Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Аппаратура, химиялық ыдыстар, реактивтер



бет157/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Аппаратура, химиялық ыдыстар, реактивтер:
1. 0,05М тиосульфат ерітіндісі
2. құрғақ калий иодидінің тұзы
3. 0,1н күкірт қышқылының ерітіндісі
4. анализденетін мыс(ІІ) сульфатының ≈ 10-3М ерітіндісі
5. амперометриялық құрылғы
6. платина электродтары
Жұмысты орындау
Амперометриялық құралда барлық бөліктері дұрыс қосылып тұрғанын тексереді.
Титрлеу стаканына 10мл мыс (ІІ) ерітіндісін құйып, 25мл күкірт қышқылын қосады, электродтарды салып, тізбекті қосады. Сол кезде катодта мыстың тотығуы жүреді. Гальванометр стрелкасы бір жаққа қарай бұрылады.
0,3-0,5 г калий иодидін салып, магнит араластырғышты қосады. Бұл кезде диффузиялық тоқ бірден азайып, гальванометр нольді көрсетеді. Бұл жағдай мыс ионының толық иодидпен Cu2I2 қосылысын бергенін көрсетеді. Бұдан соң бос йодтың бөлінуі байқалады, тоқ күші өсе бастайды, тоқ күші максимумға келгенде ерітіндіде йод толық бөлініп бітеді. Тағы да 2-5 минут реакция аяқталғанын тосып, титрлеуді бастайды.
Тиосульфат ерітіндісінен 1мл қосып отырып, ерітіндіні араластырып отырып, тоқ күшін жазып отырады. Титрлеу соңында тоқ күші өзгеріссіз қалады. Титрант көлемі – тоқ тәуелділігі қисығынан эквивалент нүктені анықтайды.


V, мл





I, мА




Мыс(ІІ) массасын мына формула арқылы анықтайды, мыс (ІІ) бір электрон қосып алатындықтан, оның эквивалент массасын атомдық массасын бірге бөліп анықтайды:


q = V  N  mэкв.Cu mэкв.Cu = 63,64г/моль
Титрлеуді екі рет жүргізеді.


КОБАЛЬТ (ІІ) ИОНЫНЫҢ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН ФОТОМЕТРИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН АНЫҚТАУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет