Физикалық және химиялық қасиеттері
Метил- және метилэтилэфирлері - газдар. Басқа жай эфирлер сұйық заттар. Эфирлер суда жаман ериді, тығыздықтары бірден төмен, өздеріне тән хош иістері болады. Сәйкес спирттерге қарағанда қайнау температуралары төмен, себебі эфирлер молекулалары арасында сутектік байланыс жоқ. Жай эфирлер бейтарап, активтіктері төмен қосылыстар. Сұйылтылған минералды қышқылдар, сілтілер, металл натрий, РСl5 суық жағдайда жай эфирлерге әсер етпейді.
1. Жай эфирлер қышқылдарды қосып алады, қышқылдың протоны эфир оттегісінің бөлінбеген электрондарына қосылып, аммоний тұздары сияқты оксоний тұздарын түзеді:
(C2H5)2O + НСl [(C2H5)2O-H]+Cl-
2. Ацидолиз. Концентрлі қышқылдар (Н2SO4, НІ) жай әфирлерді бұзады:
(С2Н5)2О + 2Н2SO4 → 2С2Н5ОSO3Н – этилсульфат + Н20
3. Металл натрий да қыздырған кезде жай эфирлерді бұзады:
(С2Н5)2О + 2 Nа → С2Н5ОNа + С2Н5Nа (П.П. Шорыгин реакциясы)
Ең көп қолданылатын жай эфир - этил эфирі, эфирді сақтаған кезде ол тотығып, жарылғыш перекисті қосылыс түзеді, сондықтан эфирді қолданбастан бұрын тексеру керек: ол үшін эфир үлгісін калий иодидінің ерітіндісімен шайқағанда перокид болса, иод бөлінеді. Эфирді тазалау үшін FеSO4 ерітіндісін қолданады.
Этил эфирі еріткіш ретінде, медицина наркоз ретінде қолданылады.
№ 7 Зертханалық сабақтың тақырыбы
Жай эфирлер алу және химиялық қасиеттері
Жұмыстың мақсаты: Жай эфирлерді алу және олардың қасиеттерін зерттеу.
Реактивтер мен құралдар: амил спирті, сірке қышқылы, концентрлі күкірт қышқылы, этанол, 2н натрий гидроксиді, спирт шамы, пробиркалар.
Достарыңызбен бөлісу: |