Химия пәні бойынша лекция конспектілері білім беру бағдарламалары


Электрон қауыздарының құрылысының периодтылығы. Элементтердің терістілігі. Периодтық заң. Периодтық заңның қазіргі заманғы тұжырымдамасы



бет7/28
Дата10.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#72806
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
лекция.15 дәріс.02.02.23

Электрон қауыздарының құрылысының периодтылығы. Элементтердің терістілігі. Периодтық заң. Периодтық заңның қазіргі заманғы тұжырымдамасы.


Әрекеттеуші атомдардың әрекеттесуі нәтижесінде екі немесе одан да көп атомдардан тұратын тұрақты жүйенің түзілуін химиялық байланыс дейді. Химиялық байланыс коваленттік, иондық, металдық және сутектік болып бөлінеді.
Коваленттік байланыс әрекеттеуші атомдардың электрондық бұлттарының бүркелісуінен түзіледі. Коваленттік байланыс полюссіз және полюсті болып екіге бөлінеді. Бір элементтің екі атомының арасында түзілетін байланыс полюссіз коваленттік байланыс.
Мысалы: H2, N2. Электртерістіктері әр түрлі элемент атомдарының арасында түзілетін байланыс полюсті коваленттік байланыс. Мысалы: HCl, HF.
Коваленттік байланыстың түзілуі екі әдіспен түсіндіріледі:
1. Валеннттік байланыс әдісі.
2. Молекулалық орбиталь әдісі.
Валенттік байланыс әдісі (спинваленттілік) коваленттік байланыс жұпталмаған дара электрондардың жұптасуы арқылы түзіледі деп түсіндіреді.
Мысалы сутек молекуласының түзілуі. Сутек молекуласы екі атомнан тұрады -H2. Сутек атомының электрондық формуласы:




Сутек молекуласының түзілуінің графикалық түрі:









­






























H1s

­




Н2



























­



















H1s

­



























Электрондарды нүктемен белгілеп электрондық формула түрінде көрсетуге болады:


H· + H· → H: H.


Жұптаспаған дара электрондардың жұптасуынан бір коваленттік байланыс түзіледі, оны сызықша арқылы белгілеуге болады Н – Н.
Электрондық бұлттардың кеңістікте әр түрлі бүркелісуіне байланысты σ- , π- және δ- байланыстар түзіледі. Бұл коваленттік байланыстың бағытын сипаттайды.
Элемент атомының түзетін коваленттік байланысының шектік мөлшерін коваленттік байланыстың қаныққандығы дейді. Бірініші периодтағы элемент атомының қаныққандығы бірге, екінші периодтағы элемент атомдарының қаныққандығы төртке, үшінші периодтан ары қарай тоғызға тең.
Коваленттік байланыс түзуге сутегі молекуласындағыдай тек s – s электрондар қатыспай әр түрлі энергетикалық деңгейде орналасқан s – p электрондар да қатысады. Оның нәтижесінде гибридтелген орбитальдар түзіледі. Гибридтелу дегеніміз электрондық бұлттың бір жағынан екінші жағына ығысуы. Химиялық байланыцс түзуге s- және р- электрондар қатысқанда sp-, sp2- және sp3- гибридтелген орбитальдар түзіледі.
Көміртек атомының химиялық байланыс түзуге бір s-, үш р- электрондар қатысады, сондықтан ол sp3- гибрдтелген орбиталь түзеді.
Донорлы-акценторлық механизм бойынша коваленттік байланыс дайын жұп электронды бос орбитальға беру арқылы түзіледі. Мысалы: аммоний катионының (NH ) түзілуі:


,


мундағы:NH3 – донор; H+ – акцептор.
Молекулалық орбиталь әдісі (MO) коваленттік байланыстың түзілуіне әрекеттесуші атомдардың ядролары және барлық электрондары қатысуы деп түсіндіреді. Молекуланың түзілуін молекулалық орбитал әдісінде энергетикалық диаграммамен түсіндіруге және байланыс еселігін есептеуге болады. Мысалы сутек молекуласының түзілуінің энергетикалық диаграммасын қарастырайық.

σ-босаң

σ-байл


Байланыс еселігі:



Сутек молекуласындағы байланыс еселігі:







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет