Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


-тәжірибе. Спирттен йодоформның түзілуі



бет209/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   271
4-тәжірибе. Спирттен йодоформның түзілуі
Жұмыс барысы: Пробиркаға 0,5мл этил спиртін және 3-4 тамшы калий иодидінде еріген йод ерітіндісін құяды да араластырады, сосын 0,5мл натрий гидроксидін қосады. Қоспаны аздап қыздырады(қолмен қыздырса да болады), сонда ақ түсті өзіне тән иісі бар йодоформ қалқымасы (тұнбасы) пайда болады. Егер қалқыма жоғалса, тағы 2-3 тамшы йод ерітіндісін тамызу қажет. Бірер минуттан соң кристалдар пайда болады. Дәл осылай пропонол-1 спиртімен тәжірибені қайталау керек. Реакция теңдеуін жазу керек. Кристалдың түсі қандай? Екі спиртпен де осы реакция бірдей жүрді ме? Осы реакцияны спирттерге сапалық реакция деп айтуға бола ма?
Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1. Натрий этилатының түзілу реакциясын жазыңдар. Сутек бөлінуі тоқталған соң су қосқанда ақ тұңбаның жойылуын түсіндіру керек.
2. Этиленнен сірке альдегидін алу үшін жүргізілетін реакция теңдеулерін жазу керек.
3. Натрий пропилатының алу тәсілдерін көрсету керек.
4. Спирттерді сусыздандыру үшін концентрлі күкірт қышқылын қолдануға бола ма? Ректификат-спиртте су бола ма?
5. Келесі ауысуларды жүзеге асыру керек
СаС2  С2Н2  С2Н4  С2Н5ОН  С2Н5ОNa


Дәріс 38. ЖАЙ ЭФИРЛЕР


Жай эфирлердің түзілуі. Оларды алу.
Физикалық және химиялық қасиеттері. Қолданылуы


Жай эфирлерді су молекулаларындағы екі сутегі атомдары алкил радикалдарына ауысқан деп не спирттің гидроксиліндегі сутегі атомы бір алкил радикалына ауысқан деп қарауға болады. Жай эфирлердің жалпы формуласы R – О - R не R – О - R1. Бірінші жағдайда екі радикал бірдей, екінші эфирде – радикалдар әртүрлі, сондықтан олар аралас эфирлер деп аталады. Жалпы формулалары СnH2n+2O бойынша эфирлер спирттерге изомер болады. Жай эфирлердің изомерлері мен номенклатурасы (атауы) радикалдар сипаттарына байланысты болады.
СН3-О-СН3 диметил эфирі; С2Н5-О-С2Н5 диэтил эфирі; СН3-О-С2Н5метилэтил эфирі.
Алу әдістері


1.Галогентуындылардың алкоголяттармен реакциясы - Вильямсон реакциясы:

С2Н5ОNа +І – С2Н5 → (С2Н5)2О + NаІ




2. Спирттердің (Н2SO4 конц.қатысында) дегидратациясы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет