Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет160/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

С(х)=Д(х)/Е∙l


Ерітінділерді дайындау:
Көлемі 50мл 4 өлшегіш колба дайындау керек. Осы колбалардың үшеуіне концентрациясы 0,02моль/л калий перманганатының стандартты ерітіндісінен сәйкесінше 1,5; 2,0; 2,5мл енгізу керек. Төртінші колбаға құрамында белгісіз КMnO4 мөлшері бар ерітіндіден алу керек. Барлық колбаларды белгісіне дейін дистильденген сумен жеткізіп, жақсылап араластыру керек.
Аналитикалық сигналды өлшеу
Үш стандартты ерітіндіден бояуының интенсивтілігі жоғары болатынын таңдап, кюветаға белгісіне дейін құйыңыз. Келесі кюветаға салыстыру үшін дистильденген судан белгісіне дейін құйыңыз. Әр түрлі жарық фильтрлерінде оптикалық тығыздығын өлшеңіз. Мәліметтерді келесі кестеге жазыңыз:



Жарық-фильтрлері
λ, нм

Көк
460 нм

Жасыл
540 нм

Қызыл
600 нм

Оптикалық тығыздық






















Максимал сіңіретін жарық фильтрін таңдаңыз. Қалған ерітінділердің оптикалық тығыздығын өлшеңіз. Мәліметтерді төмендегі кестеге енгізіңіз:



КMnO4 ерітіндісінің көлемі

1,5

2,0

2,5

Х

КMnO4 концентрациясы, моль/л













Оптикалық тығыздық















Эксперимент мәліметтерін рәсімдеу
Толқын ұзындығына тәуелді график тұрғызу және жарық фильтрін таңдау себебін негіздеу.
Формула бойынша стандартты ерітінді концентрациясын есептеу:

С(ст)=Val∙ Cбаст (KMnO4)/Vколб

С(ст) -стандартты ерітінді концентрациясы, VаІ аликвот көлемі, Сбаст. –бастапқы концентрация, І –кювета қалыңдығы.
Әр стандартты ерітінді үшін сіңірудің молярлы коэффициентін есептеп, орташа мәнін табыңыз. Кюветаның қалыңдығын сызғышпен өлшеңіз. Құрамында белгісіз КMnO4 мөлшері бар ерітіндінің концентрациясын есептеңіз.




БІР ЕРІТІНДІДЕГІ ДИХРОМАТ ЖӘНЕ ПЕРМАНГАНАТ ИОНДАРЫН АНЫҚТАУ

Дихромат және перманганат иондары ерітінділері түсті болады. Cr2O72- және MnO4- жарық сіңіруі әр түрлі толқын ұзындығына сәйкес келеді. MnO4- максимальды жарық сіңіруі 500-550нм, ал Cr2O72- ионына 430нм сәйкес келеді, бірақ 430нм толқын ұзындығында MnO4- иондары да жарық жұтады. Ерітінді ортасына байланысты




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет