Курстың міндеттері Негізгі органикалық молекулалар кластарының құрылысына байланысты химиялық қасиеттері өзгеру заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру және технологиялық процестерді қарастырған кезде осы білімдерді негіз ретінде қолдана білу.
Студенттер бойында келесі біліктіліктер қалыптасуы керек: Білетіні маңызды органикалық заатардың классификациясы, құрылысы, кеңістіктік құрылымы, химиялық қасиеттері, синтездеудің теориялық негіздері
Жасай білетіні органикалық қосылыстарды түрлендірумен, физика-химиялық қасиеттерімен байланысты сұрақтар мен мәселелерді шешу
Игеру керек негізгі типтік рекакциялардың механизмін; маңызды органикалық заттарды халық шаруашылығында пайдалануды; органикалық заттарды өндіру және қолдануға байланысты экологиялық проблемаларды.
Қалыптасатын дағдылары жалпы теориялық заңдылықтарды нақты химиялық реакцияларға қолдану, реагенттердің қатынасын, реакция өнімдерінің теориялық және практикалық шығымын есептеу.
Мамандық: 5В072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
Оқу түрі: күндізгі
Оқытушы туралы мәлімет: Бейсебеков Марат Қиянұлы – химия ғылымдарының докторы, профессор. Бейсебеков М.Қ. полимерлер және бентонит саздары негізінде жаңа дәрілік формалар алумен байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Зерттеу нәтижелері бойынша 1 ғылыми монография, 1 оқулық, 200-дей ғылыми мақала мен баяндама тезистері жарияланды. ҚР 20 алдын ала патенті алынды.
Бейсебеков М.Қ. «Органикалық химия», «Органикалық және биоорганикалық химия» жалпы курстарын, «Биохимия негіздері және БАЗ синтезі», «Химия және медицина», «Дәрілік заттарды иммобилизациялау», «БАЗ синтезі және химиялық технологиясы» арнайы курстарын жоғары деңгейде оқиды.