Тұздардың сумен әрекеттесіп, алмасу реакциясына түсуі гидролиз деп аталады. Кез келген тұзды қышқыл мен негіздің әрекеттесу өнімі деп қарастырамыз. Тұздардың құрамы мен қасиетіне қарай күшті қышқыл мен күшті негізден тұратын тұздар NaCI, KNO3, Li2SO4
1.Әлсіз негізбен күшті қышқылдан тұратын тұздар: FeCI2, CuCI2, NiCI2
2.Күшті негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар: Na2CO3, K2S, K2SO3
3. Әлсіз қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұздар: AI2S3, CH3COONH4
2. Әлсіз қышқыл мен күшті негіздердің әрекеттесуінен түзілген тұздардың CH3COONa, Na2CO3, KCN, Na2SO3, KNO2 және т.б. гидролизі. Бұл жағдайда гидролиз реакциясына тұздың құрамындағы әлсіз қышқылдың қалдығы болып саналатын гидраттанған анион түседі де, нәтижесінде ерітінді сілтілі (рН > 7) болады.