Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Екі атомды спирттер (гликольдер)



бет207/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   271
Екі атомды спирттер (гликольдер)

Молекуласында екі гидроксил тобы бар спирттерді екі атомды спирттер немесе гликольдер деп атайды. Гликольдерді халықаралық номенклатура бойынша атау үшін, көмірсутектің атауына «диол» деген жалғауды қосып, гидроксил топтарының орнын көміртегі атомының нөмірімен көрсетеді. Жалпы формуласы СnH2n(OH)2. Гидроксил тобы бір көміртегі атомында тұрса, ондай қосылыс тұрақсыз, сондықтан негізінен гликольдерде –ОН топтары көміртегінің әр атомында орналасады. Егер –ОН тобы қатар көміртегі атомдарында тұрса, -гликольдер деп, 1,3-орында болса, β-гликольдер деп, 1,4-орындарда болса, δ-гликольдер деп аталады.





Алу әдістері


1. Гликольдерді де бір атомды спирттер сияқты алуға болады, сонымен бірге қаныққан көмірсутектердің дигалоген туындыларын гидролиздеп алады:
СН3-СН2-СНСl-СН2Сl + 2Н2О  СН3 – СН2 – СНОН - СН2ОН +2НСl
2. Олефиндерді сутегі асқын тотығымен не калий перманганатымен тотықтырып алады:


Химиялық қасиеттері

Гликольдердің химиялық қасиеттері бір атомды спирттерге ұқсас, бірақ олар реакцияға бір немесе екі гидроксил топтары арқылы түседі. Сілтілік металдармен, сілтілермен толық және толық емес гликоляттар түзеді.

Минералды не органикалық қышқылдармен толық және толық емес эфирлер (жай және күрделі) түзеді.

жай эфир



Үш атомды спирттер

Бұлардың ең қарапайым өкілі - глицерин.


СН2ОН – СНОН – СН2ОН


Үш атомды спирттерді халықаралық номенклатура бойынша атау үшін, көмірсутектің атауына «триол» деген жалғауды қосып, гидроксил топтарының орнын көміртегі атомының нөмірімен көрсетеді.

Мысалы: СН3 – СНОН – СНОН – СН2ОН бутантриол-1,2,3


Глицериннің химиялық қасиеттерін үш гидроксил топтары анықтайды.


1. Гидроксил тобындағы сутегі атомдары сілтілік металдармен қатар басқа металдарға да ауысады, егер олар (темір, мыс, кальций, барий т.б. металдар) гидроксидтерімен әрекеттессе. Оларды глицераттар деп атайды. Көп атомды спирттердің бір қасиеті ауыр металдардың гидроксидтерін ерітеді де комплекс тұздар түзеді, мыс глицераты сияқты.
Мысалы: Глицерин мыс (II) гидроксидімен әрекеттесіп, көк түсті мыс глицератын түзеді.

мыс глицераты




2. Галоген сутектермен әрекеттесіп, моно-, дигалоген глицерин гидриндерін түзеді.
3. Минералды не органикалық қышқылдармен әрекеттесіп, толық және толық емес күрделі эфирлер түзеді. Глицериннің толық азотқышқылды эфирі – глицеринтринитрат не тринитроглицерин алады, ол қопарылғыш (жарылғыш) зат, одан динамит жасайды.
4. Галоген сутектермен әрекеттесіп, моно-, дигалоген глицерин гидриндерін түзеді.
5. Минералды не органикалық қышқылдармен әрекеттесіп, толық және толық емес күрделі эфирлер түзеді. Глицериннің толық азотқышқылды эфирі – глицеринтринитрат не нитроглицерин алады, ол қопарылғыш (жарылғыш) зат, одан динамит жасайды.



Глицерин химия, тамақ өндірістерінде, пластмасса жасауға, косметикалық заттар жасауға қолданылады.


6 Зертханалық сабақтың тақырыбы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет