3 бөлім . Глоссарий Дублет – бір мезгілде екі атомға тән электрон жұбы.
Диполь моменті µ - байланысқан атомдардағы байланыс ұзындығы (r) мен зарядының (q) функциясы (дебай және кулонометрмен өлшенеді):
µ = q × r
Ковалентті байланыс – бір мезгілде екі атомға тән түзілетін және олардың әрқайсысының электрон қабатын толықтыратын электрон жұбы арқылы байланыс.
Электртерістік – атомдардың өз электрон қабатымен электрондарды тарту қабілеті.
Полярлы байланыстар – көмірсутек атомының элементтердің көпшілігімен байланыстары, олардың электрон жұбы электр терістігі жоғары атомға ығысады.
Индуктивті эффект – басты себебі байланыс дипольдері болып табылатын эффектілер.
Электрон ығысуының индуктивтік механизмдері –электр терістік немесе электрондық нәтижесінде пайда болатын электрлік ассиметрия байланысқан атомдар тізбегі бойымен электростатикалық индукция механизмі бойынша таралатын механизм. Электрон тығыздығының ығысу дәрежесі сәйкес атомдардың электртерістіктері шамаларының айырмасына тәуелді.
Электронакцепторлық орынбасарлар –электрондарды өздеріне тартатын орынбасарлар (- I - эффект).
Электрондонорлық орынбасарлар – электрондарын өздерінен тебетін орынбасарлар (+ I - эффект).
Өріс эффектісі –(F - эффект) – оң және теріс зарядтты атомдары бар орынбасарлар көрсететін эффект, олардың айналасында басқа атомдарға тек байланыс сызықтары бойынша ғана емес, тікелей кеңістік арқылы да әсер ететін электр өрісі пайда болады.
Қосарлану эффектілері (С - эффект) немесе мезомерлік эффектілер (М - эффектілер) – еселік байланыстар электрондардың қос байланыстары бір жай байланыспен бөлінген қосылыстарда ығысу қабілеті. Мұндай қосылыстарда көрші π- және ρ- орбитальдердің бүйірлік бүркелуі мүмкін.
Полярлану эффектілері – уақытқа тәуелсіз, яғни негізгі күйге тән индуктивтік және мезомерлік эффектілер.
Байланыстың палярланғыштығы – молекулалардағы байланыстар электрондық бұлттарының сыртқы электр өрісі,реагент немесе еріткіштің әсерінен полярлануы. Бұл әсер нәтижесінде пайда болатын эффектілерді полярланғыштық эффектілері деп атайды.