Оқушылар тұздың гидролизін молекулалық және толық иондық, қысқартылған иондық түрде жазып шығады. Соңғы теңдеуде ортаның қандай екендігі көрінеді. Нәтижесінде оқушылар практика жүзінде төмендегідей теориялық білімге дәлелдеме алады: 1. күшті қышқыл мен күшті негізден түзілген тұздар гидролизге ұшырайды; 2. әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзетін тұздар, сонымен қатар, күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар сумен аз диссоциацияланатын қосылыстар түзе әрекеттеседі. Нәтижесінде гидроксид иондар, сутек катионы бөлінеді де, индикатор түсін өзгертеді .

Химия курсында қышқылдар мен негіздер туралы білімнің дамуы
Мектепте гидролиз тақырыбын өтудің алдында қышқылдар мен негіздер туралы білім беру керек. Электролиттік диссоциациялану теориясы өтілгеннен кейін бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі оқушылардың білімі жаңа сатыға көтеріледі. Қышқылдар мен негіздер, тұздар түсініктері химия ғылымындағы фундаменталды түсініктер қатарына жатады. Олардың табиғатын зерттеу, өзіне тән ерекшеліктерін анықтау жұмыстары өте ертеде басталған. Қышқылдар мен негіздер, тұздар табиғатын зерттеу және негіздеу саласында Й.Берцеллиус, Ю.Либих, С.Аррениус, Л.Бренстед, Г.Льюис, М.И.Усанович сияқты ірі химик ғалымдар еңбек етті.
ХІХ -ғасырдың аяғында, электролиттік диссоциация теориясы пайда болғаннан кейін қышқылдар мен негіздердің иондық теориясы жарық көрді. Бұл теорияның авторы С.Аррениус қышқылдар – суда ерігенде протон бөлетін :

сутекті қосылыстар деп түсіндірді. Қышқылдар мен негіздердің иондық теориясының арқасында бүтіндей суда жүретін процестердің аквахимиясының негізі қалыптасты.