Химия пәні бойынша лекция конспектілері білім беру бағдарламалары



бет3/28
Дата10.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#72806
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
лекция.15 дәріс.02.02.23

2. Қосылыстар қурамының тұрақтылық заңы


Қосылыстардың құрамының тұрақтылық заңы қазіргі заманда мынадай түрде тұжырымдалады: “Алыну жолына қарамастан әр таза заттың құрамы тұрақты болады”.
1 мысал. Аммиакты мынадай химиялық реакциялар арқылы алуға болады:

3. Еселі қатынастар заңы


Еселік қатынас заңын Дальтон ашқан.
“Екі элемент біріміен-бірі бірнеше қосылыс түзетін болса, ол қосылыстарда, сол элементтердің біреуінің, бірдей етіп алынған салмақ бөлігіне, екіншісінен келетін салмақ бөліктерінің өзара қатынасы, кішкене бүтін сандар қатысындай болады”.
Азоттың бірнеше оксидтері болатыны белгілі. Осы оксидтерде азоттың белгілі бір салмақ бөлігіне оттектің салмақ бөлігі қандай қатынаста болатынын
Азот және оттек арасындағы салмақтың қатынасы кішкене бүтін сандар қатынасы болып отырғанын 1:1; 1:2; 1:3; 1:4; 1:5 немесе азоттың бір салмақ бөліміне оттектің келетін салмақ бөліктері еселі қатынаста екенін айқын көреміз.
4. Эквиваленттер заңы
Дальтон элементтер бірмен-бірі қосылысқанда қандай салмақ мөлшеріне қосылысады деген мәселені зерттеу үстінде 1803 жылы химияға эквивалент (ол кезде қосылғыштың салмақ) деген ұғым енгізді.
Элементтің химиялық эквиваленті немесе эквиваленттік факторы дегеніміз 1 моль атом сутекпен қосылыса алатын немесе химиялық реакция кезінде соның орнын баса алатын салмақ мөлшері.
Эквиваленттік масса дегеніміз заттың бір ғана эквивалентінің массасы, өлшемі г/моль.
Химияға эквивалент түсінігінен кейін эквивалент заңы енді.


Анықтамасы:
«Элементтер және қосылыстар бірімен-бірі химиялық эквиваленттеріне пропорционал салмақ мөлшерінде реакцияланады». Эквивалент заңының математикалық өрнегін қорытып шығару үшін, заттың эквивалент мөлшері деген ұғымға тоқталалық. Эквивалент зат мөлшері дегеніміз – берілген заттың, мәселен В затының, массасының (m) оның эквиваленттік молярлы массасына Э) қатынасы:
.
Эквиваленттік көлем дегеніміз 1 эквивалент заттың берілген жағдайдағы алып тұрған көлемі, өлшемі л/моль.
Газ күйіндегі заттардың эквиваленттік көлемін VЭ табу үшін бір атомды молекуладан тұратын кез келген газдың мольдік көлемінде 1 моль атом, ал екі атомды молекуладан тұратн газда – 2 моль атом болады деген ұғымды пайдаланамыз. Мысалы, 22,4 л Н2, қалыпты жағдайда 2 моль атом сутек ұстайды. Біз сутектің эквиваленті 1 моль екенін білеміз, яғни 22,4 л Н2-де 2 эквивалент сутек болады. Сонды сутек газының эквиваленттік көлемі:





Сол сияқты оттек газының эквиваленттік көлемі:





Эквивалент заңы бойынша А+В=С+D реакциясында мынадай арақатынас орындалады:





яғни заттың әрекеттесуі және түзілуі сан жағынан заттардың эквивалентті мөлшеріне тең. Олай болса әрекеттесуші Д және В заттары үшін:


п э (A) = п э (В).


Жоғарыдағы өрнекті қолданып эквивалент заңының математикалық өрнегін ала аламыз:


.
Элементтердің эквиваленттік массалары теория жүзінде мына формула бойынша анықталады: мұндағы МЭ – элементтердің эквиваленттік массасы, г/моль, А – элемент атомдарының мольдік массасы, В – қосылыстағы элементтің валенттілігі. Бұл формуладан валенттілігі ауыспалы элементтердің эквиваленттік массаларының әр түрлі болатынын көреміз.
Күрделі заттың эквиваленті дегеніміз – басқа заттың эквивалентімен қалдықсыз реакцияласатын салмақ мөлшері.
Күрделі заттардың теория жүзіндегі эквивалентік массасын есептеу үшін мынадай формулалар қолданамыз:





Мұнда, n(Н+) қышқылдың негіздігінің саны, негіздің қышқылдық саны, n(Ме+n) – қосылыстағы металл ионының саны – металдың валенттілігі, n(Э) оксидтегі элемент атомының саны, В(Э) – элементінің валенттілігі.
Валенттігі ауыспалы элементтер сияқты күрделі заттардың эквиваленттері де қатысатын


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет