1. Күшті қышқыл мен әлсіз негіздің әрекеттесуінен түзілген тұздардың CuCl2, NH4Cl, Al2(SO4)3 және т.б. гидролизі. Бұл жағдайда гидролиз реакциясына, яғни тұздың құрамындағы гидраттанған катион мен су молекуласы әрекеттеседі де, нәтижесінде түзілген оксоний ионына байланысты ерітінді қышқылды (рН < 7) болады. Мысалы AlCl3 тұзы суда ерігенде диссоциацияланып, иондарға толық ыдырайды:
Диссоциациялану теңдеуі:
AlCl3 → Al3+ + 3Cl-
HOH → H+ + OH
Al3+ + 3Cl- + HOH → Al(OH)2+ + H+ + 3Cl-
Гидролиз реакциясының иондық теңдеуі:
Al3+ + 3Cl- + HOH → Al(OH)2+ + H+ + 3Cl-
Гидролиз реакциясының молекулалық теңдеуі:
AlCl3 + H2O → Al(OH)Cl2 + HCl
Ерітіндіде Al3+ ионы су молекуласынан гидроксид-ионды OH- оңай қосып алып, өте нашар диссоциацияланатын (Al(OH)3-ке қарағанда) Al(OH)2+ ионына ауысады. Мұның нәтижесінде судың келесі молекуласы диссоциацияланады. Сонымен, ерітіндіде сутегі иондарының көбеюіне әсер етеді.
Тұздар гидролизі тақырыбын дамыта оқыту
Тұздар гидролизі тақырыбын дамыта оқыту
. Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек.
Сабақтың мақсаты: Тұздар гидролизі тақырыбын дамыта оқыту
Сабақтың мақсаты: Тұздар гидролизі тақырыбын дамыта оқыту
а) білімділік: Оқушыларға гидролиз туралы мағлұмат беру,тұз ерітіндісіндегі реакция ортасын анықтау тәсілдерін үйрету.
ә) дамытушылық: гидролиз реакция теңдеулерін жүйелі жазуларын, химиялық тілде сөйлеуін, тез ойлау қабілеттерін дамыту.
б) тәрбиелік: қауіпсіздік техникасының ережелерін ескеріп, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақ түрі: Дамыта оқыту сабағы
Сабақта қолданылатын әдістермен көрнекіліктер:
Сөздік: сұрақ – жауап, түсіндіру.
Практикалық: Тәжірибелік жұмыс, интерактивті тақта, GLХ құралы, рН метр т.б.