Алынған мәндерді өңдеу. Мономердің ДАҚ-тың қатысындағы радикалды полимерлену реакциясын жазыңыз.
Мономердің ДАҚ қатысындағы радикалды (полимерлену) түрлендіру дәрежесін уақытқа тәуелділік графигін тұрғызыңыз. Дилатометрлік әдістің негізінде полимерлену кезіндегі реакциялық ортаның көлемінің уақытқа байланысты өзгеруі жатады. Полимерлер түзілгенде олардың тығыздығы өсіп, соның әсерінен реакциялық ортаның көлемі азаяды.
Түрлену дәрежесін (U%) төмендегі теңдецуден табады:
U%=(ΔV/(V●К))●100% V-монемердің бастапқы көлемі;
ΔV=r2h-көлемнің өзгеруі;
r-дилатометрдің түтікшесінің радиусы (см);
h-деңгейдің түтікше шкаласы бойынша өзгеруі (см).
К = - контракция коэффициенті
- мономерлердің меншікті көлемі
- полимерлердің меншікті көлемі
ММА үшін, мономердің (ρм=0,937 г/см3), полимердің (ρп=1,19 г/см3) тығыздығы; БМА үшін, мономердің (ρм=0,895 г/см3), полимердің (ρп=1,055 г/см3) тығыздығы; стирол үшін, мономердің (ρм=0,906 г/см3), полимердің (ρп=1,07 г/см3) тығыздығы;
Бірнеше (кезінде үш) өлшемдер үшін полимерлеу жылдамдығының орташа мәнін табу. Полимерлеу реакциясының жылдамдығын төменгі өрнекпен табуға болады:
V=ΔV/VδmΔţ . Мұндағы:
ΔV-реакциялық ортаның көлемінің уақытқа байланысты өзгеруі ;
Δţ-көлемді өзгертуге кеткен уақыт;
V-мономердің бастапқы көлемі;
δ=1/ρм-1/ρп мұндағы: м- мономердің молекулалық массасы.
Полимердің молекулалық массасын тұтқырлық әдісімен анықтау. Тұтқырлық әдіспен анықталған полимердің молекулалық массасы орташа тұтқырлық молекулалық масса (Мп)деп аталады. Полимердің сипаттамалы тұтқырлығының молекулалық массасымен байланыстылығы Марк-Кун-Хаувинктің теңдеуімен өрнектеледі:[η]=К●Мα. Мұндағы К және α параметрлері еріткіштің сапасына және макромолекуланың конформациясына тәуелді болады. Көбінесе α-константасы 0,5 пен 0,8 аралығында жатады. Тұтқырлық полимерлердің молекулалық массасын анықтаудың абсолютті әдісі емес. К мен α-ны анықтау үшін, басқа да дәлірек, атап айтқанда седиментация, сәуле шашырату т. б. әдістер қолданылады.
Полимерлердің орта салмақтық (Мw) және орта сандық (Мn) молекулалық массаларының қатынастары (Мw/Мn) олардың полидисперстілігін көрсетеді. Полимердің тұтқырлығын анықтау үшін, еріткіш (τ0) пен полимер ерітіндісінің (τ) капиллярлы вискозиметр түтікшесінен өту уақыттарын белгілі бір температурада анықтайды.
Салыстырмалы тұтқырлық- ерітіндінің капиллиярлы вискозиметр түтікшесінен өту уақытының, еріткіштің өту уақытының (бірдей жағдайда өлшенген) мәндерінің қатынасына тең болады:
ηсал=τ/τ0 Меншікті тұтқырлық ерітінді мен еріткіштің тұтқырлықтарының айырмасының еріткіш айырмасының еріткіш тұтқырлығына қатынасын көрсетеді:
ηмен=(τ─τ0)/τ0=ηсал -1