Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


СУЛЬФАТ-ИОНДЫ НЕФЕЛОМЕТРИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН АНЫҚТАУ



бет168/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

СУЛЬФАТ-ИОНДЫ НЕФЕЛОМЕТРИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН АНЫҚТАУ

Әдіс ЕК = 1,110-10 болатын қиын еритін барий сульфаты қосылысының түзілуі реакциясына негізделген.


2+ + SO42- → BaSO4
Тұнба түзілудің бастапқы сатысында нефелометриялық анализ шарттарын қанағаттандыратын біршама тұрақты масса түзіледі. Тұндыруды тұз қышқылының ортасында жүргізеді, ол үшін электролит қолданылады.
Сульфат ионының концентрациясын анықтау үшін градуирлік график әдісі қолданылады. Сондықтан алдын – ала стандартты ерітінділер сериясын дайындайды. Салыстырмалы ерітінді ретінде сульфат ионынан басқа барлық компоненттердің қоспалары алынады. Максимальды майлылыққа жеткеннен кейін салыстырмалы ерітіндіге қатысты көк жарық фильтрінде оптикалық тығыздықты өлшейді.
Сосын дәл осылай анализденетін ерітінді суспензициясын алып, оптикалық тығыздықты өлшейді де график бойынша анықталатын ион мөлшерін табады.
Эксперименттік бөлім:
Градуирлік график тұрғызу. 50мл-лік өлшегіш колбаға пипеткамен 2, 4, 8, 10, 12мл натрий сульфатының стандартты ерітіндісін құяды. Олардың массалары сәйкесінше 10, 20, 40, 80, 100, 120мкг-ға тең. Әр колбаға 10мл-дан электролит және сәйкесінше 18, 16, 12, 10, 8мл дистильденген су қосып араластырады. Сосын әрқайсысына цилиндрмен 10мл-ден 10 пайыздық барий хлоридін қосып, араластырып, көлемін дистильденген сумен белгісіне дейін жеткізеді. Оны 5-10 минут қыздырып, сосын көк жарық фильтрінде салыстырмалы ерітіндіге қатысты оптикалық тығыздықтарын өлшейді. Салыстырмалы ерітіндіні стандартты ерітіндіге сәйкес дайындайды, тек натрий сульфат қосылмайды. Нәтижелер бойынша градуирлік график тұрғызылады.
ІІ. Ерітіндідегі сульфат ионын анықтау
Өлшегіш колбадағы анализденетін ерітінді дистильденген сумен белгісіне дейін толтырылады. Алынған ерітіндіден үш колбаға 10мл-дан аликвот алып, жоғарыда көрсетілгендей суспенция дайындайды, сосын оптикалық тығыздығын өлшейді. Оптикалық тығыздығының орташа мәні бойынша пайдаланып зерттелетін ерітіндідегі сульфат ионының концентрациясын табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет