15 Биомедициналық полимерлер. Медицина, биотехнология, биоаналитикалық талдау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібтерінде полимерлердің қолданылуы. Медициналық құрал жабдықтардың детальдарын және т.б. жасауға қолданылатын полимерлі материалдар.дәрілік заттардың әсерін ұзарту, улылығын төмендету және бағытты тасымалдау мақсатымен полимерлік туындыларлы алу. Полимерлердің медицинада қолданылуының алғышарттары. Полимерлерді медицинада қолданудың қажеттігі. Медициналық полимерлерге қойылатын талаптар. Физиологиялық белсенді полимерле. өз физиологиялық белсенділігі бар полимерлер. Егілген физиологиялық белсенді полимерлер. Полимер-дәрі арасындағы байланыс түрлері. Полимер – тасымалдаушыларға қойылатын талаптар. Физиологиялық белсенді полимерлердің әсер ету механизмі. Дәрілік заттың полимерлік негізден босап шығу заңдылықтары. Кең таралған медициналық полимерлер.
№ 1 (2) жұмыс Метилметакрилатты (ММА) (1) немесе (стиролды) (2) массада радикалды полимерледің кинетикасын азо-бисс-изомай қышқылының (ДАҚ) қатысында дилатометрлік әдіспен зерттеу
Реактивтер: (ММА) немесе стирол (ингибиторлардан тазартылған)- 10мл.
ДАҚ – ММА немесе стирол 0,5 – 1 % салмақтық мөлшерінде
Этанол 25мл.
Қажетті құралдар: Термостат 1 дана
Секундомер 1 дана
Дилатометр шкаласымен 1 дана
Тығыны бар өлшеуіш цилиндр 1 дана
Капилярлы сүзгіш 1 дана
Стакан 1 дана
Шыны таяқша 1 дана
Петри табақшасы 1 дана
Аргон газы
Жұмыс істеу тәртібі: Монемердің 10 мл көлемінде ДАК ерітіндісін дайындайды. Термостаттың температурасын 600С-қа келтіреді. Капиллярлы варонканың көмегімен дилатометрге (минискісін шариктен кішкене көтеріліп тұратындай етіп) ерітінді құяды. Дилатометрдің ішіндегі ерітіндіні ұзын шыны түтікшенің көмегімен 2-5 минут аргон газымен үрлеп, тығынмен жауып, шкаланы бекітіп, берілген температурада термостатқа орналастырып, 5 минут өткен соң шкала бойынша дилатометрдің деңгейін өлшейді. Келесі өлшемдерді әрбір 5 мин. сайын ММА-қа, ал стиролға әр 10 минут сайын 40-60 мин. бойы минискі өзгерісін жазады.