Хііі дәріс. Коммуникативті үрдіс, дағдылары туралы түсінік. Мейірбикенің кәсіби жұмысындағы коммуникативтік дағдылардың маңызы



бет36/37
Дата12.06.2022
өлшемі121,62 Kb.
#36714
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
Хііі д ріс. Коммуникативті рдіс, да дылары туралы т сінік. Мейі

Қарым-қатынас компаненттері;
Дәрігер мен емделуші арасндағы қарым қатынас компонеттен тұрады:

  • қолдау;

  • түсіну;

  • жан ашу.

Қолдау- дәрігер мен емделуші арасындағы қарым қатынастың негізгі шарттарының бірі.Бұл жағдайда қолдау дәрігердің емделушіге пайдалы болуға ниеттенуі.
Түсіну  - бұл сенімділікті бекітетін негіз болып табылады.Түсінушілікті вербальді емес жолмен де іске асады:қараумен,баспен изеумен жіәне т.б.
Жан ашу- дәрігер өзін науқастың орнына қоя білу керек.
Дәрігер - науқас арақатынасының екі түрі белгілі: императивті және диалог.
Императивті қатынас- бұл науқасқа авторитарлық және директивтік әрекетжасау. Қарым-қатынастың бұл түрініңмақсаты - науқастың тәртібін бақылау және белгілі бір әрекет жасауға оны мәжбүрлеу. Императивті қатынастың негізгіерекшелігі - науқасты мәжбүрлеу мақсатыжасырын емес ашық түрде жүргізіледі. Мұнда әсер ету құралдарына жататындары - бұйрық, нұсқау, талап. Императивті қатынас түрін қолдану, мақсат және этика тұрғысынан, әлеуметтік әрекет түрлерінде ғана қолайлы болады. Мысалы, төтеншежәне жедел жағдайларда. Команда, бұйрық және тыйым салу арқылы,сырттай бағынышты жағдайды жәнеталанты орындату- адамның ішкі ойы мен сенімінен,оның интровертті мотивациясынан (өзіндік ықпалынан) тумайтыны анық. Дәрігер - науқас арақатынасында императивті тәсілді қолдану көбінесе орынсыз және этикаға сәйкес емесболады.
Диалогтық қатынас.Бұл арақатынаста, науқасқа дәрігер тарапынан ұстамдылық көрсетіліп, тепе-тендік жағдайы туады. Өзара әрекеттесудің келесі ережелерін айнытпас орындағанда ғана диалогты қатынасқа нәтижелі түрде жетуге болады:
1. Науқастың өзекті жағдайына өзінің толық көңіл-күйін аудару.
2. Науқасыкпалдарына априорды (алдын ала) сенім білдіріп, оны бағалаусыз қабылдау.
3. Науқасты өзіне тең деп есептеп, оны «өз жекешелік ойы мен меншікті өз шешімі бар» деп қабылдау.
4. Қатынасуды жеке тұлғалау (персонофикациялау) - қарым-қатынасты, сұхбатты өз атынан жүргізіп,басқалардың пікірлеріне жәнебеделділердің көзқарасына сүйенбей, тек өзінің нақтылы сезімдері менталаптарын көрсету.
Арақатынастың ішкі құрылысы да өте күрделі болады. Мұнда біріне бірі байланысты үш жағын айқындауға болады: коммуникативтік, интерактивтік, перцептивтік. Арақатынастың коммуникативтік жағы науқаспен ақпарат алмасуды, ақпарат беру және кабылдаудан құрастырылады. Арақатынастың интерактивтік жағынан («интеракция» - әрекеттесу) мағынасы - қатынасқа түскендәрігер мен науқас әрекеттерінің алмасуы, яғни тұлға аралық әрекеттіұйымдастыру. Ал перцептивтік қатынасу жағы – бұл дәрігердің науқасты түсінуі,білуі. тәрбиелеуі негізінде тұлға аралық нәтижелі қатынас орнатуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет