Химия және химиялық технология факультеті


Жапондық софора бүршіктерінен рутинді алудың технологиялық сызбасы



бет18/27
Дата02.06.2023
өлшемі1,64 Mb.
#98286
түріПротокол
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Байланысты:
Умкд15 хим

Жапондық софора бүршіктерінен рутинді алудың технологиялық сызбасы

9-10 Дәріс: Әр түрлі БАЗ функционалды топтарының арнайы қасиеттері, сапалық анықтаудың әдістері. БАЗ әр түрлі топтары өндірісінің негіздері, сапа бақылау әдістері, өндірістің блок-схемасы.

Ө
сімдік топтары арасындағы биогенетикалық байланыстар

Соңғы жылдардың жүйелі зерттеулері бойынша өзінің емдік қасиеттерімен дәрілік өсімдіктер, ең алдымен, құрамындағы табиғи қосылыстардың әр түрлі класына жататын биологиялық активті заттардың жүйелі үйлесімділігіне байланысты екенін көрсетті.


Өсімдіктердің зерттелген және сипатталған түрлерінің кешенді құрамы 30-дан 80-ге дейінгі аралықта, кейде химиялық табиғаты бойынша жақын түрлерін идентификациялау қиындық тудырады және фракциялауды немесе хроматографиялық бөлуді қажет етеді.
Әсіресе өсімдіктердегі полифенолдар тобы көп болып саналады, бұл фенолдар – фенол қышқылдары, кумариндер, флавоноидтар, ксантондар, әр түрлі құрылымды антраценді, тері илегіш заттар, алкалоидтардың кейбір топтары.
Қазіргі таңда әр түрлі елдердің медицинасында 350 жуық өсімдіктің түрлері қолданылады, әрі оларды фитопрепараттарды алу үшін де пайдаланады. 150-170 жуық түрі тікелей дәрілік заттар түрінде қолданылады, бірақ әлі күнге дейін көптеген өсімдіктердегі әрекет етуші заттардың құрамы анықталмаған.
Әрекет етуші заттарды сандық анықтау әдістері тікелей өсімдіктің химиялық құрамын меңгеру және табиғи қосылыстардың негізгі топтарының биологиялық активтілігі жайлы білім деңгейіне байланысты.
Осылайша, дәрілік өсімдік шикізатының анализі мен стандартизациясының мәселесі өсімдіктегі негізгі әрекет етуші және қосалқы заттарды меңгеру мәселесіне тәуелді.
Егер әрекет етуші зат құрылысы анықталған жеке зат болса немесе бір классқа жататын заттардың тобынан тұрса, онда анализ әдісі шикізатты сәйкес еріткішпен экстракциялап, негізгі әсер етуші затты немесе заттарды сандық анықтап, оларды қосалқы заттардан бөлу болып табылады.
Егер биологиялық активті заттардың кешені әрекет етсе, онда әрбір жеке компоненттің биологиялық активтілігі белгісіз болады және сандық баға кешендегі басым әрекет ететін зат бойынша беріледі.
Мұндай жағдайда жиі түрде қосылыстағы басым әрекет ететін компонент немесе құрылысы я болмаса түсі бойынша жақын қосылыс болып табылатын стандартты зат қажет болады.
ЖЭСХ әдісі ақпаратты жақсы беретін, бір уақытта сапалық компонентті құрамды әрі әрбір компоненттің сандық құрамын анықтайтын әдіс болып саналады.
Зертхананың аспаптармен жабдықталуына байланысты анализдің балама әдістері болуы қажет, мысалы, құрамның сандық және сапалық бағасын хроматоденситометриялық, хромато-масспектроскопиялық әдістермен алуға болады т.б., яғни БАЗ топтарының химиялық әрі сандық құрамын білу арқылы белгілі өсімдіктерге баға бере аламыз және жаңа түрлерін меңгеруге мүмкіндік туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет