Вариант 1 1. Мына кестеге сәйкес жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек:
С10Н12 → С3Н6О2 → С3Н5ОСI → С10Н12О2 Теңдеулерде заттардың структуралық формулаларын жазып, реакцияның жүру жағдайларын көрсету керек.
2. Сірке және құмырсқа қышқылдары қоспасындағы формальдегид ерітіндісінің жалпы массасы 2,33г. Бұл ерітінді 8,4%-ті (ρ=1,07г/мл) 18,7 мл калий гидроксиді ерітіндісімен әрекеттеседі. Бұл жағдайда алынған ерітіндіні күміс нитратының сулы-аммиакті ерітіндісінің артық мөлшерімен қыздырған кезде 9,72г тұнба пайда болады. Алғашқы қоспадағы компоненттердің мольдік үлесін анықтау керек. Жауабы: 10% НСООН; 50% СН3СООН; 40% Н2СО.
Вариант 2 1. Мына кестеге сәйкес жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек.
С8Н14 → С3Н6О2 → С3Н5О2Сl → С3Н10О2N2 Теңдеулерде заттардың структуралық формулаларын жазып, реакцияның жүру жағдайларын көрсету керек.
2. 1,82г сірке және құмырсқа қышқылдары қоспасындағы формальдегид ерітіндісі 18,9мл 6,0%-ті (ρ=1,06г/мл) натрий гидроксидімен толық әрекеттеседі, ал бұл жағдайда алынған ерітіндіні сулы-аммиакты күміс оксиді ерітіндісінің артық мөлшерімен қыздырса, 8,64г тұнба түзіледі. Алғашқы қоспадағы компоненттердің мольдік үлесін анықтау керек.