Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет267/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Вариант 3

  1. Мына кестеге сәйкес жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек:


Функционалды Х және У топтарын анықтап, барлық жүретін реакциялардың жағдайларын көрсету керек.

  1. Метанол мен этиламин қоспасының буы жететіндей мөлшердегі оттегі жанғанда 43,2г су және 4,48л (қ.ж.) газ түзілген, бірақ бұл газ натрий гидроксиді ерітіндісімен жұтылмайды. Жүрген реакциялар теңдеулерін жазып, этиламиннің алғашқы қоспадағы массалық үлесін анықтау керек.



Вариант 4
1. Мына кестеге сәйкес жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек:

Функционалды Х және У топтарын анықтап, реакциялардың жүретін жағдайларын көрсету керек.
2. Фенол мен изопропиламин қоспасы жеткілікті мөлшердегі оттегіде жанғанда 13,5г су және 1,12г (қ.ж.) түзілген газ натрий гидроксиді ерітіндісінде жұтылмайды. Жүрген реакциялар теңдеулерін жазып, алғашқы қоспадағы изопропиламиннің массалық үлесін есептеу керек.


Вариант 5

  1. Мына кестеге сәйкес жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек (реакциялардың жүру жағдайларын көрсету керек):

С4Н5Na → С4Н6 → С4Н8О → С4Н11О2N
Теңдеулерде реагенттер мен реакция өнімдерінің структуралық формулаларын жазып, аттарын атау керек.

  1. Майдың толық қышқылдық гидролизі нәтижесінде 55,6г линолен қышқылы (С17Н29СООН) және 9,2г глицерин түзілген. Сонымен бірге гидролиз нәтижесінде түзілген олеин қышқылының (С17Н33СООН) массасын есептеу керек.

Вариант 6

  1. Мына кестеге сәйкес жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек (реакциялардың жүру жағдайларын көрсету керек):

С3Н8О → С3Н6О2 → С3Н5СIО → С3Н5О2Nа → С6Н12О2
Теңдеулерде реагенттер мен реакция өнімдерінің структуралық формулаларын жазып, аттарын атау керек.

  1. Массалары бірдей мөлшерде алынған пропанол, пропион қышқылы және фенол араластырылған. Осы қоспамен ас содасының тек 5,68г ғана реакцияға түседі. Алынған заттар қоспасының осындай өлшемімен натрий гидроксидінің қанша максимал массасы әрекеттеседі?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет