НАННЫҢ ҚЫШҚЫЛДЫҒЫН АНЫҚТАУ
Нанның қышқылдығы оның ашуының әсерінен болады. Нан ашыған кезде сүт қышқылы (СН3СНОН-СООН), аз мөлшерде сірке қышқылы
(СН3СООН), пропан, май қышқылдары түзіледі.
Жоғары сортты ұннан жасалған нан үшін қышқылдық мөлшері 2-30; 1 сорт ұны үшін 3-50; 2 сорт үшін 4-50; кебекті нан үшін 7-100 болу керек.
ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ
Техникалық таразыда 25,00г нанның жұмсақ бөлігін өлшеп алып, 400-500 мл-лік стақанға салу керек.
250см3 дистильденген суды цилиндрмен өлшеп алып, 80-100см3 стақанға құйып, нанды жақсылап езу керек. Сосын судың қалған бөлігін стақанға құйып, 5 минуттай шыны таяқшамен араластыру керек. 10 минут тыныштыққа қойып, тағы да 5 минуттай араластырып, 40 минутқа қалдырындар.
Цилиндрмен 50,0см3 нанның ерітіндісін тұнбаны шайқамай құйып алып, 0,1н натрий гидроксидімен ерітіндіні қызарғанға дейін титрлендер. Индикатор ретінде фенолфталеин алу керек. (Натрий гидроксидін алдынғы зертханалық жұмыстан алады, оның концентрациясы анықталған). Титрлеуді үш рет жасандар.
Оқытушыға жұмыстың нәтижесін өткізу керек. Нанның қышқылдығын мына формуламен (градус ретінде) есептейді:
Х= 255041Vорта /25010 = 2Vорта;
Vорта – 0,1н натрий гидроксидін 1н натрий гидроксидіне ауыстыру үшін керек коэффициент.
25 – тексеруге алынған нанның мөлшері, г
4 – 100 г нанға ауыстыру үшін керек коэффициент.
250 – нанның қышқылын бөліп алуға керек су көлемі, см3
50 – титрлеу үшін алынған тексеретін ерітінді көлемі, см3
Нанның қышқылдығын 100г нанның қышқылдығына керек 1н натрий гидроксидінің көлемімен анықтайды.
CҮТТІҢ ҚЫШҚЫЛДЫҒЫН АНЫҚТАУ
Сүттің қышқылдығы сүт құрамындағы казеин, фосфор қышқылы мен лимон қышқылының қышқыл тұздары, көмір қышқылы болуына байланысты. Сүттің қышқылдығын Тернер градусымен (0Т) өлшейді. Тернер градусы деп 100см3 сүтті нейтралдау үшін қажет 0,1н натрий гидроксиді көлемін айтады. Сүтте сүт қышқылы сүт бактериясы әсерінен пайда болады. Жас сүттің қышқылдығы 16-180Т болады. Егер сүт қышқылдығы 27-300Т жетсе, ол сүт іріп кетеді.
Сүт және сүттен істелген тағамдардың қышқылдығын сүт қышқылының массалық процентінде көрсетуге болады. (СН3СНОНСООН молекулалық массасы 90). 1мл 0,1моль/л натрий гидроксидінің ерітіндісі (яғни 10Т) 0,009г сүт қышқылына сәйкес келеді.
Егер сүт қышқылдығы 200Т болса, 100г (не 100мл) сүт үшін сүт қышқылы 20∙0,009 =0,18г не 0,18 мас.% болады.
ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ
100-150см3 көлемді колбаға пипеткамен 10,00см3 сүт құйып алыңдар, оған 20см3 дистильденген су (цилиндрмен өлшенген) құйыңдар (суды Са(Н2РО4)2 және СаНРО4 тұздары гидролизге ұшырауы үшін құяды).
2-3 тамшы 5% фенолфталеин ерітіндісін тамызып, 0,1н натрий гидроксидімен (алдынғы жұмыста дайындалған) қызыл түс пайда болғанға дейін титрлеу керек. Титрлеуді үш рет жүргізіңдер.
Оқытушыға жұмыстың нәтижесін өткізу керек.
Сүт қышқылдығын мына формуламен анықтаңдар:
Достарыңызбен бөлісу: |