылары туралы түсінік. Мейірбикенің кәсіби жұмысындағы коммуникативтік дағдылардың маңызы


Коммуникация дағдыларына үйрену үшін қандай тәсілдерді қолдануға болады?



бет3/38
Дата19.12.2023
өлшемі257,94 Kb.
#140946
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Хііі дәріс. Коммуникативті үрдіс, дағдылары туралы түсінік. Мейі-emirsaba.org

6. Коммуникация дағдыларына үйрену үшін қандай тәсілдерді қолдануға болады?
Коммуникативтік дағдыларды жақсарту үшін науқастар мен олардың туыстарының және ұжымдастарының тарапынан берілетін кері байланыс пен олардың өзіндік бағалауы негізгі құрал болып табылады. Kurtz және т.б. (1988 ж.) байқағандай, «кез-келген дағдыны үйренуге өзіндік бақылау, өзіңді-өзің көре алу қабілеті көа көмектеседі». Өзіндік бақылаудың көптеген қол жетімді стратегиялары бар. Төменде коммуникативтік біліктілікті дамытуға көмектесетін өзіндік бақылаудың негізгі әдістері берілген.
Өзін-өзі бейнелеу.
Коммуникативті дағдыларды жетілдіру жолы жеңіл, қарапайым болуы да немесе біршама ойланып, әрекет етуді де талап етуі мүмкін. Бұл үшін біршама уақытыңызды бөліп, өзіңіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды қағаз бетіне жазып шығыңыз, мәселен, шешім қабылдау кезіндегі немесе өз эмоцияңызды ұстай алу кезінде. Өзіңізді өзіңіз бейнелеу жаттығуын интервью уақытына жақындастырып орындауға тырысыңыз, бұлай болмаған жағдайда, өзара әрекеттесудің «маңызды тұстарын» естен шығарып алуыңыз мүмкін. Дегенмен, өзіңіздің мінез-құлқыңызды бейнелеу арқылы қабылдау, үнемі қалыпты болмайтынын айта кету қажет. Өзара әрекеттесуді видеожазбадан бақыдау немесе таспаны тыңдау анағұрлым пайдалырақ.
Аудио және видеожазба.
Өзіңіздің мінез-құлқыңыздағы ерекшеліктерді, дауысыңызды, белгілі-бір іс-әрекетіңізді жазып алып, тыңдау немесе көру арқылы бағалай аласыз. Сізді заманауи техникалық құрал-жабдықтар болмаса да болады, сізге тек пациенттеріңіздің таспаға жазу үшін рұқсатын алуыңыз қажет. Жалпы кейбір адамдарға, оларды бақылап тұр ма, таспаға жазып немесе талқылап жатыр ма, бәрібір, бұл жағдай оларды мазаламайды. Дегенмен, адамды құрметтеу, оның пікірімен санасу ережелерін ұстанған дұрыс (Tate,1997). Аудиотаспаға жазу әрі арзан, әрі жеңіл, бірақ оның басты кемшілігі, ол дененің қимыл-қозғалысын талдауға мүмкіндік бере алмайды. Видеожазба сіздің барлық қимыл-әрекетіңізді, аяқ-асты айтылған сөздеріңіз бен жасаған қозғалыстарыңызды сол қалпында жазып алуға мүмкіндік береді. Бырақ, ол біршама қиындық туғызады және ол науқас үщін қауіпті болуы да мүмкін. Қазіргі уақытта видеотаспаның көптеген қол жетімді форматтары бар: VHS бір кассетада 4-8 сағатқа дейін жазуға мүмкіндік береді; дегенмен видеокамералар қолайлы, бірақ оның жазу уақыты шектеулі, сондықтан цифралық камералар өте сапалы көшірмелер жасауға көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет