АЛКАНДАРДЫҢ НОМЕНКЛАТУРАСЫ
Көмірсутектердің молекула құрамындағы көмірсутек атомдары бір-бірімен бір байланыспен байланысқан көмірсутектерді қаныққан көмірсутектер деп атайды. Бұл қосылыстардың барлық көміртек атомдары SP3- гибридті күйінде болады.
Алкандардың жалпы формуласы CnH2n+2. Көмірсутектер бір-бірінен бір немесе бірнеше «CH2» тобына айырмашылығы бар қосылыстарды гомолог деп атайды. Осындай гомологтардан гомологтық қатар құрылады. Мысалы:
CH4 - метан
CH3-CH3 - этан
CH3-CH2-CH3 - пропан
CH3-CH2-CH2-CH3 - бутан
Бұл қатар ары қарай жалғасады:
C5H12- пентан; C6H14- гексан; C7H16- гептан; C8H18- октан; C9H20- нонан; C10H22- декан.
Қаныққан көмірсутектердің бірінші төрт гомологтары травиальды номенклатура бойынша аталады. Көмірсутек тізбегі тармақталған бесінші гомологінен бастап барлығы сандардың грекше немесе латынша атауымен аталады.
Құрылыстары қарапайым тармақталған көмірсутектер негізінен рационалды номенклатура бойынша, ал күрделі көмірсутектер ИИЮПАК номенклатура бойынша аталады. Алкандарды рационалды номенклатура бойынша атау үшін оларды метанның бір немесе бірнеше сутек атомдары сәйкес бір немесе бірнеше радикалдармен орын ауыстырған туындысы деп есептейді.
Көмірсутекті атау үшін алдымен радикалдарды атайды. Соңынан «метан» деген сөзді қосады. Мысалы:
Молекула құрамында төртіншілік, ол жоқ болса – үшіншілік, ол да жоқ болса – екіншілік көміртек атомын метанның қалдығы ретінде санайды. Мысалы:
ИИЮПАК номенклатурасының ережелері
Негізгі тізбекті анықтау
Негізгі тізбектегі көміртек атомдарын нөмірлеу
Тізбекте орналасқан радикалдары орнын белгілейтін санымен бірге атау
Соңында негізгі тізбекті атайды. Мысалы:
Қаныққан көмірсутектердің негізгі радикалдары:
Қаныққан көмірсутектерді рационалды және ИИЮПАК номенклатуралар бойынша дұрыс атауы үшін негізгі қарапайым радикалдардың аталуын білу қажет.
Көмірсутектердің молекуласынан бір немесе бірнеше сутек атомдарын бөліп алғаннан кейін қалатын қалдықтарды радикалдар деп атайды. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |