Индуктомерлік эффект – индуктивтік механизм бойынша жүзеге асатын полярланғыштық эффектісі.
Электромерлік эффект – қосарлану механизмін тудыратын полярланғыштық эффект.
Мезомерлік формулалар –молекулалардағы электрондардың мезомерлік күйін көрсететін формулалар. Сәйкес қосылыстарда ковалентті байланыстарды делальданған деп атайды.
Резонанстық гибрид –қосарланған байланыстар электрондары мен бөлінбеген электрон жұптарының (БЭЖ) реалды таралуы.
Гиперконъюгация – С-Н байланыстардың δ – орбитальдері көрші қос немесе үш байланыстардың немесе ароматты жүйенің делокальданған орбитальдерінің қосарлануға түсе алатын электрондар делокалдануының шеткі жағдайы.
Льюис негізі –электрондарын вакантты орбитальдерге бөлуге қабілетті кез келген молекула немесе бөлшек, донорлық орбиталь ретінде, әдетте ЖТМО – жоғарғы толық молекулалы орбиталь (байланыстырушы) болады.
Льюис қышқылы –валентті орбитальге электрондар қабылдауға қабілетті кез–келген молекула немесе бөлшек, вакантты орбиталь ретінде ТБМО – төменгі бос молекулалық орбиталь (ыдыратушы) болады.
Электрофил – электрондар дефициті бар электрондар.
Электрофильді қосып алу (AdE) – жылдамдықты шектеуші сатысында шабуылдаушы бөлшек электрофил болатын реакциялар.
Анти–қосылу – шабуылдаушы реагент бөлшектерінің шабуылданатын молекула жазықтығына қатысты қарама–қарсы жағынан қосылуы.
Син–қосылу – шабуылдаушы реагент бөлшектерінің шабуылданатын молекула жазықтығына қатысты бір жағынан қосылуы.
Карбкатион –шешуші атом ретінде оң зарядты sp2–гибридтелген көміртек атомы болатын бөлшек.
Карбанион – шешуші атом ретінде теріс зарядты sp2– гибридтелген көміртек атомы болатын бөлшек.
Жылдамдық шектеуші саты –ең жоғарғы энергетикалық кедергі сәйкес келетін ең баяу саты.
Радикалдық механизм (AdR) – шарттары байланыстың гомолиттік үзілуіне жағдай жасайтын механизм (газ фазасы, жарық, температураны жоғарылату, пероксид қатысы).